Турлыбекова а. Б., Алимбетов м. О., Абдикаликова н. Б., Балабеков о. К


Күзу ашылуы циклі және фазасы туралы түсініктер



бет33/56
Дата19.09.2023
өлшемі5,69 Mb.
#181553
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   56
Байланысты:
токыма жабдыктары

Күзу ашылуы циклі және фазасы туралы түсініктер


Күзу ашылуы циклі деп негіз жіптері бірінші күзу күйіне қайта келеу жағдайындағы станоктың басты білігінің айналу санын атайды.


Негіз жіптер өз күйлерін өзгертуі барысындағы күзудің ашылуындағы бастапқы фаза ортаңғы деңгейден орын алады, бұл жағдайда орын басу фазасы деп атайды. Осыдан соң негіз жіптің бір бөлігі көтеріліп немесе көтерілу фазасында болатын, ал екінші бөлігі түсіріліп немесе түсірілу фазасында болатын уақытында күзуді ашу фазасы басталады. Күзу ашылғаннан кейін күзуді толық ашу фазасын немесе ремизкалардың тұру фазасын құра
отырып негіз жіптер тыныш қалпында бірнеше уақыт тұрады. Осы мезетте қалыптасқан күзуге арқаулық жіптер салынады. Фазалар тұру күйі аяқталып болғаннан кейін күзуді жабу фазасы басталады, оның ұзақтығы негіз жіптің барлық орналасаушы жіптері орын басу фазасын басып өтпейінше жалғаса береді. Күзу ашылуы фазасының көрнектілік суреттемесі үшін шеңберлі және циклдік диаграмманы (сурет 59) тұрғызады.
Кейде сабақтаушы диаграмма деп те атайтын шеңберлі диаграмманы тұрғызу үшін шеңберді 12 теңдей бөлікке бөледі. 0 нүктесі басты білік қосиіні, яғни, соғуы мезетінде алдыңғы шеткі күйіне сәйкес келуі керек, ал 6 нүкте-артыңғы шеткі нүктеге сәйкес келуі керек, 3 және 9 нүктелерің төменгі және жоғарғы күйлеріне келуі керек.
Күзудің толық ашылуы негізінде қосиіннің артқы күйі барысында іске асуы керек, өйткені ол жағдайда бердо мата жиегінен жеткілікті түрде алшақ орналасып, ал арқау жібі салынатын күзудің екінші бөлігі қажетті мөлшерде болуы керек. Орын басу фазасы қосиіннің алдыңғы шеткі күйге (0 нүкте) келуі немес сәйкес келуі керек, болмаса осы күйден сәл ғана ерте басталуы керек. Соңғы жағдайда қосиіннің шеткі күйіне қатысты орын басудың басталуындағы жылжыту бұрышын орын басу бұрышы деп атайды. Егер осы аталған орын басу бұрышы нөлге тең болса, онда станок орын басусыз жұмыс істеп отыр деп атайды.
Орын басумен жұмыс істеу барысында орын басу бұрышы 0 ден 900 ауытқуы мүмкін. Осы жағдайда орын басу мөлшері ретінде орын басу барысындағы мата жиегінен бердоға дейінгі ара қашықтықты атайды (миллиметр бойынша).
Көпшілік маталарды өндіру барысында орын басусыз жұмыс істеу мүмкін емес, өйткені мұндай жағдайда арқау жібінің соққысы күзудің жабылуы барысында аяқталады, ал бұл өз кезегінде негіз жіптерімен арқау жіптерінің бір бірімен өзара әсерлесуіне алып келеді және ол мата жиегінен бердоға ілесе отырып бірнешеге алшақтауы мүмкін. Орын басумен жұмыс істеу барысында арқау жіптерінің соққысы жаңа күзу пайда болайын деп жатқан мезетте (келесі ) болады. Осындай жағдайда арқау жібі айқасқан күзуде соққы барысында мата жиегіне жақындайды, бұл өз кезегінде оның негіз жіптермен қажетті өзара әсерлесуін қамтамасыз етеді.

Сурет 59. Күзу ашылуының шеңберлі және циклді диаграммалары


Әдетте соққыдан кейін мата жиегі соққылы жолақ деп аталатын арақашықтықта бердо ізімен жылжып отырады. Соққылы жолақ шамасымен соққы кезінде негіз жіптерінің серпілісі анықталады. Соққыдан кейін мата жиегінене арқау жіптерінің алшақтау мүмкіндіктерін төмендететін орын басумен жұмыс серпілісінің төмендеуін қабілеттендіреді, демек, негіз жіптері үзілгіштіктерінің төмендеуіне алып келеді. Сонымен


қатар орын басумен жұмыс істеу барысында негіз жіне арқау жіптерінің өзара әсерлесуінің жақсы болуы нәтижесінде айқаспа суреті бедерлі болып келеді, ал бұл өз кезегінде матаның сыртқы бетін жоғары сапалы етеді.
Шеңберлі диаграмма негізінде абцисса өсінде басты біліктің бұрылу бұрышын, ал ордината өсінде соған сәйкес күзу биіктігін сала отырып циклдік диаграмманы тұрғызуға болады.
59 суретте І диаграмма орын басусыз жұмыс үшін тұрғызылса, ал ІІ диаграммасы орын басумен жұмыс үшін тұрғызылғаны көрініп отыр. Циклдік диаграмма суреттемесі станоктың басты білігінің бір айналымына сәйкес келетін күзу ашылуының тек бір бөлігін ғана қарастырады.




    1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   56




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет