Турмаханова надира



Pdf көрінісі
бет45/54
Дата09.06.2023
өлшемі9,16 Mb.
#178536
түріБағдарламасы
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   54
Байланысты:
1 ПЕДАГОГИКА, МЕТОДИКА, ПСИХОЛОГИЯ

ИСА ӘДЕМІ ИСАҚЫЗЫ
 
М.Х.Д
УЛАТИ АТЫНДАҒЫ 
Т
АРАЗ ӨҢІРЛІК УНИВЕРСИТЕТІ
6В01507
-
«Химия және биология мұғалімдерін даярлау» БББ 4 курс студенті
ХИМИЯДАН ОҚУШЫЛАРДЫҢ ФУНКЦИОНАЛДЫҚ САУАТТЫЛЫҒЫН 
ҚАЛЫПТАСТЫРУ
 
 
Оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттыру жөніндегі 2012
-
2016 
жылдарға арналған ұлттық іс 
– 
қимыл жоспарының негізгі мақсаты 
– 
Қазақстан 
Республикасындағы мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамыту 
үшін жағдай жасау
[1,2].
 
Функционалдық сауаттылық адами қызметінде әртүрлі шеңберде өмір 
тапсырмаларын максималды диапозонының шешімі үшін үнемі пайда болатын білім 
оқу және дағды өмірінде
қабілеттілікті пайдалануды, араласу және әлеуметтік қарым
-
қатынасты қарастырады. 


85
Осыған байланысты мектепте оқушыларды функционалдық сауаттылыққа 
тәрбиелеу үшін жүргізілетін жұмыстардың мақсаты мынандай болуы тиіс: оларды 
өзгермелі өмірде батыл, еркін өмір сүруге бағыттау; білімі мен білігіне сай келетін 
бағдар таңдап алу дәрежесінде тәрбиелеу; өз
бетінше жұмыс істеу дағдыларын 
шығармашылығын қалыптастыру, дамыту; аналитикалық ойлау қабілетін дамыту. 
Сол себепті, мектепте білім беру ісіндегі басты міндеті
– 
оқушылардың 
функционалдық сауаттылығын дамыту болып отыр.
Функционалдық сауаттылықтың
негізгі мақсаты өз бетінше дами алатын жеке 
адамды қалыптастыру болғандықтан, оқушылар өз бетінше танымдық әрекет
етудің 
әдістері мен дағдыларын меңгеруі керек. Сондықтан, сабақ түрі жаңа заман 
талаптарына сай өзгеріп, жаңарып отырса, жеткіншектерге оның әсері мен ықпалы 
ерекше болады. Бұл үшін мұғалімдер сабақ өткізуде дәстүрлі шеңберде қалып 
қоймай, тың ізденістер жасауы тиіс. Оқыту процесін технологиялық деңгейге 
көтеруде жаңа интерактивті әдістер арқылы оқушылардың функционалдық 
сауаттылығын дамыту. 
Мектептегі басқа пәндер сияқты химиядан білім берудің басты маңызды 
мақсаттарының бірі 
– 
күнделікті өмір сүруге және республикамыздың шаруашылығы 
мен ғылымының барлық
салаларына қажетті биологиялық білім мен білікті 
меңгеруден
сауатты тұлға қалыптастыру. Осы мақсатты басшылыққа ала отырып, біз 
өз зерттеу жұмысымызда мұғалімдердің озық тәжірибесін зерттеу, жинақтау және 
талдау жұмыстарын жасадық. Осындай білім беру жүйесіндегі өзгерістер ондағы 
әдістер мен тәсілдерді өзгертуге алып келсе, ол өз ретінде оқу мазмұнын
өзгертуді 
қажет етті. Осы негізде жаңа мемлекеттік білім стандарты жасалынды, онда 
вариативті оқу жоспарлары бар. Білім беру мазмұнының өзгеруінің негізгі мақсаты 
– 
оқытудың жаңа интерактивті әдістері негізінде оқытылу
мен қатар функционалдық 
сауаттылықты дамыту.
Адамзат ХХІ ғасырға аяқ басып отырған кезде ЮНЕСКО дамыған өркениетті 
елдерге 
«Нәтижеге беруге бағытталған мектеп»
моделін енгізуді ұсынып отыр. 
Демек, сектептерге дәстүрлі оқытудың әдістері мен тәсілдерінен гөрі тиімділігі 
жоғары, жаңа сападағы
дидактикалық құрал қажет. Дүние жүзі педагог 
ғалымдарының пайымдауынша, мұндай құрал ретінде
оқытудың интерактивті 
әдістері болып табылады [3].
Оқытудың технологиялық деңгейге көтерудің тиімділігі нәтижесі 
– 
оқу 
процесінің нәтижелі болуына кепілдік беруі. Оқу процесін технологияландыру 
туралы көзқарас осыдан 400 жыл бұрын туындағанын біз Я.А.Каменскийдің айтқан 
пікірінен көре аламыз. Автордың айтуынша, оқыту «технологиялық» болуы қажет, 
яғни оның мәні нені үйретсе де, нені оқытса да оқу процесі табыссыз болмауы қажет. 
Мұндай оқыту механизмі Я.А.Каменский «дидактикалық машина» деп атады
[4].
Оқушылардың функционалдық саутттылығын дамыту жөніндегі
2012
-
2016 
жылдарға арналған ұлттық іс қимыл жоспарына сәйкес оқушылардың оқу 
жетістіктерін сырттай бағалау
мен мониторигтеу ҰБТ және ОЖСБ рәсімдерімен 
қатар TIMSS, PISA және PIRLS халықаралық зерттеулеріне қатысу арқылы да 
жүргізіледі
[4].
Функционалдық сауаттылық ұғымы алғаш рет өткен ғасырдың 60
-
шы жылдары 
ЮНЕСКО құжаттарында пайда болды және кейіннен зерттеушілердің қолдануына 
енді.


86
Функционалдық сауаттылық дегеніміз адамдардың әәлеуметтік, мәдени, саяси 
және экономикалық қызметтерге белсене араласуы, адамның мамндығына, жасына 
қарамай үнемі білімін жетілдіріп отыруы.
Мектеп оқушылардың функционалдық сауаттылық дегеніміз оқушының пәнді 
терең түсіну қабілетін дамыту, алған білімін сыныптан тыс жерде, кез келген 
жағдайда тиімді пайдалана білуін қамтамасыз ету, яғни мектепте алған білімдерін 
өмірде тиімді қодануына үйрету.
Тұлғаның ең басты функционалдық сапалары 

белсенділік, шығармашыл тұрғыда ойлауға және шешім қабылдай алуға, кәсіби 
жолын таңдай алуға қабілеттілік, өмір бойы білім білім алуға дайын тұруы болып 
табылады.
Ал бұл функционалдық дағдылар мектеп қабырғасынанда қалыптасады.
Мектеп оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту бойынша PISA
15 
жастағы жасөспірімдердің мектепте алған білімдерін, іскерлігі мен дағдыларын 
адами іс әрекеттерінің әртүрлігін, тұлғааралық қарым қатынас пен әлеуметтік 
қатынастарын, өмірлік міндеттерді шешу үшін пайдалана алу қабілеттерін 
бағалайды. PISA
шеңберіндегі тестілеу барысында функционалдық сауаттылықтық 
үш саласы бойынша бағаланады. Олар оқу, математикалық және жаратылыстану 
ғылыми сауаттылық. Үш бағыт бойынша блім алушылардың сауаттылығының 
бағалау технологиясы PISA
жобасына қатысушыларрдың алған білімдерін қорыта 
отырып, мектептен тыс жағдайларда қаншалыықты қолдана алатынын анықтауға 
мүмкіндік береді [5].
Мысалы мына тапсырмада
темір (ІІ) тұздарының судағы ерітінділерін 
электролиздеу арқылы
алуға болады.
Темір металы Қазақстан жерінде
ертеде б.з. 
дейінгі VІІ ғасыр мен 204 жылға дейін өмір сүрген сақтар мен б.з. дейінгі 204 жылдан 
біздің заманымыздағы 216 жылға дейін өмір сүрген ғұндар
пайдаланған.
Темір зергерлік және кәсіптік бұйым ретінде кең қолданылады. Темірге алтын, күміс, 
мыс тәрізді металдарды қосып, алуан түрлі тастармен безендіріп сырға, сақина, 
білезік, жүзік, ер тұрман т. с. с. жасаған.
 


87
Темір кенінің қоры жағынан Қазақстан қазіргі таңда әлемде 8
-
ші, оны өндіруден 
11
-
орында.
Ал ТМД елдерінде Ресей мен Украинадан кейінгі орында тұр. 
Қазақстанда есепке алынған 37 кен 3
-
орнының 27
-
інде темір кенінің баланстық қоры 
айқындалған. Темір өндіретін зауыттар Теміртауда «Қазақстан магниткасы», Ақтөбе, 
Павлодар ферроқорытпа комбинаты.
Темір өсімдіктер ағзасында 0,02% болады. Темір фотосинтез үрдісіне қажетті 
заттардың негізгілерінің құрамына кіреді. Егер темір жетіспесе хлорофилдің түзілуі 
баяулайды. Бұндай
кезде өсімдіктердің
жас жапырақтары түсін жоя бастайды да 
хлорос ауруына ұшырайды.
Химиялық 
қасиеттері 
тәжірибелер 
арқылы 
түсіндіріледі. 
Әлсіздеу 
тотықтырғыштармен темір тотығу дәрежесіне дейін тотығады. Темір және күкірт 
ұнтақтарын қосып қыздырғанда өзара әркеттесіп, темір
сульфидінтүзеді: Fe
0
+ S
0

Fe
+2
S
-
2
темір мен күкірт ұнтақтарын араластырып, темірдің магниттелгіш өасиетін 
көрсетемін. Темір мен сұйылтылған қышқылдар арасындағы орынбасу реакциясы.
Fe + H
2
SO
4
= FeSO
4
+ H
2
(
тәжірибе жасаймын)
Темір мысты тұздарының ерітінділерінен ығыстырғанда +2
-
ге дейін тотығады
Fe + CuSO
4
= F
eSO
4 + 
Cu
(тәжірибе жасаймын)
Хлор күшті тотықтырғш, темірді +3 тотығу дәрежесіне дейін тотықтырады
2Fe + Cl
2
= 2FeCl

(электрондық оқулықтан тәжірибе көрсетемін)
Темір оттекте жанғанда екі тотығу
дәрежесін де (+2, +3) көрсетеді, ұшқын 
шашыратып жанады 
3Fe + 2O
2
= Fe
3
O
4
(электрондық оқулықтан тәжірибе көрсетемін)
Жоғары температурада темір су буларымен әрекеттесіп сутекті 
тотықсыздандырады
3Fe + 4H
2
O = Fe
3
O
4
+ 4H
2
Темірдің биологиялық маңызды қосылыстары. Темір оксидтері FеО 

қара түсті 
ұнтақ, суда ерімейді. Негіздік қасиет көрсетеді.
FeO + H
2
SO
4
= FeSO
4
+ H
2
O

2
О
3
күреі қоңыр ұнтақ, суда ерімейді.
Бұл оксидке де негіздік қасиет тән
Fe
2
O
3
+ 3H
2
SO
4
= Fe
2
(SO
4
)
3
+ 3H
2
O


88
Темірдің биологиялық рөлі. Темір
тірі организмдерде болады. Үлкен адамның 
денесінде 4
-
5 г
темір болады, оның 65% 

і қанның гемоглобинінде. Гемоглобин 
қанға қызыл түс береді және тыныс алу оргаанынан оттекті әр түрлі ұлпаларға 
тасымалдайды. Қанда темірдің жетіспеуі адамның денсаулығына әсер етеді, қаназдық 
пайда болады. Байланысқан темір көптеген тамақ өнімдерінде қара нанда, картопта, 
алмада, өрікте, қарақұмақта болады. Бұл өнімдерді қаназдықтыңалдын алу үшін 
тамақ рационына енгізу керек.
Қолданылуы: Темір зергерлік және кәсіптік бұйым
түрінде кеңінен қолданылады. 
Көбінесе темірдің құймаларыболат пен шойын түрінде қолданылады. Олар тұрмыста, 
құрылыста, өндіріс орындарында, машина тетіктерін жасауда кеңінен пайдаланады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   54




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет