Тєрбие теориясы


-тақырып. Педагогтың тұлғасы жəне оның кəсіби құзыреттілігі



бет5/24
Дата28.02.2022
өлшемі0,5 Mb.
#133666
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   24
Байланысты:
Лекция

3-тақырып. Педагогтың тұлғасы жəне оның кəсіби құзыреттілігі
Жоспар:
1.Кəсіби құзыреттіліктерді қалыптастыру ерекшеліктері
2.Құзыреттіліктің түрлері
«Нəтижеге бағдарланған білім беру жүйесі» ұғымының Қазақстан Республикасындағы білім саласына енуіне байланысты «білім», «білік», «дағды», «білімділік», «дайындық» сияқты ұғымдары автоматты түрде «құзырет», «құзыреттілік» ұғымдарымен алмастырылып, қазіргі уақытта практиктердің кеңінен қолданылып жүрген үйреншікті сөзіне айналып кетті. Сондықтан «құзыреттілік» пен «кəсіби құзыреттілік» түсініктерін анықтауда салыстырмалы түрде талдау жасап, олардың мəнін ашып көрейік.
«Құзыреттілік» ұғымының кең таралымына қарамастан, бұл ұғымның мəні терең ғылыми талдауларды жəне оны негіздеуді талап етеді. Сондықтан да талдау ең алдымен, қолданыстағы ұғымның не екендігіне жауап іздеуден басталады. «Құзырет» пен «құзыреттілік» түсініктерін анықтауда салыстырмалы түрде талдау жасалған, оларды көптеген ресейлік жəне шетел зерттеулерінен (И.А.Зимняя, В.И.Байденко, Н.А.Гришанова, Д.А.Махотин, О.Е.Лебедев, С.Адам, У.Клемент жəне тағы басқалардың еңбектерінен) көруге болады.
Қазіргі уақытта жеке тұлғаның психологиялық, теориялық жəне практикалық дайындық сұрақтары, педагог бойындағы кəсіби қасиеттер мен қабілеттердің қалыптасуы, оның беделі мен кəсіби шеберлігі, педагогикалық ойлауы, ғылыми еңбекті ұйымдастыру мен біліктілікті жоғарылату мəселелері бойынша кең түрде əдебиеттер қоры құрылды. Оларға С.И.Архангельский, Ф.Н.Гонобалин, Н.В.Кулюткин, И.Т.Огородников, А.И.Пискунов, В.А.Сластенин, А.И.Щербаков, Н.В.Кузьмина, Н.Ф.Талызина, В.В.Краевский, Н.Д.Хмель, С.Т.Каргин, А.К.Маркова, К.С.Оспанов жəне тағы басқалардың ғылыми еңбектерін жатқызуға болады.
Бұл зерттеу жұмыстары педагогтардың кəсіби дайындық мəселесін өңдеуге неғұрлым салмақты үлесін қосты, сонымен бірге қоғамдық жəне педагогикалық тəжірибенің маңызды қажеттіліктері арасындағы қайшылықты шешу мүмкіндігін береді.
Бүгінгі күнде «құзыреттілік» түсінігі тек қана негізгі педагогикалық категориялардың бірі ретінде ғана емес, сонымен бірге пəнаралық зерттеудің, яғни, «педагогтың кəсіби құзыреттілігі» түсінігінің мəнін анықтау мəселесі психологтардың, педагогтардың, маман-практиктердің жəне т.б. арасындағы дау мен қайшылықтардың объектісі болып табылады.
Жаңа психологиялық-педагогикалық əдебиеттерді талдау қазіргі уақытта «құзыреттілік» түсінігінің мəнін анықтау процесінде, оның құрылысы мен мазмұнын толықтыруда бірліктің жоқтығын белгілеуге мүмкіндік береді. Көп жағдайда бұл түсінік біліктілік пен кəсіпқойлықтың жоғары деңгейін көрсету үшін қолданылады. Кейбір авторлар «кəсіби құзыреттілік» ұғымын түсіндіруде кəсіби іс-əрекетке дайындық түсінігімен (В.А.Сластенин, Н.Н.Лобанова, А.И.Панарин жəне тағы басқалар), сондай-ақ педагогикалық кəсіпқойлық (А.И.Пискунов, В.В.Косарев жəне тағы басқалар) түсінігімен өзара байланыстырады.
Егер де құзыреттілікті кəсіпқойлық жүйесіндегі орнын анықтауға тырыссақ, онда ол мамандықты меңгерудің неғұрлым жоғары деңгейін көрсететін орындағыштық пен жетілгендік арасында; көптеген авторлармен белгілі бір іс-əрекетті орындауға дайындық ретінде жеке тұлғаның «тұлғаның ішкі дайындығы», өзгеше «алдын ала дайындық» жағдайы мен шеберлігі арасында болады. Педагогтың кəсіби құзыреттілігі туралы барлық түсініктерді оқу барысында оның бірқатар маңызды өзгерістерге ұшырағандығын анықтауға болады: мұғалім жеке тұлғасының педагогикалық бағыттылығын қалыптастыру негізін өңдеуден бастап (С.Т.Каргин, А.А.Орлов, И.Я.Фастовец жəне тағы басқалар), сонымен қатар жеке тұлғаның толығымен жəне оның бойындағы кəсіби маңызды қасиеттердің дамуы (Р.Ж.Əубəкірова, Е.П.Белозерцев, И.А.Колесникова, А.Е.Кондратенков, Н.В.Кузьмина, Н.Д.Левитов, И.Я.Лернер, М.Н.Скаткин, В.А.Сластенин, К.С.Оспанов жəне тағы басқалар), педагогикалық шығармашылық көздерінің мəнін анықтауға (В.И.Андреев, В.И.Загвязинский, Ю.Н.Кулюткин, М.М.Поташник жəне тағы басқалар), мұғалім кəсіби іс-əрекетінің психологиялық негізін талдауға (Л.С.Выготский, А.Н.Леонтьев, А.М.Матюшкин, С.Л.Рубинштейн, Д.Б.Эльконин жəне тағы басқалар) жəне педагогтың кəсіпқойлығын қалыптастыру (Е.В.Андриенко, К.А.Абульханова, В.В.Косарев, Н.В.Кузьмина, А.И.Пискунов жəне тағы басқалар) сұрақтарына дейін өзгеріп отырды.
Ғылымдағы кəсіби құзыреттілік мəселесін зерттеуге деген қызығушылық бір өшіп немесе бір жаңа күшпен қайта жандана түседі. Құзыреттілікті теориялық қамту жəне оларды тəжірибе жүзінде қалыптастыру сияқты сұрақтарға зерттеушілердің назарын аудару əдетте экономикамызда, мəдениет пен білім беру саласында болып жатқан дағдарыстық жағдайларға сай келеді. Осы кезеңдері зерттеушілер жеке тұлға құрылысындағы ерекше компоненттерді шығаруға көп көңіл аударды. Бұл компоненттер жеке тұлғаға əлеуметтік өзгерістерге бейімделуге, білімін толықтыру үшін ішкі ресурстарды табу, кəсіби іскерліктерін қазіргі жағдайға сəйкес өзгертуге, жаңартуға мүмкіндік беруі тиіс.
ХХ ғасырдың 70–90-жылдары отандық ғалымдардың Н.В.Кузьмина, А.К.Маркова, И.А.Зимняя жəне тағы басқалардың зерттеулерінде құзыреттілік педагогикалық үрдісті басқару мен педагогтың кəсіби іс-əрекетін қамтитын білім берудің жаңа мақсаты, маңызды компоненті ретінде қарастырылды. Кəсіби-педагогикалық құзыреттілік пен оның жеке түрлері В.А.Адольфтың, Е.В.Бондарев- скаяның, Н.В.Кузьминаның жəне тағы басқалардың ғылыми жұмыстарында, сонымен бірге педагогтың кəсіби құзыреттілігінің басқа ба аспектілерін К.А.Абульханова, Н.В.Кузьмина, Л.М.Митина, Л.И.Мищенко, М.В.Прохорова, Е.И.Рогов, Д.С.Савельев, В.А.Сластенин, Н.Ф.Талызина, А.И.Щербаков жəне тағы басқалар зерттеген.
Ғалымдар көбінесе кəсіби құзыреттіліктің жеке жақтарын оқуға көп көңіл бөледі. Мысалы, Н.В.Кузьмина əлеуметтік-педагогикалық, ғылыми-педагогикалық, əдістемелік жəне құзыреттіліктің басқа да түрлеріне.
М.В.Прохорова — басқару құзыреттілігін, Е.В.Нəбиева университет студенттерінің педаго- гикалық зерттеу құзыреттілігіне назар аударады.
Compete — негізгі латын термині, ол «білу», «істей білу» жəне «табысқа жету» дегенді білдіреді. Бұл мағыналар жалпы түрдегі құзыреттіліктің мəнін ашады. Кəсіби құзыреттілік категориясын əрі қарай өңдеу үшін, берілген мағыналарды нақтылап, ашып қарастыру қажет жəне оларды жалпы логикалық бір жүйеге біріктіру керек.
Білу кəсіби функцияларды жүзеге асыру үшін қажетті объективті дұрыс жəне нақты білімді ғана емес, сонымен бірге білім мен іскерлікті қолдануға бағыттап, объективті маңызды болып саналатын құндылықтарды білдіреді.
Істей білу педагогикалық үрдісті жүзеге асыруда операциялы түріндегі əдістерді орындауды ғана емес, сонымен қатар субъект болатын адамның негізгі іскерлігі, өзінің ішкі, рухани тəжірибесінде қалай болса, тура солай сыртқы кəсіби (педагогикалық) болмысында да өз бетінше жəне саналы түрде өз тағдырын өзі анықтай білуі.
Табысқа жету белгілі бір заңдылықтар, өнегелілік пен мəдениет аумағында өзінің алға қойған мақсаттарына жете білу іскерлігін білдіреді.
Арнайы құзыреттілік оқыту жүргізілетін белгілі бір мамандық немесе оқытылатын пəн бойынша терең білімдерді, біліктілік пен өндірістік іс-əрекет тəжірибесін; нақты бір өндіріспен байланысты техникалық шығармашылық есептерді шешу əдістерін білуді қарастырады.
Əдістемелік құзыреттілік оқытудың алуан түрлі əдістерін меңгеруі, дидактикалық əдістер мен тəсілдерді білуі жəне оқыту үрдісінде оларды қолдана білу іскерлігі, оқыту үрдісінде білім мен іскерлікті меңгерудің психологиялық механизмдерін білуді қарастырады
Психологиялық-педагогикалық құзыреттілік педагогикалық диагностиканы меңгеруді, оқушылармен педагогикалық мақсатқа сəйкес қатынасты құра білу іскерлігі, педагогикалық диагностика нəтижелерінің негізінде жеке жұмыстарды жүзеге асыруды жобалайды; сонымен қатар жас ерекшелік психологиясын білуі, педагогикалық жəне жеке тұлғалар арасындағы қатынас; оқытылатын пəнге немесе оқушылардың таңдаған мамандығына тұрақты қызығушылықтарын туғыза білу жəне оларды əрі қарай дамыту іскерлігі жатады.
Дифференциалды-психологиялық құзыреттілік — оқушыларға нұсқау жəне бағыт-бағдар беру, олардың жеке тұлғалық ерекшеліктерін көрсете білу іскерлігі, адамдардың эмоционалды жағдайын анықтай білуі; оқушылармен, ұжыммен жəне басқарушылармен сауатты қарым-қатынасты құра білу іскерлігі жатады.

Аутопсихологиялық құзыреттілік өз əрекетіндегі өз қабілеттерінің деңгейін саналы түрде меңгеру іскерлігін; кəсіби өздігінен жетілу əдістері туралы білуді; өзінде жəне өзінің жұмысында жіберген кемшіліктердің себептерін көре білу іскерлігін; өздігінен жетілуге ұмтылуды жобалайды [2].


Жоғарыда аталған құзыреттіліктердің барлығы, біздің пікірімізше, болашақ маманның кəсіби құзыреттілігін қалыптастырудың негізі бола алады. Себебі арнайы құзыреттілік бойынша студенттердің пəн бойынша білімі, білігі қалыптасады; əдістемелік құзыреттілік процесінде дидактикалық əдіс-тəсілдерді меңгереді; психологиялық-педагогикалық құзыреттілік негізінде қарым-қатынас мəдениетін игеріп, мамандыққа деген қызығушылықтары артады; дифференциалды- психологиялық құзыреттілік — студенттердің жеке тұлғалық ерекшеліктерін көрсетіп, оларға бағыт- бағдар беруіне ықпал етеді; ал аутопсихологиялық құзыреттілік өздігінен білім алу нəтижесінде студенттердің кəсіби өзіндік жетілуіне, дамуына мүмкіндік береді.
Г.А.Трофимованың зерттеу мақсаты педагогикалық тəжірибе шартында болашақ мұғалімдердің коммуникативті құзыреттілігі болып табылады. Автор оны педагогикалық қатынас барысындағы жағдайларға бейімделу қабілеті ретінде гуманистік құнды мұғалімнің диспозициясы негізінде тиімді өзара əрекеттесу қабілеті деп түсінеді.
Е.В.Нəбиева университет студенттерінің зерттеу іс-əрекетіне дайындығын анықтап, педагогикалық зерттеу құзыреттілігін көрсетеді жəне оны күрделі педагогикалық құбылыс ретінде қарастырады. Ол үш функционалды компоненттердің жиынтығымен сипатталады жəне зерттеу əрекетінің жағымды себептеріне негізделген, ол нақты білім мен іскерлікте байқалады Болашақ шет тілдер мұғалімдерінің кəсіби құзыреттілігінің қалыптасу ерекшелігін С.А.Панина қарастырады. Автор оны кəсіби құзыреттіліктің жеке түрі, білім, іскерлік пен дағды жүйесі ретінде қарастырып, мұғалімнің кəсіби əрекеті үшін қажетті педагогикалық объектерді пайдаланудағы əдістердің сəйкес келуі деп түсіндіреді.
Жеке тұлғаға бағдарланған оқыту мен оның жеке тұлғаның дамуына əсері тұрғысындағы оқытуды компьютерлендіру мəселесін зерттеуде П.В.Беспалов «құзыреттілік» түсінігін қолданады. Автор адамның белгілі бір есептерді шеше білу қабілеті ретінде жəне оның бойында бірқатар жеке тұлғалық қасиеттердің бар болуы деп түсіндіреді. П.В.Беспаловтың пікірінше, құзыреттілік — бұл күрделі психикалық пайда болу, жекеленген білім мен іскерлікке əкелмейтін, ал, керісінше, жеке тұлғаның интегративті сипаттамасы ретінде алға шығатын, оның бағыттылығын, сəйкес білім мен іскерлікті меңгеру себептерін, оқу мен кəсіби іс-əрекетіндегі ойлау есептерін шешу қабілеттерін болжайтын, жеке тұлғаның жетілу шекараларының бірі жəне тиімді оқытудың нəтижесі болып табылады.
В.П.Пугачев кəсіби құзыреттілікті мамандарды дайындау сапасының сипаттамасы, еңбек əрекетінің тиімділік потенциалы ретінде қарастырады. Мұнда автор кəсіби құзыреттілік ретінде мамандандырумен байланысты кəсіби функцияларды орындауда жұмыскердің «техникалық» дайындығын түсінеді.
О.В.Симен-Северская əлеуметтік жұмыс мамандарының педагогикалық құзыреттілігінің қалыптасу процесін зерттейді. Ол кəсіби құзыреттілікті маңызды құрастырушысы ретінде қарастырады жəне педагогикалық мақсатқа бейімделген кəсіби əрекетті орындау үшін қажетті білім мен іскерлік, интегративті, тұлғалық-əрекеттік жаңадан пайда болған түрі ретінде түсіндіреді.
Г.Ж.Меңлібекова болашақ мұғалімдердің əлеуметтік құзыреттілігінің қалыптасуына үлкен назар аударады. Автордың пікірі бойынша, əлеуметтік құзыреттілік — субъектінің өзін анықтай білу қабілеті, əрекетті басқару ретінде нақты əлеуметтік білім категорияларын, əлеуметтік болмысты толығымен өзіне біріктіретін адамның интегративті қасиеті жəне адамның өмірлік əрекетіндегі негізгі аймақтардың əлеуметтік технологияларын жүзеге асыра білу іскерлігі. Əлеуметтік құзыреттіліктің құрылыстық компоненттері ретінде автор келесілерді көрсетеді: рухани-құндылық (аксиологиялық) — қоғамдық жəне жеке тұлғалық сипаттағы негізгі өмірлік құндылықтар иерархиясынан тұрады; гностикалық — əлеуметтік маңызды мəселелер мен міндеттерді тиімді шешу үшін өз-өзімен (өз-өзін тəрбиелеу, өздігінен даму) жəне басқа да адамдармен əрекеттесу үшін қажетті əлеуметтік білімді меңгеруді білдіреді; субъектілік — адамның субъект болуы жəне өзін анықтай білу қабілеті жатады; прагматикалық — əлеуметтік нормалар жүйесінде жəне институт қатынастарында əр түрлі əлеуметтік технологияларды адамның іске асыра білу қабілетін білдіреді. Əлеуметтік құзыреттіліктің мазмұны өзінің өмірін жəне өмірлік жолын алдын ала жоспарлау іскерлігі ретінде уақытымен адам өмірін жазумен байланысты. Əлеуметтік құзыреттіліктің қалыптасуы — бұл студенттердің өз бетінше өмір сүруге дайындық процесі, олардың əлеуметтік қорғануы мен əлеуметтік жетілуі.
Көптеген ғалымдардың пікірінше, жалпы маманның кəсіби құзыреттілік түрлеріне келесілер жатады:
практикалық (арнайы) құзыреттілік — кəсіби еңбегінде қолданылатын техника мен технологияларды білуі, білімінің жоғары деңгейде болуы мен маманның кəсіби өсуіне қатысты мүмкіндіктерді қамтамасыз ету жəне шығармашылық іс-əрекетінің нəтижесі;
əлеуметтік құзыреттілік — өзіне жауапкершілікті ала білу мен шешімді қабылдау қабілеті, топтасып бірлесе шешім қабылдауға қатысу, зорлық-зомбылықсыз жолымен дауды реттеп отыру, басқа де мəдениет пен дін өкілдерімен тиімді өзара əрекеттесу;
психологиялық құзыреттілік — қызу, жалынды мəдениетін қабылдаусыз, рефлексия іскерлігі мен дағдысынсыз, жеке тұлғалар арасындағы өзара əрекеттестік пен өздігінен іске асыру тəжірибесінсіз, онда кəсіпшілік жеке, толық емес болып қалатындығын түсінеміз;
ақпараттық құзыреттілік — жаңа ақпараттық технологияларды меңгеруін қарастырады;
коммуникативтік құзыреттілік — бұл шет тілдерді білуін жобалау, сөйлеу мəдениетінің жоғары деңгейде болуы;
экологиялық құзыреттілік — қоғам мен табиғаттың жалпы даму заңдылықтарын білуге негізделген жəне кəсіби іс-əрекетіндегі экологиялық жауапкершілік;
валеологиялық құзыреттілік — салауатты өмір сүру денсаулықты сақтау аумағындағы білім мен іскерліктің бар болуын білдіреді.
Ал Б.Т.Кенжебеков кəсіби құзыреттіліктің келесідей түрлерін ажыратып көрсетеді:
арнайы құзыреттілік — өзінің кəсіби қызметін жеткілікті дəрежеде меңгеру, өзінің кəсіби дамуын жобалай білу;
əлеуметтік құзыреттілік — бірлесе қызмет атқару, ынтымақтасу мен кəсіпке қатысты қарым- қатынасты меңгеру, кəсіби еңбегінің нəтижелері үшін əлеуметтік жауапкершілік;
жеке тұлға құзыреттілігі — өзін көрсете білу мен дамытудың амалдарын, құралдарын игеру жəне кəсіби еңбектегі даралық;
дара құзыреттілік — өзінің қабілетін жүзеге асыру, кəсіп аясында өз даралығын дамыту қабілеттігі, кəсіби тұрғыдан өсуге деген дайындық, өзінің даралығын сақтау қабілеті, еңбегін ұтымды ұйымдастыруға икемділігі, еңбекті қиындықсыз, шаршаусыз, тіпті сергіту арқылы нəтижеге жеткізу [14].
Жоғарыда аталған құзыреттіліктің түрлері адамның кəсіби іс-əрекетінде, кəсіби қарым-қатынас жасауда, кəсіби жеке тұлға ретінде қалыптасуында байқалады жəне оның даралығының кемелденуін белгілейді. Жоғары білімді маманның құзыреттілігін автор жоғары оқу орны түлегінің кəсіби қызметтегі біліктілік пен іс-əрекетті атқаруға деген теориялық жəне практикалық дайындығы мен қабілетінің бірлігі деп түсіндіреді. Бұл ұғымның мəні кəсіби икемділіктердің жиынтығы арқылы ашылады.
Адамға кəсібінен тысқары жерде қажетті құзыреттіліктің кейбір жалпы түрлері айқындалған. Бұлар өндірістегі, əлеуметтік тəжірибедегі өзгерістер кезінде өз маңызы мен мəнін жоғалтпайды. Б.Т.Кенжебеков құзыреттіліктің əр түріне кəсіпаралық жалпы компоненттердің мынадай түрлерін енгізеді:
мамандыққа құзыреттілік — өндіріс процесін жоспарлауға қабілеттілік, компьютермен, оргтехникамен жұмыс істей білу, техникалық құжаттамаларды оқу, қол машықтығы;
жеке тұлға құзыреттілігі — өзінің еңбегін жоспарлауға, бақылауға жəне реттеуге қабілеттілік, өз бетімен шешім қабылдауға үйреншікті емес (нестандартное) шешімдер табуға, қисынды теориялық жəне практикалық ойлау; проблеманы көре білу, өз бетімен жаңа білім мен іскерлікті игеру қабілеті;
дара құзыреттілік — жетістік мотивациясы жəне табыстың қорлануы, өз жұмысының сапалы болуына ұмтылу, өзін-өзі мотивациялауға қабілеттілігі, өзіне деген сенімі мен оптимизм. Адамға тірі организм ретінде ең алдымен, оның физикалық бар болуы мен дамуын қамтамасыз ететін барлық құзыреттер тəн. Осыған байланысты Т.Е.Исаева адамның құзыреттілігіне жататын бірінші топқа бейімделу құзыреттерін жатқызады. Автор интеллектуалды, физикалық, психикалық дағдылардың жиынтығын, қоршаған орта мен табиғатқа қатысы туралы білуін, шығармашылық пайда болу жолымен табиғи байлықтарды сақтау жəне өзгермелі табиғи ортаға адамның бейімделуін түсіндіреді.Əлеуметтік құзыреттіліктермен өзара кəсіби (кейде пəндік, əдістемелік деп те қолданылады) құзыреттер тығыз байланысты. Т.Е.Исаева кəсіби құзыреттерді — жүргізілетін пəннің ерекшелігімен қамтылған жəне оқытушы ұстанатын, педагогикалық жүйеге сəйкес таңдалатын оқытудың əдістерін, кəсіби тəжірибенің тəсілдерін, білім, іскерлік жиынтығы ретінде түсіндіреді. Əлеуметтік құзыреттіліктердің ішінен коммуникативті құзыреттерді де ерекше атап өтуге болады. Д.Т.Қаңлыбаеваның пікірінше, коммуникативті құзыреттер адамның қарым-қатынас жасау мəдениетіндегі практикалық іске асыру болып табылады. Ол жеке тұлғаның өз бетімен іске асыруға, өзін анықтауға дайындығын қамтамасыз етеді, қоршаған орта мен өзінің арасындағы үндестікке жету шарты, адамның ішкі əлемін құру мен оны байыту құралы болып саналады.
Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар
1.Кəсіби құзыреттіліктерді қалыптастыру ерекшеліктері
2.Құзыреттіліктің түрлері
Əдебиеттер:
Смятских А.Л., Туркина Т.М. Формирование профессиональной компетентности студентов педколледжей. — М.: Издат. центр НОУ ИСОМ, 2003. — С.
Кузьмина Н.В. Профессионализм личности преподавателя и мастера производственного обучения. — М.: Высш. шк., — 119 с.
Прохорова М.В. Теоретические и методические основы формирования управленческой компетентности специалистов по физической культуре и спорту в условиях высшего физкультурного образования: Дис. ... д-ра пед. наук. — СПб., 1992. — 449 с.
Набиева Е.В. Формирование исследовательской компетентности студентов педагогического университета через систему спецкурсов по единой теме: Автореф. дис. ... канд. пед. наук. — Иркутск, 2001. — 30 с.
Менлибекова Г.Ж. Социальная компетентность, сущность, структура, содержание // Высшая школа Казахстана. — 2001. — № 4–5.
Лукьянова М.И. Психолого-педагогическая компетентность учителя // Педагогика. — 2001. — №
Трофимова Г.А. Формирование коммуникативной компетентности у будущих учителей в условиях педагогической практики в университете: Дис. ... канд. пед. наук. — Л., 1990. — 182 с.
Панина С.А. Становление профессиональной компетентности у будущих учителей иностранных языков // Высшее образование сегодня. — 2001. — № 3. — С.
Беспалов П.В. Компьютерная компетентность в контексте личностно ориентированного обучения // Педагогика. — 2003. — № 4. — С. 41–45.
Пугачев В.П. Руководство персоналом организации. — М.: Асп. Пресс, 2000. — 54 с.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   24




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет