«Туризм және сервис» кафедрасы Пән: «Жетісу өлкетануы»


Тамшыбұлақтың туристік- рекреациялық мүмкіндігі



бет53/61
Дата01.05.2022
өлшемі126,95 Kb.
#141589
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   61
Байланысты:
Жетісу өлкетану сессия.docx (копия)

84. Тамшыбұлақтың туристік- рекреациялық мүмкіндігі.
Тамшыбұлақ бұлағы – Ақсу ауданындағы Қапал ауылының орталығында орналасқан көне заманнан келе жатқан, тастан қаланып салынған ескі зираттардың астын үңгіп, тас қабырғаларды жарып шығып, тамшылардан құралып ағып жатқан қасиетті бұлақ. Бұл бұлақтың мөлдір суын жергілікті тұрғындар көне заманнан бері әр түрлі ауруларды (көз, асқазан, сүйек – буын, жүйке аурулары және т.б.) емдеуге қолданған. Тамшыбұлақ табиғаты өте шұрайлы жерде орналасқан. Бұлақ қойнауы қысы-жазы көк шөптермен көмкеріліп, суықта бұлақ суы қатпай, тамшылап ағып тұрады. Бұлақтың аты осыдан шыққан. Тамшыбұлақтың суы адам денсаулығына шипалы һәм пайдалы екенін ғалымдар да мойындаған.
Тамшыбұлақты алғаш рет зерттеп, сол туралы тарихи деректерді 1859-1865 жылдары атақты саяхатшы, этнограф Ш. Уәлиханов жазған. ІХ ғасырдың екінші жартысында бұл жерде белгілі ғалым, географ, тарихшылар Ш. Уәлихановпен бірге Н. Потанин, Семенов-Тянь-Шяньский болып, бұлақтың өзіндік қасиетіне таң-тамаша қалған.
Тамшыбұлақты зерттеп, артында мол деректер қалдырған Шоқан Уәлиханов көне көз қариялардан мынандай аңыз жазып алған екен: «Күн сәулесіне құбылған Тамшыбұлақтың тамшылары бірін-бірі сүйген сұлтанның қызы мен шопанның ұлының көз жасы екен». Сұлтанның қызы Баян әр түн сайын осы қасиетті Тамшыбұлақ шипалы суына келіп, өзінің ауыр тағдырын айтып жылаған екен. Міне, тамшылап тұрған тамшылар – Баян қыздың көз жасы». Сонымен қатар, 1850-1870 жж. Жетісудың аңыздары мен әңгімелерін жинаған Г. Потанин Тамшыбұлақ туралы керемет мінездеме, сипаттама жазып кеткен.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   61




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет