Турлыбекова а. Б., Алимбетов м. О., Абдикаликова н. Б., Балабеков о. К


Күзу ашылуы процессі кезіндегі ремизка қозғалысы



бет34/56
Дата19.09.2023
өлшемі5,69 Mb.
#181553
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   56
Байланысты:
токыма жабдыктары

Күзу ашылуы процессі кезіндегі ремизка қозғалысы


Механизмдер құрамына ремизканы ремизка көтеруші тұтқышпен байланыстырушы ремизка көтеруші тұтқышы және құрылғылары бар эксцентрикті жиынтықтары кіреді. Осы құрылғылардың құрастырылуына байланысты эксцентрикті ремизка көтеруші механизмдерді ремизка қозғалысына тәуелді және тәуелсіз етіп екіге ажыратады.


Ремизка қозғалысына тәуелді механизмде әрбір ремизканың қозғалысы басқа ремизкалардың қозғалысына байланысты болып келеді. Ал ремизка қозғалысына тәуелсіз механизмдерде әрбір ремизкалар қозғалысы басқа ремизкалар қозғалысына байланысты емес.
Ремизка қозғалысына тәуелді эксцентрикті механизм. Станоктың ортаңғы білігінде эксцентрититтері бір біріне 1800 жылжытылған екі эксцентрик тер 1 және 2 (60, а суреті) бекітілген. Айналуы барысында эксцентриктер тұрақты тұтқыштардың білікшесін қысады, осының нәтижесінде сәйкес келетін ремизкалар көтеріледі немесе түсіріледі. Тұрақты тұтқыштар ремизканың төменгі тақтайшысымен байланысқан, ал оның жоғарғы тақтайшалары r және r1 радиустағы екі білікшеге бекітілген. Білікшелер қос ремизкалар қозғалысын байланыстырады, яғни, егер ремизка өз эксцентригі әсерінен төмен түссе, онда білікшелерді бұра отырып белдікше екінші ремизканың көтерілуіне және керісінше орындауын іске асырады.
Ортаңғы білік қозғалысты басты біліктен алады. Ортаңғы біліктің айналу жиілігі басты біліктің айналу жиілігінен екі есеге төмен болады, сондықтан да бір күзудің қалыптасуы ортаңғы біліктің жарты айналымында іске асады.
Ремизка қозғалысына тәуелсіз эксцентрикті механизм. Эксцентриктер 1 және 2 (60, б суреті) сәйкесінше ремизкаларды көтере отырып тұрақты тұтқыш білікшелеріне әсер етеді. Ремизканың жоғарғы ұшы тұрақты тұтқышпен тартпа 5 және 6 арқылы қосиықты тұтқышпен 3 және 4 байланысқан. Ал ремизканың төменгі ұшы серіппелермен 7 және 8 байланысқан.

Сурет 60. Күзу ашушы механизмдері эксцентриктерінің схемасы:

а – ремизка қозғалысына тәуелдісімен;б – ремизка қозғалысына тәуелсізімен үлкен радиусты эксцентрик аймағының тұрақты тұтқыш білікшесіне әсер етуімен сәйкесінше ремизка көтеріледі, ал серіппенің әсерімен төмен түсіріледі. Ремизканың кідірісі сәйкесінше эксцентрик пішінімен қамтамасыз етіледі. Мұндай механизм 2–8
ремизкалармен жұмыс істеуге мүмкіндік береді.





    1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   56




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет