Турлыбекова а. Б., Алимбетов м. О., Абдикаликова н. Б., Балабеков о. К


Мата тоқу станоктарының негізгі механизмдері және жұмыс жасау ережелері



бет31/56
Дата19.09.2023
өлшемі5,69 Mb.
#181553
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   56
Байланысты:
токыма жабдыктары

Мата тоқу станоктарының негізгі механизмдері және жұмыс жасау ережелері


Тоқыма станогының белгілері айқаспа жолымен негіз және арқау жіптерінен матаны алумен негізделеді. Бұл өз кезегінде тоқыма станогындағы әр түрлі механизмдердің әрекеттіктерінің сәйкесінше орындалуы барысында іске асырылады.


Тоқыма станогының негізгі механизмдері ретінде:

      1. Жетек механизмі.

      2. Күзу ашушы механизм.

      3. Күзу арқылы арқау жіптерін салушы соққы механизмі.

      4. Арқау жіпті бердомен мата жиегіне ұратын батанды механизм.

      5. Өндірілген матаны алып, бойлық бағытта негіз жіптерді ауыстыратын тауарлы механизм.

      6. Тізбе ораушысынан негізді түсіретін және онда белгілі керілісті қамтамасыз ететін негіздік тежегіш немесе реттегіш.

      7. Сақтандырғыш және басқа да механизмдер.

Жоғарыда аталған механизмдерден басқа автоматты тоқыма станогы, мысалы арқауды ауыстыратын механизмге де ие болып табылады. Бірнеше қайықпен жұмыс істейтін станок көп қайықты механизмге ие, ал қайықсыз станоктар - әрбір күзу үшін арқауды өлшеуші механизмге ие болып табылады.


    1. Тоқыма станогындағы жетек және қозғалысты беру


Заманауи тоқыма станоктары қозғалысты аталған станоктың басты білігінің айналмалы қозғалысын қамтамасыз ететін жеке электроқозғалтқыштан алады. Станоктың басты білігінен қозғалыс тікелей орта білікке беріледі, бірақ басты біліктен қарағанда орта біліктің айналу жиілігі екі есеге төмен болады. шылбырмен қозғалыс батанға беріледі.


Орта білік қозғалысынан соққы және күзу ашпалы механизмдер, сонымен қатар сақтандырғыш механизмдер – арқаулы шанышқы және бірқатар станоктарда – негізгі бақылағыштар қозғалыс алады. Батаннан қозғалысты әдетте тауарлы реттегіш және негіздік тежегіш алса, сонымен қатар арқауды алмасытрғыш механизм де қодғалыс алады.
Станокты аса баяу іске қосу үшін электроқозғалтқыштан басты білікке тегершікті беріліс жағдайында, аталған беріліске үйкеліс ілінісі жалғастырғыш қосылады. Станокты іске қосу және тоқтату электроқозғалтқышты тоқтатпай ақ үйкеліс ілінісін жалғастырғышты өшіріп немесе іске қосу жолымен іске асырылады.
Станок тоқтаған кезде басты білікті тез тоқтату үшін басты білік тежегіші деп аталатын тежегіш қолданылады.




    1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   56




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет