«Туризм және сервис» кафедрасы Пән: «Жетісу өлкетануы»


Киелі жерге келіп, табиғатына таңғалған ағылшын саяхатшысы Томас Аткинсон Алатау бөктерінде дүниеге келген ұлының атын Алатау Тамшыбұлақ деп қойған



бет54/61
Дата01.05.2022
өлшемі126,95 Kb.
#141589
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   61
Байланысты:
Жетісу өлкетану сессия.docx (копия)

Киелі жерге келіп, табиғатына таңғалған ағылшын саяхатшысы Томас Аткинсон Алатау бөктерінде дүниеге келген ұлының атын Алатау Тамшыбұлақ деп қойған. Және 1869 жылы Санкт-Петербург қаласында «Вокруг света» журналында Қапал өңірінің табиғаты мен шипалы сулары туралы алғаш сипаттама беріп, мақала жариялаған. Осындай таңғажайып жерді суретке де салып кеткен. Шипалы су әлі күнге дейін өз қасиетін еш жоғалтқан емес. Жергілікті халық, ауылға келген қонақтар дертке дауа ретінде пайдаланып келе жатыр. Сонымен қатар, Қапал ауылында шипалы суға қысы-жазы шомылып, шынығып жүрген азаматтар да бар. Қалай болғанда да ертегідей табиғат жаратылысы Тамшыбұлақтың сыры әлі толық ашылмағандай. Жүздеген тамшының сыбдыры ғасырлар қойнауынан сыр шертіп, көптеген құпияны айтқысы келетіндей. Тілі болса тамшының да айтар ойы бар. Суының тамшысынан табиғи перде жасап, тырсылдап жатқан бұлақтың суы ауруға шипа, дертке дауа екен.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   61




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет