Турлыбекова а. Б., Алимбетов м. О., Абдикаликова н. Б., Балабеков о. К


Тоқыма станогының басқару панельдері



бет30/56
Дата19.09.2023
өлшемі5,69 Mb.
#181553
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   56
Байланысты:
токыма жабдыктары

Тоқыма станогының басқару панельдері


Пернетақталы дисплейге қосымша сонымен бірге интербелсенді сенсорлы экран бар, ол станоктың кейбір параметрлерін локальді түрде орнатады. Транспондердің картасы станоктың электронды теңшеулеріне тікелей қол жеткізуге болады, олар станок микропроцессорынан компьютерге берілуі мүмкін, немесе, керісінше USB-карта жадының көмегімен станокқа берілуі мүмкін. Ethernet қосылуы станоктың информациялық жүйесін корпоративті желісі интегрирледі, ол мониторингке және интернет-қосымша көмегімен технологиялық процесті баасқаруға қол жеткізуге болады.


Басқару терминалынан күзу қалыптасуы үшін, арқау төселуіне, мата тығыздығына және негіздің керілуіне арналған программаланған теңшеулердің тұтастай қатарына қол жеткізуге болады. Мысалы, заступ сәті автоматты түрде орнатылған болуы мүмкін, ал машина жылдамдығы матаның оңтайлы сапасын алу үшін программаланған немесе реттелген болуы мүмкін.
Picanol Pattern Editor компьютерлік технология редактрі компьютерде матаның жаңа артикулдерін құру үшін қолданады.
Picanol Style Administration технологиясы тоқу станогы қолданыстағы теңшеулер басқарылымында жұмыс жасап жатқан уақытта маталарды жасаудың жаңа теңшеулерін дайындауға тағайындалған.
EasyStyle технологиясы станоктың оңтайлы теңшеулерін таңдауда көмектеседі: ол мәліметтер базасынан алынған, PICANOL станоктарында жасалған жұмыс тәжірибесін есепке ала отырып, анықталған артикулдар үшін оңтайлы теңшеулерді жасайды.
OptiStyle технологиясы OMNIplus800 станоктарында өндірістің тиімділігін жоғарылату аспаптарымен немесе тез, интербелсенді формада параметрлерді орнатумен: жай ғана мәселені көрсетеміз, және жүйелі станоктың ағымдағы теңшеулерінің параметрлерін және техникалық сипаттамасын есепке ала отырып түзетілетін іс-әрекеттерді ұсына отырып, мата тоқудың технологиялық процесін қамтамасыз етеді.
Станок конструкциясындағы негізгі бір инновациялардың бірі майлы салқындатқышты жүйесі бар SUMO қозғалтқышы болып табылады, ол магнитті кедергілердің өзгеруінің технологиясы негізінде және станокты тікелей, ременді беріліс және қысу, тежеу механизмі мінсіз қозғалысқа келтіреді.
SUMO қозғалтқышының роторы тұтас метальды, магнитсіз немесе орамасыз. Статор орамалы катушкалы секциялардан тұрады, олар электронды түрде қосылады, қозғалушы магнитты поляны жасайды. Бұдан бөлек, станоктың электронды басқару жүйесі станок жұмыс жасап жатқан кезде автоматты түрде жылдамдығын өзгертуге мүмкіндік береді.
Тоқу станогы алғашы арқау жіпті енгізгеннен бастап-ақ толық жылдамдыққа дейін тездетеді. Қозғалтқыштың жылдамдығын орнату ток жиілігін түрлендіруші қондырғысыз, электронды әдіспен жүзеге асырылады, осыдан барып қондырғының энерго тұтынуы айтарлықтай азады.
SUMO қозғалтқышының және басты біліктің қысусыз және тежегішсіз тікелей жетегінің комбинациясы электр энергиясын тұтынуды өзге әдеттегі жетектермен салыстырғанда 10% аса төмендетеді. Сонымен қатар, ауа алмастыруға арналған кондиционерге кететін энергия құныда азаяды, себебі тоқу цехындағы қозғалтқыштан бөлінетін жылу азаяды.

Сурет 44. Тоқу станогының шеткі механизмдері (шпаруткасы)



Flexispeed (стандартты жинақ) нұсқасында өзгеретін жылдамық станок тоқтап тұрған кезде қадамды әдіспен бағдарламалынады. Multispeed опциясы станок жұмыс жасап тұрған кезде де жылдамдықты реттеп отыруға мүмкіндік береді, ал Optispeed опциясы арқау жібінің түсі мен типі және ақаспа түріне сәйкес жылдамдықты өзгерту автоматты түрде орнатуға мүмкіндік береді.

Станок SUMO басты қозғалтқышынан қозғалыс алатын, толық автоматты «бастапқы іздеу» жүйесіне ие. Арқау жіп үзілген жағдайда станок тоқтайды, ал қайтадан қозғалысқа мата айқаспалардың суреттері сәйкес келген сәтте ремизкалар келтіреді. Тоқу станогының конструкциясын жасау кезінде тоқылатын матаның енін бердо орталығына қатысты ассиметриялы немесе симметриялы түрдетез өзгерте алу мүмкіншілігіне көп көңіл бөлінді.


Станокты басқарудың басқа жаңа технологиясы Quick Style Change (артикулды тез ауыстыру) патенттелген жүйесі болып табылады, ол 30минутқа жетпей ақ артикулы ауыстыруға мүмкіншілік береді. Бұл үлгілік (ауыспалы) раманың тоқу навойы, скаласы және тірегі, негізді жіберу механизмімен, негіз жіп үзілу кезіндегі тоқтату механизмімен, ремизкамен, бердомен және катушкамен бүкіл артқы бөлігін ауыстыру жолы арқылы қолжеткізіледі. Ауыстырылған артикулмен жасалынған матаға керекті барлық параметрлерді орнату және негіздерді сабақтау фабриканың тоқу цехының сабақтау бөлімінде орындалуы мүмкін.




Сурет 45. Тоқу станогында арқау жіпті ұстаушы (нитеуловитель)

OMNIplus800 тоқу станогының қаңқасы
жаңа конструкцияға ие, оның бүйірінегі рамалар ауыр, аралық рамалар нығайтылған және сырты өзгертілген көлденең байланысқан. Мұндай қатты конструкция станоктың мүлде дірілсіз жұмысын қамтамасыз етеді. Күзу түзу параметрлері автоматты түрде орнатылуы мүмкін, ал станоктың жұмыс жылдамдығы мата сапасын көзбен қарап бақылаумен реттелуі мүмкін.
Арқау жинақтаушы резервті орамды құрылғымен жабдықталған, сонымен қатар арқау жіп үзілген кезде бақылайтын оптикалық анықтағыш болуы мүмкін.

Тоқу станогының жіпжинақтаушы қосылу жүйесінің көмегімен тоқу процесі жүзеге асырылады, тіпті орауыштағы арқау жіп үзіліп жатса да немесе жіп жинақтаушы үзілу туралы дабыл қағады. Мұндай кезде жүйе басқа бір типті арнаға қосылады.


OMNlplus800 тоқу станогы сегіз типті немесе түсті арқау жіпке дейін өткізілетін механизммен жинақталған. Арқау жіпті беру жүйесі модульді болады, ал модульде екі арна бар.
Ауа беруші қондырғы құрастырылуында қозғалатын және қозғалмайтын шүмегі бар, ал арқау жіпті төсеу жүйесі ауаны тиімді қолдануға оңтайландырылған. Ол эстафеталы (беретін) шүмек пен қақпақшадан тұрады. Эстафеталы шүмектердің жаңа формасы және ауаны беруші ойықтар жайы ауаны тиімді пайдалануды қамтамасыз етеді және соған сәйкей анағұрлым тез және сапалы түрде арқау жіпті төсеуге мүмкіншілік жасайды.
Бүріккіштердің электромагнитті қақпақшаларының құрастырылуы жақсартылған, және станоктың сабақтаушы ені өзгертілген кезде бұл операция бұрынғыға қарағанда өте тез жүзеге асырылады. Қақпақ пен беруші шүмек арасынағы ауалы канал мүмкіндігінше қысқа болуы тиіс, себебі ауа шығынын азайту мақсатында.



Сурет 46. Тоқу станогының электр


жүйесі

Ремизкалы раманың құрастырылуы, байланысқан және бағытталған орны станоктың жоғары жылдамдықта жұмыс жасауына бейімделген. Талаптарына қарай станок алюминиймен, гибридті (армирленген көміртекті талшықпен) рамамен, немесе тұтасымен көміртекті талшықтан жасалынуы мүмкін. Сонымен бірге кіріктірілген демпфер бар, ол қозғалыс жылдамдығын жоғарылатуды қамтамасыз етеді.

Механизмдер құрамына ремизканы ремизка көтеруші тұтқышпен байланыстырушы ремизка көтеруші тұтқышы және құрылғылары бар эксцентрикті жиынтықтары кіреді. Осы құрылғылардың құрастырылуына байланысты эксцентрикті ремизка көтеруші механизмдерді ремизка қозғалысына тәуелді және тәуелсіз етіп екіге ажыратады.
Ремизка қозғалысына тәуелді механизмде әрбір ремизканың қозғалысы басқа ремизкалардың қозғалысына байланысты болып келеді. Ал ремизка қозғалысына тәуелсіз механизмдерде әрбір ремизкалар қозғалысы басқа ремизкалар қозғалысына байланысты емес.

Сурет 47. OMNIPlus Тоқу станогы



Тоқыма станогы белгілі бір құрамаларға бөлінеді, олардың әрбірі әдетте 24 тен 60 станоктан болады. Станок құрамаларын қондырғының жай күйіне жауап беретін, шығарылушы өнімнің жоспары мен сапасын қадағалап орындаушы шебер көмекшісімен басқарылатын тоқымашылар бригадасымен қызмет көрсетіледі.

Мақталы мата өндірісінде тоқымашы шамамен 16 дан 48 дейінгі тоқыма станоктарына қызмет көрсетеді.
Станокқа қызмет көрсетуші тоқымашы жұмысшы әдістер мен әдістемелерді жылдам әрі дұрыс орындауы және ақаулардың пайда болуын алдын алу аса маңызды болып табылады.
Тоқымашылар жұмысының аса жоғары сапалы әдістері негізінде жұмысты жоспарлы түрде шеше білумен, профилактикалық бақылау және жұмыстағы шапшаңдығы, сонымен қатар уақытты аз шығындайтын еңбектің аса рационалды әдістерін тиімді қолданумен сипатталады.
Автоматты тоқыма станогында тоқымашы әдетте барлық жұмысты орындай бермейді. Батарея қуатын арқаушалы шөлмектпен қуаттаушылар орындаса, олардың әрбірі шамамен 400 ден 600 шөлмек/сағ орындайды.
Негіздің бірқатар үзінділерін (10 жіпке дейін) тоқымашының алып отырады. Ал жоғары көлемдегі үзінділерді үзушілердің өздері алып отыралы, өйткені олар ақауды қалыптастырады. Бір үзуші әдетте 1 ден 3 құрамалы станокқа қызмет атқарады.
Негізді өз кезегінде шебер көмекшісі немесе негізді сабақтаушы сабақтайды. Негізді сабақтауға кететін уақыт негізінде сабақтау қиындығына байланысты болып келеді және әрбір негізді сабақтауға орташа есеппен 1 сағат кетеді.
Стандартты жинақ
Бердо бойынша сабақталу ені: 190, 220, 250, 280, 340, 360, 400 см. Бердо бойынша ені өзгеруі симметриялы немесе асимметриялы:

  • 190 см: 70 см дейін;

  • 220 және250 см: 90 см дейін;

  • 280, 340, 360 және 400 см: 96 см дейін.

Қолданылатын сызықтық тығыздық диапазоны:

  • Табиғи және жасанды талшықтар: 5,9 …333 текс;

  • Синтетикалық филаментті жіптер: 22 …1100 дцтекс.

Станоктың негізгі білігінің айналу жылдамдығы: 1100 айн/мин дейін Барабанды типті жіпжинақтаушы
Арқау түсін таңдау механизмі: 8 түрге дейін Бердо жетегі: итерушілі кәсіпқой жұдырықшалар Күзу түзу:

  • Эксцентрлі күзу түзуші механизм 8 немесе 10 ремизкаға арналған.

  • Электронды басқарылатын 16 ремизкаға күзу түзуші каретка

  • Электронды басқарылатын жаккардты машина

Ұршық фланцтарының механизмі: 805, 1000 немесе 1100мм Мата орамының диаметрі: стандартты 600мм (опция 720мм)
Станок жетегі: SUMO қозғалтқышы негізгі білікке тікелей жетекпен
Станокты басқару: жадты карталы микропроцессор және сервисті функциялы кеңейтілген графикалық терминалмен
Станокты майлау: майлаудың орталықтандырылған нүктесі және үздіксіз сүзгілеудің қысымымен майды айналдыру жүйесі арқылы
ОMNIplus800-4-R-F 190 станогын маркасын ашып көрсеу:

  • Арқауың қолданылатын түстерінің саны: 2,4,6 немесе 8;

  • Күзу түзілу: Р – эксцетрикті механизм; R – тасымалдау; J – жаккардты машина;

  • F – филаментті жіп

  • 190 бердо бойынша сабақтау ені, см.

ОMNIplus800-4-R-F 190 тоқу станогының габарит өлшемдері

  • ені - 4048 мм;

  • тереңдігі– 1969 мм




Сурет 48. OMNI plus 800
пневматикалық тоқыма станогы

Сурет 49. TERRY plus 800
махерлі маталарға арналған пневматикалық станогы

Сурет 50. OMNI plus 800 TC
кордты маталарға арналған пневматикалық станогы

ZAX сериялы заманауи тоқыма станоктарын Tsudakoma Corp (Жапония) фирмасы ZAX сериялы заманауи тоқу станоктарын Tsudakoma Corp (Жапония) фирмасы жасап шығарған. ZAX9100 пневматикалық тоқу станогында түрлі механизмдер, соның ішінде арқау жіптің керілісі және енгізілуі жетілдірілген. Аталмыш станок сапасыз арқау жіпті автоматты түрде жойып отыратын APR-C қондырғысымен жабдықталған, арқау жіптің керілісін төмендететін WBS тежегіш жүйесімен қамтамасыз етілген. Бұл станок жұмысының жылдамдығын ұлғайтуға мүмкіндік берді, сонымен қатар тұтынатын энергия көлемін азайтты. Осы фирманың мамандарының айтуы бойынша осы станок және ZAX-N типті станок «Тоқыма навигаторы» атты жүйемен қамтамасыз етілген. Бұл жүйе станоктың жоғары жылдамдығында тұрақты жұмыс жасауын қамтамасыз етеді. Мұнымен қатар Tsudakoma Corp ZAX-Е тоқыма станогын ұсынады, олар жоғары сапалы махерлі маталарын жасауға арналған. «TOYOTA» фирмасы «JAT 610» станогының базасында «JAT 710 eurotech» пневматикалық тоқыма станогын жасап шығарды, олар бір, екі жаймалық және махерлі маталарға арналған. Арқауды төсеудің жүйесін жетілдірудің арқасында станок жоғары жылдамдықта жұмыс жасайтын мүмкіншілікке ие бола алады. Бұл станоктар негізді жіберуші қондырғылар қуатты орталықтандырылған процессормен қамтамасыз етілген. Орталықтандырылған процессордың көмегімен бүкіл технологиялық процесті бақылауға болады. «JAT 710 eurotech» тоқыма станогының негізгі сипаттамалары төмендегі кестеде келтірілген.

Сипаттамасы

Стандартты орындалуы

Варианттар

Жетек

Жоғары жылдамдықты іске қосылу қозғалтқышы. Іске қосуды, тоқтатуды, алға және артқа жүрістерін баяулатуды түймешені басумен жүзеге асыруды басқару. Магнитті тежегіштің көмегімен
станокты тоқтату.







Сурет 51. «JAT 710 eurotech» бір полотнолы тоқу станогы

Сурет 52. «JAT 710 eurotech» қос полотнолы станогы


Сурет 53. «JAT 710 eurotech» махерлі маталарға арналған тоқу станогы Кесте 10. «JAT 710 eurotech» тоқыма станогының негізгі сипаттамалары



Арқау соғылуы

фронтальды




Негіздің жіберілуі

Негізді электронды жіберу

Теріс жіберу әдісі

Матаны ауыстыру

Матаны механикалық
ауыстыру




Арқауды енгізу

Жоғары динамикалық негізгі саңылаулар, конустық тандемді саңылаулар Трапециялы эстафеталы саңылаулар, шығару саңылаулары
Жаңа, жоғары жылдамдықты электромагнитті клапандар Клапандарды тікелей қосатын эстафеталы магистраль
Арқауды енгізудің автоматты қондырғысы

Электрлі тәуелсіз барабан- жинақтаушы

Шпарутка

Жоғары шпарутка

Төменгі шпарутка

Іске қосылу жолағының түзілуінің алдын-алу

Негізгі қозғалтқыштың іске қосылуының таңдалынған режимі
Станокты қосып/өшірудің таңдалынған бұрышы Негіздің жіберілуін реттеу, дара арқау жіп




Жиек

Оңға/солға толық қайта есудің ротационды
қондырғысы




Көмекші жиек

Қосымша жіптен түзілген оң
жақтағы көмекші жиек




Жұмыстың тоқтауы

Негіздің үзілуін электронды бақылаушы
Көмекші және қайта түзілген жиектің үзілуін электронды бақылаушы Төрт түсті дабыл лампасы

Енгізілген арқауды бақылаушы

Майлау

Негізгі элементтер үшін майлы ванна
Консистентті майлау




Басқарудың негізі жүйесі

Сенсорлы дисплейлі жаңа интерактивті басқару панелі 32-разрядті процессор және басқару панелі
LAN локальды желісінің интерфейсі және талшықтық сызығы




Басқару панелінің функциялары

Тиімділіктің 24-сағаттық және апталық графигі Иіршікті ауыстырудың болжамы/ мата орамын алу,
уақытша бақылау







Базалық (ICS) теңшеулердің автоматты орнатылуы Толтырылудың (IFC) интелектуальды бақылауы
Тоқушы мониторы




Бердо бойынша номинальды ені (R/S)

_


140 см,
170 см,
210 см,
250 см,
340 см, 390 см

150
190
230
280
360

см,
см,
см,
см,
см,

Иіршіктің дискілерінің диаметрі

_


800 мм,
1 000 мм

930

мм

Күзу түзілу



_


Теріс эксцентриктер (максимум 8 ремизка) Оң эксцентриктер
(максимум 10 ремизка)

«JAT 710 eurotech» тоқу станоктарының негізгі мүмкіншіліктері:


-

арқау жіптің жаңа автоматты тежегіші (ABS);

-

соғуды автоматты жаңа бақылаушы (AFS немесе APC);

-

әр түрлі және сызықтық тығыздықтағы иірімжіпті арқауды енгізу;

-

жіпті пневматикалық ұстау (AGS);

-

баллоногаситель;

-

қос иірішік;

-

параллельді иірішіктер;

-

жиектің электронды күзу түзілуі (ESM);

-

жартылай қайта есу жиегінің түзілуінің 4-жіпті қондырғысы;

-

бөлуші жиек аппараты;

-

аймақтар бойынша негіз үзілу индикациясы (6-дан немесе 12 аймақты);

-

арқаудың үзілуін автоматты жою (ТАРО);

-

майлаудың автоматты орталықтандырылған жүйесі;

-

Тойота фирмасының жалпы компьютерлі жүйесі;

-

Тойота фирмасының мониторинг жүйесі;


    1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   56




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет