Тұздар гидролизі теориялық материал


Зертханалық жұмыс №9. Тұздар гидролизі



бет2/2
Дата11.05.2023
өлшемі45,72 Kb.
#176493
1   2
Байланысты:
зертхана тұздар гидролизі (1)

Зертханалық жұмыс №9. Тұздар гидролизі

а) Гидролиз кезіндегі тұздар ерітіндісі реакциясының ортасы.


1) Зертханада берілген реактивтер ішінен әлсіз қышқыл мен күшті негізден түзілген тұз ерітінділерін таңдап алу. Бір пробиркаға бір негізді қышқылдан, ал екіншісі көп негізді қышқылдан түзілген тұз ерітіндісін құйып, шыны таяқшамен лакмус қағазына бір тамшы тамызып ерітінді реакциясы ортасын тексеру. Гидролиз теңдеуінің толық молекулалық және иондық теңдеуін жазу. Қай жағдайда гидролиз сатымен жүреді?
2) Мыс (ІІ) сульфаты гидролизі теңдеуінің молекулалық және иондық түрде жазу. Оның ерітіндісі лакмусқа қалай әсер етеді? Тұжырым дұрыстығын тәжірибе жасап дәлелдеу. Лакмус түсі өзгеруіне қандай процесс нәтижесінде олар пайда болады.
3) Натрий хлориді ерітіндісі лакмусқа қандай реакция береді? Тұжырым қорытындысын тәжірибе жасап дәлелдеу. Тұздар ерітіндісінің индикаторға әсерін нәтижесін сызбанұсқа түрінде көрсетіңдер.
Кесте 16

Формула

Лакмус түсі

Реакция ортасы

Ерітіндідегі рН мәні
рН=7, рН<7, pH>7











б) Гидролиз өнімдерін зерттеу.
Пробиркаға темірдің (ІІІ) хлоридінің FeCl3 ерітіндісін құйып лакмус қағазымен сынау. FeCl3 гидролизі реакциясының бірінші сатысын жазу. FeCl3 ерітіндісіне магний ұнтағын салу. Газ бөлінуін бақылау? Түсіндіру.
в) Температураның гидролиз дәрежесін әсері.
Пробиркаға 3мл FeCl3 ерітіндісі мен натрий ацетатын араластыру. Химиялық реакция жүру белгілері бар ма? Ерітінді қайнату. Не байқалады? Fe(CH3COO)3 түзілуі мен гидролизі теңдеуін жазу.
г) Ерітінді сұйылтудың гидролиз дәрежесіне әсері.
Пробиркаға 1мл SbCl3 ерітіндісін құйып, тұнба түзілгенше тамшылатып дистильденген су қосу. Сұйылтқанға дейін гидролиз 1-сатыға дейін жүреді деп есептеп гидролиз теңдеуін жазу. Сұйылтқан соң гидролиздің 2-ші сатысы күшейіп, SbOCl түзіледі. (SbOH)2Cl –дың ыдырау нәтижесінде. Тұнбасы бар ерітіндіні келесі тәжірибеге дейін сақтау.
д) 1) Гидролиз қайтымдылығы.
5 тәжірибеде алынған тұнбасы бар ерітіндіге тұз қышқылын тұнба ерігенше қосамыз да соңынан су құямыз. Байқалған құбылысты түсіндіру. Сутегі ионы концентрациясының өзгеруі гидролиз тепе – теңдігіне қалай әсер етеді?
2) Натрий ацетаты гидролизі теңдеуін молекулалық және иондық түрде жазу.
Реакция ортасы қандай болу керек? СН3СООNa ерітіндісіне 2-3 тамшы фенолфталеин ерітіндісін тамызамыз. Түсінің қоюлылығын белгілеңдер. Алынған ерітіндіні екіге бөліп жартысын салыстыру үшін қалтырамыз да, қалған ерітіндіні қайнатамыз. Түсінің қоюлығы қалай өзгереді? Ерітіндіні суытып салыстыруға қалтырылған үлгімен салыстыру. Құбылысты түсіндіру.
к) Толық гидролиз.
Алюминий тұзы ерітіндісіне натрий карбонатының ерітіндісін құю. Пробирканы қыздыру, түзілген тұнбаны сүзіп, фильтр үстіндегі натрий карбонатының Na2CO3- артық мөлшерін шаю үшін ыстық су құямыз. Тәжірибе арқылы түзілген тұнба көмір қышқыл тұзы емес алюминийдің гидроксиді Al(OH)3 – екенін дәлелдеу.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет