пәнділік – ол іс-әрекет үрдісі кезінде түрлендірілетін объективті дүниенің қасиеттері мен қатынастарына бағынады (Давыдов В. В. Деятельность: теория, методолгии, проблемы. М. 1990. С.151);
әлеуметтілік – адам іс-әрекеті әрқашан өзінің өнімімен, ақпаратпен алмасуға, жеке мақсаттар мен жоспарларды үйлестіруге, өзара түсіністікке жетелейтін қоғамдық сипатта жүреді.
саналылық – іс-әрекетті ұйымдастыру мен жүзеге асыру кезінде сана әртүрлі функцияларды орындайды: ақпараттық, бағытталған, мақсаттылық, мотивті-түрткішіл, реттеушілік және бақылаушыл (Буева Л. П. Человек, деятельность и общение. М., 1978. С. 103-104).
Іс-әрекеттің нәтижелері оңай аңғарылады және сапалы-сандық көрсеткіштерде көрсетілуі мүмкін.
Қажеттілік – аса қажеттіліктен және оны жүзеге асыру мен дамыту үшін қажет объекттер мен әрекеттерде туындайтын адамның күйі, сондай-ақ оның белсенділігінің көзі болып келетін, танымдық үрдістерді, қиял мен жүріс-тұрысты ұйымдастырады және бағыттайды.
Мотив – қажеттілікті қанағаттандыруға байланысты іс-әрекетке түрткі болу; әрекеттер мен қылықтардың таңдауы түсіндірілетін сезінімді себеп; әрекеттерді таңдауға түрткі болатын зат(материалды немесе идеалды).
Мақсат – күтілетін нәтиженің сезінімді бейнесі, адамның іс-әрекеті соған қол жеткізуге бағытталған.
Есеп – қандай да бір жағдайларда берілген және осы жағдайлардың түрлендірілуі кезінде орындалатын іс-әрекет мақсаты (Леонтьев А. Н. Избранные психологические произведения: в 2-х т. М., 1983. Т. 2. С. 156).
Әрекет – іс-әрекет бірлігі, сезінімді мақсатқа жетуге бағытталған кездейсоқ, қасақана белсенділік (Словарь практического психолога/ Сост. С. Ю. Головин. Минск, 1997. С. 120).
Операция – берілген жағдай шарттарымен анықталатын әрекетті жүзеге асыру әдісі.
Іс-әрекетке адам қажеттіліктерін қанағаттандыратын санасында сәйкес объекттер мен әрекеттер түрінде келетін әртүрлі қажеттіліктермен жетеленеді. Іс-әрекеттің мотивация сипатына орындалуындағы табандылығы, яғни мақсатқа жетудегі табысы да тәуелді. Іс-әрекеттің мотивтері мен мақсаттары адам өмірінің қоғамдық шарттарына және оның жеке дамуының деңгейіне тәуелді. Іс-әрекеттің жеке дамуындағы маңызды рөл индивидтің қоғамдық тәжірибені меңгеру ойнайды. Іс-әрекет бірқатар ішкі, бір бірімен байланысқан әрекеттер арқылы жүзеге асып, біршама автоматтандырылған компоненттерден құрылған. Алайда жалпы алғанда әрбір іс-әрекет сезінімді, мақсатты бағытталған сипатта болады. Сезінімді мақсат заң сияқты адам әрекеттерінің әдісі мен сипатын анықтайды (К.Маркс). Ол күтілетін нәтижені алуда кездестірілетін кедергілерді белсенді түрде жеңуге жетелейді. Адамның іс-әрекетінің негізгі түрі болып оның физикалық және ой еңбегі табылады. Физикалық өнімділік еңбек қоғам мен оның әрбір мүшесінің өмір сүруі үшін қажет материалдық құндылықтарға бағытталған. Ой еңбегі ақиқатты үйренуге, ғылыми теориялар, әдеби, көркем және басқа да рухани құндылықтарды құруға бағытталған.
Адам іс-әрекеті – оның дамуына қажетті шарт, бұл үрдіс кезінде өмірлік тәжірибе пайда болып, қоршаған айнала танылып, білім сіңіріліп, дағды мен икемділік пайда болуының арқасында іс-әрекеттің өзі де дами түседі. Леонтьев А., Рубинштейн С., Теплов Б. және басқа да ғалымдардың зерттеулері және басқа ғалымдардың зерттеулері іс-әрекет кезінде психикалық үрдістер дамып, тұлғаның ой, сезім мен қайсарлық қасиеттері, қабілеттері мен мінез-құлығы жетіле түседі. Іс-әрекетті тұлға дамуының бір факторы ретінде қарастыра отырып, оның рөлі орта факторынан біршама өзгеше екендігін ескеру қажет. Шынында да, егер орта дүние мен өмір бейнесін құрып, баланы оның дамуы үшін қажетті «материалмен» қоршай отырып, әлеуметтік даму алғышарты болып келсе, онда іс-әрекет – тұлғаның өздігінен «өзін-өзі дамытуы, даму үрдісінің субстанциясы, оның материалдық жолы (жүру арқылы жүруге үйрену және т.б.). Даму, мысалы, адамгершілік, эстетикалық, саясаттық, еңбек және басқа да – бұл әрқашан іс-әрекет үрдісі, мақсатты бағытталған белсенділік кезінде пайда болған тұлғалық құрылымдағы жаңа түзулер.
Іс-әрекет – субъекттің объектке қатынасының белсенді формасы:
танымдық – ақиқатқа жету, оны ашу, зерттеу;
еңбектік – материалдық құндылықтар құрылып, сақталып, жетілдіріле түседі;
көркемдік – көркем бейненің қабылдануы, интерпретациялануы, қайта қалпына келуі, тасымалдануы;
қоғамдық – қоғамдық-құндылықты идеялар декларацияланады, жайылады, таратылады.
Егер іс-әрекет объектісі болып басқа субъект шықса, онда берілген іс-әрекетті қарым-қатынас, ал оның құрылу формасын – қимыл, қылық деп атайды.
Педагогикалық іс-әрекеттің мәні
Педагогикалық іс-әрекет – мақсатты бағытталған адам іс-әрекетінің ерекше түрі, себебі педагог өзінің алдына белгілі бір мақсат қоймауы мүмкін емес: мысалы, географиялық картаны оқуды үйрету, патриотизм сияқты тұлға қасиетін тәрбиелеу. Кең мағынада педагогикалық іс-әрекет жинақталған адамзат тәжірибесін болашақ ересектерге беру мәңгі әлеуметтік функциясын орындауға бағытталған. Осыдан шығатыны педагогикалық іс-әрекет адам баласын қоғамдық өмірге кірістіру бойынша ерекше, әлеуметтік және тұлғалық детерминацияланған іс-әрекет.
Берілген контекстте педагогикалық іс-әрекет оқытушы, тәрбиеленушінің оқушы немесе оқушыларға оның тұлғалық, парасатты және іс-әрекеттік дамуына бағытталған, әрі өзін өзі дамыту мен жетілдіру негізі ретінде шығатын тәрбиелейтін және оқытатын әсер. Ол үшін педагогикалық мақсат қоюшылық пен педагогикалық басқарушылық тән. Іс-әрекеттің бұл түрі В.В. Давыдов белгілеген өсіп келе жатқан ұрпаққа әлеуметтік қимыл іс-әрекет нормалары мен өнеркәсіптік іскерлік үлгілерін (эталондарын) құру, сақтау мен беру сияқты қоғамдық маңызы бар есептерді шешу барысында өркениет таңының атуында пайда болды.
Өзінің дамуы барысында қоғам «бір бірімен тығыз байланысты үйренуден», яғни балалар үлкендерден оларға еліктеуден класс, мектеп, гимназияларды құруға дейін қадам басты. Әртүрлі елдерде әртүрлі тарихи сатыларда білім беру мақсаты, мазмұны мен формаларында елеулі өзгерістерді басынан өткеріп, мектеп негізгі тағайындалуы – тиімді педагогикалық іс-әрекет ұйымдастыру болып келетін басты әлеуметтік институт болып қалыптасты. Ескере кететіні, бұл іс-әрекетті маманды түрде тек оқытушылар жүзеге асырады, ата-аналар, өнеркәсіптік ұжымдар, қоғамдық ұйымдар, көпшілік ақпарат құралдары білім-тәрбиелілік үрдістің ерікті немесе еріксіз қатысушылары болды.
Мамандандырылған педагогикалық іс-әрекет қоғаммен арнайы ұйымдастырылған білім беру орындарында: мектепке дейінгі мекемелер, маманды-техникалық училищелерде, орта арнайы және жоғарғы оқу орындары, қосымша білім беру, квалификацияны жоғарылату мен қайта дайындау мекемелері. Педагогикалық іс-әрекет адам іс-әрекетінің кез келген түріне тән сипаттамаларға ие: мақсатқоюшылық, мотивтендіру, пәнділік. Педагогикалық іс-әрекеттің мәнін А. Н. Леонтьев белгілеген мақсат, мотивтер, әрекеттер (операциялар), нәтиженің бірлігі ретінде оның құрылымын талдау арқылы ашуға болады, сондай-ақ оның жүйе құрылымдық сипаттамасы ретінде ол мақсатты санады.
Осылайша, педагогикалық іс-әрекет дегенде адамзат жинаған мәдениет пен тәжірибенің үлкеннен кішіге беруге олардың жеке дамуы үшін шарттарды құру мен қоғамдағы белгілі бір әлеуметтік рөлдерді орындауға бағытталған әлеуметтік іс-әрекеттің ерекше түрін түсінеміз.
Педагогикалық іс-әрекеттің мотивациясы
Педагогкалық іс-әрекеттің маңызды құраушыларының бірі болып оның мотивациясы саналады. Бұл термин «мотив» сөзінің туындысы болып есептелінеді. Л.И. Божовичке сәйкес мотивке сыртқы орта заттары, көріністер, идеялар, сезімдер мен толғаныстар – бір сөзбен айтқанда қажеттілік көрініс тапқан барлық нәрселерді жатқызуға болады.
Мотивация түснігін бір ғалымдар «тұлғаның мінез-құлқы, іс-әрекетінің сипаты мен бағыттылығын, мазмұнын анықтайтын мотивтер, түрткі болған нәрселердің жиынтығы» ретінде тапшылайды. Басқалары, біз де олардың көзқарасына қосыламыз, мотивацияны мотивтердің әрекетінің үрдісі, басымдығы бар тұрақты тұлғаның бағыттылығын, құндылықты бағыттылықтар анықтайтын және тәрбиелеу үрдісінде пайда болатын мотивтер жиынтығы деп санайды.
Б. Н. Додонов 4 құрылымды құраушыны бөліп шығарған, мотивация құрылымы қызығушылық туғызады: іс-әрекеттің өзінен ләззат алу, тікелей нәтижесінің тұлға үшін мәнділігі, іс-әрекет үшін марапаттылықтың мотивациялайтын күші, тұлғаға күштеу қысымы.
Мотивацияның жалпы аспектілері жайлы әңгімені аяқтай отырып, А. Маслоудың «қажеттілік үшбұрышын» келтірейік. Онда, бір жағынан, адамның әлеуметтік, интербелсенді тәуелділігі, ал басқа жағынан – оның өздік бекіту мен байланысқан танымдық, когнитивті табиғаты (8-сұлбаны қараңыз).
Жоғарыда аталғандай, педагогикалық мотивацияны, бір жағынан іс-әрекеттің мотивтер әрекетінің үрдісі ретінде, басқа жағынан, басымдығы бар тұрақты тұлғаның бағыттылығын, құндылықты бағыттылықтар анықтайтын және тәрбиелеу үрдісінде пайда болатын мотивтер жиынтығы деп санайды.
Мотивациондық бағыттар ретінде мұнда сыртқы мотивтер (мысалы, жету мотиві) және ішкі мотивтер (мысалы, үрдіске бағытталу мен іс-әрекеттің нәтижесі) шығуы мүмкін болады. Сыртқы мотивтер:
белгілі бір оқу мекемесінде жұмыстың қадірлігі;
жеке және маманды өсу мотивтерімен сәйкестендірілген еңбек ақысынң дұрыстығы;
өзін-өзі бекіту;
Сонымен қатар, мазмұны үлкен мен баланың өзара әрекеттесуі болып келетін педагогикалық іс-әрекетте доминанттау немесе билік мотиві сияқты бағыттылық пайда болады. Педагогикалық қабілеттерді зерттеушілердің біреуі билік мотивін доминанттылық қажеттілік ретінде анықтаған Г. А. Мюррейдің көзқарасына сүйене отырып, билік мотивінің педагогикалық іс-әрекетке қандай қатысы бар екенін шығарды. Ол доминанттылықты қажет етудің және оған сәйкес әрекеттердің негізгі қасиеттерін белгіледі. Доминанттылық қасиеттері немесе қажеттілік эффектілерін келесілерді қалаудан тұрады:
өзінің әлеуметтік айналасын бақылауды;
кеңес, қызықтыру, пікір немесе бұйыру арқылы басқа адамдарды;
басқа адамдарды өзіңнің қажеттіліктерің мен сезімдеріңе сай еліктіру;
олармен серіктестікке қол жеткізуді;
басқаларды өзіңнің ойларыңның дұрыс екендігіне нандыру;
Бұл қалаулардан кейін Мюррей Г. А. Бойынша әрекеттер кетуі мүмкін мына топтарға бөлген.
бейімдету, жүргізу, нандыру, көндіру, реттеу, ұйымдастыру, басқару жетекшілік ету, қадағалау, бағындыру, басшылық ету, билеу, кемсіту, шарттарды орындау, соттау, заңдарды орнату, нормативтерді орнату;
мінез-құлық ережелерін құру, шешімдер қабылдау;
тыйым салу, шектеу, қарсылық көрсету, айныту, бостандықтан айыру;
сүйсіндіру, баулу, өзіне құлақ түргізу, еліктеушілерді үйіру, сәнді орнату.
(Аминов Н.А. бойынша келтіріледі)
Билік феноменінің теориялық талдау материалы негізінде Н.А. Аминов оның көзқарасынша педагогикалық үрдістегі ең бір маңыздысы билік мотиві көркемдеу үшін келесі түрлерін келтіреді.
сый ақы билігі – күші күтумен анықталады, А (оқытушы) В (оқушының) мотивтерінің біреуін қаншалықты қанағаттандырады және А бұл қанағаттандырушылықты өзінің қалауындағы В мінез-құлқын өзінің қаншалықты тәуелділікке қояды.
жазалау билігі, күші В (оқушының), біріншіден, қандай да бір мотивті фрустациялау (қалап тұрған мақсатқа жетуге ақталмаған және жеңе ала қоймайтын кедергілермен түсіндірілетін тұлғаның іс-әрекеті мен санасының психологиялық күйі)
А (мұғалімнің) А үшін жағымсыз әрекеттер үшін жазалайтын шараны күтумен, екіншіден, А-ның мотивті қанағаттандырусыздықты В-ның жағымсыз әрекетінен қаншалықты тәуелді етіп қоюына байланысты анықталады.
– нормативті билік – А (оқытушы) мінез-құлықтың белгілі бір ерекшеліктерінің сақталуын бақылау мен қажеттілігі туса өжеттенуге хұқығы бар В (оқушымен) шығарылатын нормалар жиынтығымен түсіндіріледі.
– эталон билігі – В оқушыны идентификациялау және А-ға ұқсас болу қалауына негізделген.
– білімдер билігі – күші А-ға (оқытушы) В (оқушы) тарапынан оқылатын пән бойынша ерекше білім, сезімталдылық немесе пән ішінде оқыту машығының өлшеміне тәуелді.
– ақпараттық білім – А (оқытушы) В (оқушының) өзінің үйде немесе мектептегі мінез-құлқының нәтижесін жаңадан көруге мүмкіндік беретін ақпараты бар болғанда орын алады.
Билік мотивіне жас ыңғайын талдау барысында Н. А. Аминов Мак-Клелландтың билікпен мотивтендірудің деңгейін бөліп көрсетумен қатар (ассимиляция, автономдық, өзіндік және өнімділік) әрбіреуін дамуының контексінде интерпретацияланғанын көрсетті.
Осылайша, бірінші деңгейдің негізі «Бір нәрсе маған күш береді» болып бала мен ана қатынасы болып табылады. Билікке бағытталу тұрғысынан өмірдің кейінгі жылдары ол қолдап, қорғап, шабыттандырып, жандандырып, яғни индивидта өзінің күшіне сенімін арттыратын адамдар мен қарым-қатынасты білдіреді.