Турлыбекова а. Б., Алимбетов м. О., Абдикаликова н. Б., Балабеков о. К



бет35/56
Дата19.09.2023
өлшемі5,69 Mb.
#181553
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   56
Байланысты:
токыма жабдыктары

Ремизка көтеруші тасымалдауыш


Аталған тасымалдауыш біріге әрекет етуші қос механизмдерден, яғни: ремизканы көтеруші механизмнен және ремизканың көтерілу кезегін басқаратын сурет құралынан тұрады. Тасымалдауыш әдетте негіз бойынша раппортта көп мөлшерде теңдей айқасатын негіз жіптері (32 аспайтын) болатын жағдайда ғана қолданылады. Көпшілік тасымалдауыш ремизканың көтерілуі қосиіні механизмнен барып - қайтушы қозғалысты алатын пышақтың көмегімен іске асырылады.


Тасымалдауыш толық ретіндегі немесе толық емес ретіндегі күзу үшін де арнаулы болып табылады. Олардың пышағы толық циклді қозғалыс жасайды немесе басты біліктің бір айналымы бойы қозғалыс жасайды, мұндай жағдайда оларды бір көтермелі деп атаса, ал екі айналым бойында қозғалыс жасаса, онда оларды қос көтермелі деп атайды. Бір көтермелі тасымалдауыштарды баяужүрісті тоқыма станоктарында орнатса, ал қос жүрісті тасымалдауыштарды жылдам жүруші тоқыма станоктарында орнатады.
Тасымалдауышта әрбір ремизканың қозғалыс циклі өзіндік болып табылады және басқа ремизкалардың қозғалыс цикліне тәуелді болмайды.
Біркөтермелі тасымалдау ашық және жабық күзуді қалыптастырса, ал қоскөтермелі тасымалдау жартылай ашық күзулерді қалыптастырады.
Жартылай ашушы қоскөтермелі тасымалдауыш. Аталған тасымалдауыш автоматты тоқыма станоктарда кең түрде қолданылады. Онда әрбір ремизканы көтеру үшін екі ілмек: балансирлеуші деп аталатын тұтқышпен 3 байланысқан жоғарғы 1 (сурет 61) және төменгі
2 ілмектер қызмет атқарады. Осы тұтқыш ұшында ремизка ілінген 5 тырнашаның 4 құйылмасында топсалы түрде бекітілген.

Сурет 61. Жартылай ашық қоскөтермелі тасымалдауыш сұлбасы



Тоқыма станогы жұмыс істеу барысында қосиінді механизм кескіндеме бағытта орын ауыстыратын пышаққа барып келу қозғалысын хабарлаушы айқастырма деп аталатын үш иықты тұтқышты 6 тербелмелі қозғалысқа келтіреді.

Пышақтар ілмектерді қармап, тырнашалар арқылы сәйкесінше ремизкаларды жоғары көтереді. Ремизкалар төменге аталған ремизка астында орналасатын төменгі тасымалдауыш серіппелері көмегімен іске асырылады. Ілмектерді жоғары көтеру және төмен түсіру үшін арнайы ілмектер 9 қызмет атқарады. Шабындықтар екі түрде болады: бірінші түрінде
төменгі ұштарында ілмектері болса, ал екінші түрі тік серіппе арқылы 10 жоғарғы ілмектер болады. Шабындық станок өсінде жүйелі түрде орналасады: бірі төменгі ілмек үшін, ал екіншісі жоғарғы ілмек үшін арналады.
Станок жұмыс істеу барысында пышақтар қарама қарсы бағытта қозғалысқа ие болады, яғни, жоғарғы пышақ сол жаққа қозғалғанда, ал төменгі пышақ оң жаққа қозғалады. Қатырма қағаз 11 тақтайшасының саңылауына суретті айқаспаға сәйкес келетін қазықшаларды ұрады. шабындықтарға белгілі тәртіппен сәйкесінше суретті айқаспаларға сәйкес сегіз бұрышты призманың көмегімен орын ауыстыратын қатырма қағаз картасының 11 қазықшасын әсер етеді. Призманың бұрылуы барысында шабындықтар астындағы бір бұрышқа қазықшасын ұрылған қатырған қағаздың жаңа картасы қойылады. Бір біріне қарама қарсы келетін шабындықтардың бір бөлігі бұрылады да, осының нәтижесінде олардың сол жақ ұшы көтеріліп, ал оң жақ ұшы төмен түседі. Шабындықтардың оң ақ ұшының ілмектердің төмен түсуіне алып келеді, олар төмен түсе отырып пышақтың қозғалыс жолында тұра отырып, сәйкесінше ремизканы көтере отырып пышақпен бірге қозғала бастайды.
Пышақтар қозғалудың толық бір цикілін орта біліктің бір толық айналымы немесе басты біліктің толық екі айналымында жасйды.
Жартылай ашық күзу келесі жағдайда қалыптасады (61 суретті қараңыз). Күзудің екі қалыптасу жүйелілігі барысында ремизка көтерілген күйде болды деп ойлайық. Орта біліктің жартылай айналымы барысында жоғарғы пышақ сол жаққа бұрыла отырып, тырнаша 4 және балансирді 3 сағаты тіліне қарама карсы бұра отырып жоғарғы ілмекті өзімен бірге тартады. Осының нәтижесінде төменгі тасымалдау серіппесін кере отырып ремизка 5 көтеріледі. Ал орта біліктің екінші дарты айналымында жоғарғы пышақ оң жаққа қарай орын ауыстырады, ал төменгісі сол жаққа орын ауыстырады. Өйткені ремизка орта біліктің толық бір айналымы барысында көтерілген күйде болуы керек, сонда төменгі ілмек 2 төменге түсірілген және төменгі пышақтың әсер етуші сызығында тұрақталады. Жоғарғы пышақ оңға, ал төменгі пышақ солға орын ауыстыру барысында ремизка 5 төменгі пышақ онымен және ілмек 2 аралығындағы саңылаудан өтпей тұрып төмен түсіріледі. Осыдан соң төменгі пышақ ілмекті шаншып алып ремизканы жоғары көтереді. Демек, шекті күйдегі пышақ және ілмек аралығындағы саңылау қатарларының себебінен жартылай ашылатын күзу пайда болады.




Сурет 62. Жабық күзулі біркөтермелі тасымлдаудың сұлбасы.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   56




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет