Турлыбекова а. Б., Алимбетов м. О., Абдикаликова н. Б., Балабеков о. К



бет32/56
Дата19.09.2023
өлшемі5,69 Mb.
#181553
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   56
Байланысты:
токыма жабдыктары

Күзу ашылуы


Тігінен ремизкалардың орын ауыстырылуы нәтижесінде, бірі көтеріліп, ал екіншісі түсетін, екі бөліктегі барлық негізгі жіптерді жүйелі бөлінетінін алдын ала өндіретін мата жиегіне бердомен соғылып арқау жіпті салатын күзу ашылуына қажетті болып табылады.



Сурет 54. Күзудің ашылуы


    1. Күзудің сипаттамасы


Ремизканың тігінен орын ауыстырылуы барысында негіз жіптерінің көтерілген және түсірілгендегі аралығында күзу (сурет 60) деп аталатын кеңістік пайда болады, ал негіз жіптерінің көтерілу және түсірілу процессі күзу ашылуы деп аталады.


Күзу биіктігі h деп негіз жіп вертикаль бойынша орналасатын аса үлкен арақашықтықты айтады.
Күзу ұзындығы L-мата жиегінен А ламелге немесе бөлуші шыбықшаға В дейінгі ара қашықты айтады. Күзудің алдыңғы бөлігі ұзындығын l1 тереңдігі деп, ал күзудің артыңғы бөлік ұзындығын l2 шығарушы деп атайды.



Сурет 55. Тоқыма станогында күзудің қалыптасуы:


1-негіз; 2-мата

Күзу біруақытта негіз жіптің бір бөлігін көтеріп немесе екінші бөлігін түсіру нәтижесінде ғана қалыптаспайды, сонымен қатар негіз жіптің бір бөлігін түсіру немесе жоғары көтеріп, ал екінші бөлігі өз қалпында қалғанның өзінде де қалыптаса береді. Бірінші жағдайда күзуді толық деп, ал екінші жағдайда (сурет 55) толық емес деп атайды. Толық емес күзу оның қалыптасуы барысында негіздің бөлікті жіптері жоғары немесе төмен ауытқуына байланысты жоғарғы немесе төменгі болуы мүмкін.



Сонымен бірге толық ретінде немесе толық емес күзулер ретінде күзулер жабық, ашық және жартылай ашық (сурет 56) болып табылады.

Сурет 56. Күзу сұлбасы:


а – толық; б – жоғарғы толық емес; в – төменгі толық емес

Жабық күзу деп басты біліктің әрбір айналымында негіздің барлық жіптері бір күйге келіп, заступ фазасына енетін және үзілгіштікті алдын алу барысында жіптерді ремизка және бердоға сабақтауды оңайлататын кішігірім керіліске ие болатын күзуді атайды. Жабық күзудің кемшілігі ретінде барлық жіптер қозғалыста болуы болып табылады. Бұл өз кезегінде олардың үйкеліске түсуін қабылеттендіреді.




Сурет 57. Орнына келу барысындағы күзу сұлбасы:
а – жабық; б – ашық; в – жартылай ашық

Ашық күзу деп басты біліктің әрбір айналмалы қозғалысы барысында негіз жіптердің барлығы орта күйге келмейтін және тек қана бір бастапқы күйден екінші күйге келетін жіптер ғана келеді, ал қалған негіз жіптері өздерінің бастапқы күйлерінде қала беретін күзу түрін атайды. Сонымен қатар күзуде негіз жіптер аз қозғалысқа түскендіктен, үйкеліс процессі де төмен болады. бірақ шеткі күйде тұратын жіптер аса күшті кернеулікте сыналады.

Жартылай ашық күзу деп басты біліктің әрбір айналымында негіздің барлық жіптері бір деңгейге келетін күзу түрін айтады. Орта деңгейге өзінің күйін өзгерте алатын негіз жіптер ғана келеді. Төменгі күйде тұрған негіз жіптердің бір бөлігі басты біліктің келесі айналымы барысында сол күйде қалуы қажет. Ал жоғарғы күйде болған негіз жіптің бір бөлігі басты біліктің келесі айналу қозғалысы барысында да сол күйінде қалуы қажет.
Орнын басу барысында жоғары күйдегі негіз жіптер ортаңғы деңгейге жетпей түсіріліп, содан қайта көтеріледі.
Егер күзу ашылуы барысында барлық ремизкалар бір деңгейде көтеріліп немесе түсірілсе, онда күзу таза болып шықпайды (сурет 58). Таза күзу негіз жіптің барлығы онда өндірілген мата жиегінен оның бірінші ремизкасына дейінгі екі кеңістікте бір бұрыш қалыптастыру барысында ғана қалыптасады. Таза емес күзудың пайда болуы жоғары көрсеткішті үзілгіштікке және қайықтардың тоқу барысында өз өсінен шығып кетуіне алып келеді. Сондықтан да күзу таза болып шығуы үшін артыңғы ремизкалардың көтерілу биіктігі және түсірілу деңгейі алдыңғы ремизкалардың көтерілу биіктігі және түсірілу деңгейінен жоғары болуы керек.




Сурет 58. Таза емес (а) және таза (б) күзулер

Күзу биіктігі сәйкесінше өлшемдегі қайықтың ұшып өтуі үшін жеткілікті болуы керек, бірақ оның биіктігі шамадан тыс биік болмауы керек, өйткені негіз жіптері мұндай жағдайда артық керіліске ие болады. Күзу тез, бірақ баяу ашылуы қажет, өйткені, егер керісінше болған жағдайда негіз жіптерінің үзілгіштігі жоғары болады. Сондықтан да күзудің ашылуының бастапқы кезінде күзу аса жылдам, ал
соңғы жағында баяу қозғалуы керек.





    1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   56




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет