Уалибековна



бет33/39
Дата11.05.2022
өлшемі3 Mb.
#142377
түріОқулық
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   39
Байланысты:
Disser
docx1545588075, Арнур, Айтилеуов Сакен, ктп, 4 курс билет ДШ тарихы, Спорттык туризм силлабус, Химия сабағында электронды дидактикалық құрал-жабдықтардың қолданудың тиімділігі, лекциялар жинағы Бағалаудың өлшемдік технология, 4 курс педагог, Cөйлеу шеберлігі, 4 курс Еңбекті қорғау 140322, 11 лек, Доктор, fd032c7f-dc69-4d37-86d3-aa31217442d4
Сабақтың тақырыбы: «Химиялық элементтер және олардың таңбалары»
Сабақтың мақсаты: Білімдік:Әрбір химиялық элементтің ӛзінің таңбасы болатынын, химиялық элемент атомның белгілі бір түрі екенін және химиялық элементтердің жіктелуі туралы ғылыми ұғым беру. Тәрбиелік: күнделікті тұрмыста қолданылып жүрген заттардың мәнін түсініп, оларды қолданудағы ережелерді сақтауға, химиялық қосылыстардың пайдасын біліп, оларды сақтауға тәрбиелеу.Оқушыларға экологиялық тәрбие беру.
Шығармашылық: Химиялық элементтердің таңбаларын меңгеріп, оны оқи білу, керекті жерінде қолдану арқылы есептер шығару, ӛздігінен есептер құрастыру жұмыстарын орындау.Сонымен қатар, оқушылар түрлі нақты деректерді пайдаланып, химия ғылымының болашағына кӛз жеткізіп, оны зерттей қарауға үйренеді.
Керекті құралдар:Химиялық элементтердің атаулары мен химиялық таңбаларының сызбасы, оқулық, оқу құралы, тірек сӛздер берілген кесте.
Қолданылатын әдістер: деңгейлеп оқыту технологиясы, сӛздік әдіс, кӛрнекілік әдісі, оқулықпен жұмыс, практикалық әдіс.
Сабақтың барысы:

  1. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару үшін мұғалімнің кіріспе түсінігі.

Мұнда бүгінгі тақырыптың мақсаты хабарланады.

  1. Оқушыларды топқа бӛлу.Әр топқа тапсырмаларды берумен қатар, оларды орындаудың мақсаты түсіндіріледі. 1-топқа, оқулықтағы мәтіннің 43- бетіндегі бӛлімін оқып, оны түсініп, мазмұндап айтуға және оны бұрын меңгерген жай зат туралы ұғымдарымен байланыстыруы керектігі айтылады. 2- топқа, мәтіннің 44-бетіндегі бӛлімінен металдар мен бейметалдар туралы ұғымды меңгеріп, металдар мен бейметалдардың басты қасиеттерін дәптерлеріне жазып, оны айтып беруге дайындалу. 3-топқа, тақырыптың осы бетіндегі екінші бӛлімін түсініп, ӛз ойларын мысалдар арқылы дәлелдеу. 4- топқа, «Химиялық элементтердің таңбалары» туралы оқып, кейбір химиялық элементтердің атаулары мен таңбаларын дәптерге жазып, оны тақтаға жазып кӛрсету. 5- топқа, оқу құралының 36-бетіндегі химиялық элементтердің символдары мен индекстері арқылы заттардың химиялық формулаларын жазу тапсырылады. Бұл мәселені оқып түсіну кезінде оқушылар химиялық формула

арқылы заттың сапалық және сандық құрамы жайлы түсінік қалыптастырады. Заттардың формуласы арқылы жай зат, күрделі заттарды ажыратуға жаттығады. Тапсырмаларды бергенде мұғалім оларға бӛлінетін уақытты да айтып түсіндіреді.

  1. Әр топ оқушылары ӛзіндік жұмыстардың нәтижесін жалпы ұжымның талқысына салып талдауға кіріседі. Осы талдау кезінде оқушылар бірін-бірі тыңдап, олардың жұмысын бағалайды. Бағалау бірнеше жолмен жүзеге асады. Алдымен топ мүшелері ӛз жұмыстарын топ ішінде ӛздері бағалайды. Мұнда топтағы әр оқушының белсенділігі мен ӛзіндік жұмыс барысындағы шешімділігі есептеледі. Онан кейін жалпы сынып алдында әр топ мүшелері бірін-бірі бағалап, олқылық және жетістіктерін атап кӛрсетеді.

  2. Білімді қортындылау барысында оқушылардың ӛз қалаулары бойынша олардың оқулықтағы «Біліміңді тексер» бӛлімінде берілген сұрақтар мен тапсырмаларды орындауын қамтамасыз етеді.

  3. Мұнан ары мұғалім ӛз пікірін тұжырымдап, оқушылардың жетістіктерін кӛрсете отырып, олардың бұл тақырыптан нені меңгеріп, нені ұғынғандарын айтуды талап етеді.

  4. Оқушылар кестедегі тірек сӛздерді пайдаланып, тақырыптың мазмұнына байланысты сӛйлем құрастырады. Сӛйлемдердің дұрыс құрылуы, анықтамалар мен атаулардың дұрыс қолданылуын оқушылар қадағалап, ӛз пікірлерін қосып, толықтыра алады.

  5. Бүгінгі сабақты қорыту ӛте жақсы оқитын оқушыға тапсырылады. Ол қысқаша бүгінгі жаңа ұғым бойынша нені меңгергенін, қандай іскерлікке үйренгендігін, тақырыпты талқылау барысында ӛзіне не ұнағанын, тағы да не білгісі келетінін айтуға тиіс.

  6. Мұғалімнің қорытынды сӛзінде оқушылардың белсенділік деңгейі бағалануға тиісті. Сонымен қатар, кездескен қиындықтар мен кеткен олқылықтарды атап, келесіде оған кӛніл бӛлу керектігі айтылады.

Сабақтың құрылымына кӛз жүгіртсек, бастан аяқ оқушылардың оқулықпен және оқу құралымен ӛзіндік жұмыс түрлерін орындауы арқылы оқушылар жаңа ұғым алғанын кӛруге болады. Олар алған ұғымдарын қортындылау барысында да оқулықты пайдаланады. Осы арқылы жаңа атаулар мен жаңа ұғымдарды меңгереді.Оларды пайдаланып есептер шығарады. Осы тұста мұғалім оқушыларға ӛзіндік есеп құрастыруға да мүмкіндік туғызады. Оқулықпен ӛзіндік жұмыс орындау нәтижесінде оқушылардың белсенділігі, ізденушілігі, ой қорытып, ӛз істерін тұжырымдау дағдылары дамиды.
Жоғарыда кӛрсетілген топтық жұмыстардың нәтижелі болуы бірнеше жағдайға байланысты. Ең алдымен топтың ішінде ӛте жақсы оқитын және жолдастарының әрекетін ұйымдастыра алатын оқушының болуы. Сонымен қатар, әрбір топтық жұмыстың ӛз алдына қойған мақсаттың болуы және оны оқушылардың жете түсінуі. Топ ішіндегі оқушының әрқайсысының жеке тапсырмаларды орындауы. Жұмыс нәтижелерін ӛзара тексеру және бір-біріне туындаған қиындықты шешуге кӛмектесуі. Әр топ мүшесімен алынған нәтижелерді біріктіріп, бір толық қорытындының жасалуы жүзеге асады. Бірақ,
топ құрамындағы оқушылардың қабілеті мен дайындық деңгейі әр түрлі болғандықтан, олар кейде бірдей ритммен жұмыс істей алмауы мүмкін. Мұндай жағдайда, топ мүшелерінің орындайтын жұмыс түрлерін олардың әрқайсысының мүмкіндігіне қарай бӛлу қамтамасыз етіледі. Ӛзіндік жұмыстар нәтижесінде оқулықтағы мәтін мазмұнын меңгеріп, саналы ұғынған оқушы оны мазмұндауға, толықтыруға, талдауға, қойылған сұрақтарға жауап беруге дайын болады. Оқулықпен жұмыс сабақтың басында, ортасында не соңында ұйымдастырылып, әртүрлі мақсатты орындауы мүмкін. Сабақтың бас кезінде мұғалім жаңа материалды түсіндіру үшін алдымен соған байланысты ӛзіндік жұмыс орындатып, сол арқылы жаңа ұғым беруге кӛшеді. Кейде оқушылар жаңа ұғымды меңгеріп, енді соның дәлелі ретінде кӛрсетілген ӛзіндік жұмыстарды орындап, алған білімдерін пысықтаса, кейде ӛзіндік жұмыстардың мазмұны оқыған материалды пысықтаумен қатар, білім тексеруге бағытталса, оны сабақтың қорытынды бӛлімінде орындайды.
Біз кӛрсеткен топтық жұмыстардың бір сабақ барысында орындалуына сенімсіздікпен қарау да мүмкін. Бірақ, бұл жерде ескерілетін мәселе - 7- сынып оқушыларының психологиялық ерекшеліктерін білу. Бұл жастағы оқушылардың сана-сезімі дамыған, ӛзіндік ойы мен пікірі бар. Сонымен қатар, олардың осыған дейінгі сыныптардан алған жүйелі білімдері мен ӛмір тәжірибелері жеткілікті. Ӛзінің «Менін» кӛрсетуге жауапкершілікпен қарай алады. Сондықтан да, бұларды дұрыс бағыттаған жағдайда ӛзіндік іс- әрекеттердің барлық түрінде орындауға олардың мүмкіндіктері мол.
Бейорганикалық химиядан оқушыларға оқулық пен оқу құралын байланыстыра отырып білім беруде негізгі дидактикалық принциптерді жүзеге асыруға тырыстық. Дидактикалық принциптер дегеніміз- бұл білім беруге педагогикалық тұрғыдан қойылатын талаптар. Олар білім берудің ғылымилығы, жүйелілік, теорияның практикамен байланысы, білімді саналы меңгеру, нақты және абстракті ойдың бірлігі, түсініктілік, кӛрнекілік, білімнің беріктігі және ұжымдық әрекеттердің бірлігі т.б. Сондықтан да мына тӛмендегі 6суретте кӛрсетілгендей мәселелер үнемі қарастырылып отырылды.

Оқушылардың ӛмір тәжірибесімен байланысы


Пәннің ғылымилығын жүзеге асыру


Қазіргі таңдағы ғылым
жетістіктерімен байланыс

Заттар, денелер, химиялық байланыстарды ашу


Сурет6– Пәннің ғылымилығын жүзеге асыру сызбасы


Пәннің ғылыми мазмұнын оқушыларға меңгерту мәселесіне байланысты бірнеше педагогикалық талаптарды ескеруге тиіспіз. Бірінші талап- оқушылардың әлеуметтік тәжірибесін дамытып,табиғат-қоғам және химиялық



ғылыми білім арасындағы байланысты нақты мысалдар мен деректерге сүйене отырып, материалистік тұрғыдан ұғындыру. Осының нәтижесінде оқушылардың химиялық білімге деген қызығушылығын, дұрыс қарым-қатысын дамыту, тәрбиелеу. Бұл бейорганикалық химия пәнінде берілетін деректер, ұғымдар, заңдар мен солар туралы теорияға негіздеп оқыту. Оқытудың ғылымилығы тек оқулықтағы материалдарды меңгерумен ғана емес, ол қосымша оқу құралындағы материалдарды кеңінен пайдалану, білімді бағалауға, тексеруге арналған басқа да қосымша материалдармен байланысты қарастыру арқылы жүзеге асады.
Бейорганикалық химиядан топтық ӛзіндік жұмыстармен қатар, жекеше орындалатын ӛзіндік жұмыстардың түрлері де жеткілікті. Мұндай жағдайда ескерілетін мәселе оқушылардың танымдық және біліктілік деңгейі.
Сондықтан да, жекеше ӛздік жұмысты ұйымдастыру оқушылардың мүмкіндігіне қарай деңгейлеп жекелеп беріледі. Мұндай жағдайда оқушылар ӛздігінен жеке жұмыстар орындайды. Сол арқылы олардың білім деңгейі мен біліктілігі айқындалады. Олардың бір-біріне кӛмегі тек жұмыс нәтижесін талдау кезінде жүзеге асады.
Қалыптастыру эксперименті барысында оқушылардың бейорганикалық химиядан есептер шығара білуіне де баса кӛңіл бӛлінді. Әсіресе, салыстырмалы молекулалық массаларға байланысты есептер, оқулықта да, оқу құралында да толық құрылымда берілген. Бұл есептерді шығара білу бейорганикалық химиядан білім мен білік қалыптастыруға мүмкіндік берді. Есептерін шығару арқылы оқушылар теориялық білімін тұжырымдайды, оны іс жүзінде қолдануға жаттығады. Есепті шығару үшін оқушылар химиялық құрал жабдықтармен және реактивтермен жұмыс істеуге дағдыланады. Есеп шығарып, оның шешімін табуға үйренген оқушылар ӛздігінен жұмыс істеуге жаттыға түседі. Оқушылардың химиядан алған білім сапасы мен практикалық іс-әрекетке әзірлігі эксперимент есептерін шығару үстінде байқалады. Ӛзіндік жұмыс ретінде есептерді жеке-жеке, топпен және бүкіл сынып болып орындату жұмыстары жүргізілді. Бұл жұмыстар кезінде оқушылар бұрын алған білімдері мен қалыптасқан біліктерін қолдануға және есеп шығару дағдыларын жетілдіруге жаттығады.Шығарған есептің нәтижесін оқушылар топпен және сынып бойынша талқылауға жаттығады. Сонымен қатар, оқушылардың ӛткен материалды меңгеру деңгейін және оны іс жүзінде қолдану шеберлігін тексеруге және бағалауға мүмкіндік туады. Есеп нәтижелерін талдау арқылы оқушылардың, оны орындау барысында жіберген кемшіліктерін және оның себептерін анықтап, оларды ӛзіне түзетуге жағдай жасалады..
Бірақ, эксперимент кезінде байқалған жағдай химиялық есептерді оқушылар бірден шығарып кете алмайтындығы. Мұндай ӛзіндік жұмысқа кӛп дайындықтың керектігі. Сондықтан да, ең алдымен оқушыларды есеп шығаруға үйрету үшін сынып жағдайында белгіленгенесепті теориялық тұрғыдан талқылау ұйымдастырылады. Талқылау кезінде сынып оқушылары түгел қатыстырылады. Мұғалімнің басшылығымен олардың әрқайсысының пікірін тыңдау, дұрыстау, тұжырымдау жүргізіледі. Сонан кейін оқушылармен
әңгімелесе отырып, жоспар құрылады. Жоспар бойынша есепті шығару оқушылардың ӛздігінен орындайтын жұмысы арқылы жүзеге асады. Осылайша бірнеше рет жаттыққаннан кейін барып, келешекте оқушылардың ӛздері жоспар құруға үйренеді және үй тапсырмасы ретінде беруге жол ашылады.
Кӛбіне бейорганикалық химиядан шығарылатын есептер оқушылардың танымдық іс -әрекетінің түріне қарай мына тӛмендегідей мазмұнда болады:

  • заттарды бір – бірінен ажырату;

  • химиялық реакцияларға байланыстылығы;

  • заттарды алу;

  • заттардың сапалық құрамын анықтау;

  • қоспаның құрамын анықтау және бӛлу;

  • берілген заттарға тән реакциялар жасау;

  • әртүрлі концентрациялы ерітінділерді даярлау;

  • химиялық формулалар мен заттың молекулалық массасын қатынасын есептеу;

  • заттың химиялық сапасын құрастыру т.б.

Есеп шығару кезінде оқушылардың мына іс-әрекеттері басым болады: талдау, жинақтау; жоспар құру; болжам жасау; алға қойған мәселені шешу.
Қазіргі таңда жаңартылған оқу бағдарламаларында оқушыларға берілетін білімді мәдениеттендіру принципіде қойылып отыр. Бұл мәселені шешуде бейорганикалық химиядан беріліетін білім барысында мына тӛмендегі 7сурет тұрғысынан жүзеге асырдық. Бейорганикалық білім беруде оқулық пен оқу құралдарын байланыстыру арқылы орындалатын сабақтан тыс ӛзіндік ӛзіндік жұмыстардың да мәні жоғары. Сыныптан тыс орындалатын ӛзіндік жұмыстардың мақсаты:

  • сабакта алынған білімді тереңдету және білікті бекіту;

  • оқулық пен оқу құралын пайдалануды және олармен жұмыс жасауға жаттықтыру;

  • түрлі кӛрнекіліктерді: кесте, сызба, графикалык мәліметтерді, химиялық символдарды пайдаланып жаттығу және олармен жұмыс жасау.

Бейорганикалық білім беруде оқулық пен оқу құралдарын байланыстыру арқылы орындалатын сабақтан тыс ӛзіндік ӛзіндік жұмыстардың да мәні жоғары. Сыныптан тыс орындалатын ӛзіндік жұмыстардың мақсаты:

  • сабакта алынған білімді тереңдету және білікті бекіту;

  • оқулық пен оқу құралын пайдалануды және олармен жұмыс жасауға жаттықтыру;

  • түрлі кӛрнекіліктерді: кесте, сызба, графикалык мәліметтерді, химиялық символдарды пайдаланып жаттығу және олармен жұмыс жасау.

  • ӛзіндік жұмысты қорыту, салыстыру, ой корыту, тужырым жасау сиякты танымдық кабілеттерін дамыту. ӛзіндік жұмысты қорыту, салыстыру, ой қорыту, тұжырым жасау сиякты танымдық кабілеттерін дамыту.

Мұндай жағдайда да, ӛзіндік жұмыстарға берілетін тақырыптар мен жұмыстардың түрлері мен мазмұны ӛзгеріп отырады. Үлгерімі орташа
оқушыларға ӛз деңгейлеріне сәйкес жеңіл тапсырмалар беріледі. Ал, үлгерімі жоғары окушылар қиындық деңгейі жоғары тапсырмалар алады.



сақтау
Химиялық ұғым бере отырып, Жекебас гигиенасын оқушылардың жалпы

мәдениетін кӛтеру
Жергілікті химия ӛнеркәсібімен
Білімді
мәдениеттендіру принципі
Заттар, денелер т.б. химиялық

мәдени орталықтармен ұғымдар туралы халықтық таныстыруұлттық мәдениетті білу

Сурет7– Білімді мәдениеттендіру принципінің сызбасы


Мәселен, оқулықтағы кейбір кестелерді, есептер мен тапсырмаларды, тәжірибелер мен эксперименттер түрін оқу құралындағы қосымша материалдарды үйден орындайтын ӛзіндік жұмыс ретінде пайдалану арқылы оқушыларды ешкімнің кӛмегінсіз жұмыс істеуге жаттықтырады.


Сыныптан тыс ӛзіндік жұмыстар кейде бүкіл сынып мүшелеріне арналып жалпы берілсе, кейде жеке-жеке оқушыларға бӛлініп беріледі. Мұндайда ӛзіндік жұмыстың мазмұны, кӛлемі, оқушының психологиялық ерекшеліктеріне сәйкестігі ескеріледі.
Қалыптастыру эксперименті барысында берілген нұсқау бойынша химиялық экспериментті орындау, белгілі тақырып бойынша жоспар құрастыруға, конспект жазу, қорытынды кестелер мен сызбанұсқаларды сызу т.с.с. жұмыстар сыныптан тыс жұмыс ретінде беріліп отырылды.
Сыныптан тыс ӛзіндік жұмысты сабақ барысындағы ӛзіндік жұмыстармен байланыстырып отыру жағы да қарастырылды. Сыныптан тыс жұмыс барысында оқушылар алдымен ӛздігінен кӛмексіз орындаудың әдіс-тәсілін үйренеді. Кейінгі кезде бұл іс-әрекеттерді ӛздігінен еркін орындайтын деңгейге кӛтерілді. Ең соңында, үйренген іс-әрекеттерді, яғни ӛзіндік жұмыстарды ӛздері еркін қолдану үшін оларға жаңа тапсырмалар ұсынылады, сыныптан тыс ӛзіндік жұмыстар кезінде де оқулық пен оқу құралын байланыстыра отырып қарастырдық. Оқу құралындағы берілген қосымша материалдар оқулықтың ғылыми дәлдігін күшейтеді және оқушылардың кӛңіл-күйіне жағымды әсер етеді. Себебі, мұнда оқулыққа қосымша түсіндіру және анықтамалық мағлұматтар, мәтіннен тыс компоненттер беріледі.
Қалыптастыру эксперименті барысында экологиялық және ӛлкетану принциптері де жүзеге асырылды. Мұны мына тӛмендегі 8суреттен кӛруге болады.
Оқу құралындағы материалдарды меңгеруді ұйымдастырға бағытталған аппараты да жеткілікті. Мұндай аппараттың құрамына сұрақтар мен тапсырмалар, жаттығулар, әрбір тақырыпқа байланысты есептер, олардың жауаптары, қорытынды кестелер, безендіру (иллюстративті) материалдары (сызба-нұсқалар, суреттер, диаграмма, сызулар және т.б.) кіреді.

Қоршаған ортаға әрекетін Ӛз әрекетін басқаның пайдалы ӛзі бағалауы әрекетімен
салыстыруы

Табиғатқа, адамдарғамәдени Қоршаған ортаға жағымды


адами қатынастары қатынастар
Сурет 8– Экологиялық принциптері сызбасы

Сонымен қатар, оқушылардың оқу жұмысын ұйымдастыру аппараты болады бұған зертханалық жұмыстар, үйде жасауға қолайлы химиялық эксперимент орындау үшін тапсырмалар, ережелер жатады. Меңгеруді ұйымдастыру аппаратын дұрыс қолдану арқылы оқытудың әртүрлі мақсаттары орындалады.


Оқу құралындағы әрбір тақырыпты жергілікті материалдармен байланыстыру, қоршаған ортаның нысандарын жүйелі бақылау, оның нәтижелерін сабақта және іс-тәжірибеде пайдалану арқылы ӛлкетану принципі жүзеге асады (9 сурет). Бұл оқушылардың ойда сақтауын және алған білімін қайта жаңғыртуын, сол арқылы ӛз істеріне сенімділігін арттырады. Мұндай жұмыс оқу құралы және оқулықпен білікті тұрғыдан жұмысты істеуді қалыптастырады, еңбек мәдениеттілігіне тәрбиелейді. Оқушылардың оқу құралының ұйымдастыру аппаратын қолдана білуі олардың ӛзіндік дамуына жағдай туғызады.

Тақырыпты жергілікті Қоршаған орта нысандарын


материалдармен жүйелі бақылау
байланыстыру Ӛлкетану принципі

Бақылау нәтижелерін Бақылау нәтижелерін


қортындылау сабақта және іс-тәжірибеде
пайдалану
Сурет9 – Ӛлкетану принципінің сызбасы

Бағдарламалық талаптар негізінен бейорганикалық химиядан білім беру барысында мынандай мақсаттарды басшылыққа алдық. Бұл білімдік, тәрбиелік, дамытушылық. Осылардың бірлігі ретінде сабақтастық принципін де жүзеге асыру кӛзделіп, оқу құралындағы әрбір химиялық ғылым түріне байланысты берілген тәжірибелер, реакциялар, есептер т.б. бәрі кеңінен сабақ беру барысында қолданылып отырылды. Сабақтастықты жүзеге асыру жолдарын мына тӛмендегі 10суреттен байқауға болады.


Бейорганикалық химияны жаратылыстану пәндерімен және оқу құралымен байланыстыра оқыту кезінде жаңа технологияларды қолдана отырып, білімнің саналы меңгерілуін әр уақытта қадағалап отырдық. Білімнің саналылығын қам- тамасыз етуде мына тӛмендегі жұмыстарды ұйымдастыру мен қолдану үнемі назарда болды. Оны тӛмендегі 11суреттен кӛруге болады.
Игерілген білімнің кейінгі оқу Пән бойынша меңгерілетін
ақпаратына тірек болуы білімнің тұтастығы, бірлігі
Сабақтастық принципі
Тақырыптан-тақырыпқа, Ғылыми атаулардың сақталу сыныптан-сыныпқа ауысқанда сабақтастығы материал мазмұнының сабақтастығы

Сурет10 – Сабақтастық принципінің сызбасы


Сабақ барысында оқушылардыңТәжірибе және зерттеу белсенділігін арттыру әдістерін қолдану
Саналылық принципі
Ӛзіндік жұмыс түрлерінің Ой қорыту, тұжырым жасау, басым болуы нәтижеге жету

Сурет 11– Саналылық принципінің сызбасы


Саналылық принципінің мәніоқушылардың танымдық іс-әрекетін қалыптастыруға мүмкіндік туғызады.Бұл білім берудің нәтижелілігімен байланысты.Білімді саналы меңгерген оқушының дүниетанымы да дамиды, сонымен қатар, ӛз білімін керекті жерде еркін қолдана алады. Білімді саналы меңгеруоқуға, кәсіби іс-әрекетке,айналып келгенде,ӛмірге деген дұрыс, нық кӛзқарасының қалыптасуының айғағы. Бұл принцип үнемі оқушының ізденісі арқылы, сабақта да, сабақтан тыс кезде де ӛзіндік іс-әрекетінің басым болуына байланысты жүзеге асады. Осы жоғарыда кӛрсетілген принциптердің орындалуы білімді берік меңгеруге әкеліп соғады. Ол мына 12суреттегіжұмыстар нәтижесінде жүзеге асады.




Нақты ғылыми ұғымдар мен Оқушылардың жүйелі ойына әсер деректердіжергілікті ететінәдіс-тәсілдерді қолдану
материалдармен
байланыстыру Білімді берік берудің жүзеге асуы

Оқушылардың тақырыптыБасқа принциптермен


байланысын меңгеругебайланысын қамтамасыз ету қызығушылығын тудыру
Оқушыларға берілетін ӛзіндік жұмыстардың түрін олардың мүмкіндігіне қарай деңгейлеп беру

Сурет 12 – Білімді берік беруді жүзеге асыру сызбасы


Қалыптастыру эксперименті кезінде оқушылардың ӛзіндік зерттеушілік іс- әрекеттерін ұйымдастыру тұстарына да кӛңіл бӛлінді. Зерттеушілік іс-әрекет кезінде оқушылар ӛз таңдауы бойынша тақырып алып, алдымен оның болжамын ұсынады. Одан әрі мұғаліммен ақылдаса отырып, тақырыпты зерттеудің жоспарын жасайды.Мұндайда оқушыға ӛзінің кӛзқарасын қорғай алатын, дәлелдер мен деректерді келтіре алатын тақырыптарды беру кӛзделеді.Бұл жағдайда оқушылар бұрын игерген білімдерін жаңа жағдаятқа кӛшіріп,іс-әрекеттің белгілі тәсілдерін қолданады. Кейде ӛте жақсы оқитын оқушыларға олардың тарапынан кешенді білімін қолдануды талап ететін күрделі, шығармашылықпен шешуді керек ететін тақырыптар берілді.
Сонымен тәжірибелік–эксперимент кезінде алға қойған мақсатымыз оқушыларға бейорганикалық химиядан білім беруде оқулық пен оқу құралының мазмұндық, құрылымдық жүйесін байланыстыра отырып білім берудің әдіс-тәсілдерін қолдандық.
Білім нәтижесін ақпараттық, бағалаушылық, процедуралық және рефлексивті тұрғыдан талдап, берілген білімді меңгерудің толымдылығы мен тереңдігін және оқушылардың оны саналы қабылдауын анықтау кӛзделді.
Оқушылардың қалыптастырушы эксперименттен кейінгі білімі мен біліктіліктерінің деңгейлерін анықтау үшін олардан ауызша және жазбаша бақылау жұмыстары алынды. Сонымен қатар, кейбір тәжірибелік жұмыстарды жасатып, оның нәтижесін айтқызып байқадық. Оқушылармен тест сұрақтары арқылы да байқау ұйымдастырылды. Қалыптастырушы эксперименттен кейін оқушылармен жүргізілген байқау жұмыстары біраз қиындатылып, олардың ойланып жауап беруімен қатар, ӛз пікірлерін дәлелдеуді талап ететіндей деңгейде жұргізілді. Мұнда оқушылар оқулықпен оқу құралының байланысын дәлелдей білді. Ол байланыстың білімдерін тереңдетудегі орынын да ашып кӛрсете алды. Сонымен қатар, ӛзіндік жұмыстардың олардың білімінің тереңдеуіне тигізген пайдасын саралай білді. Кӛпшілік оқушылар ӛз білімдерінің саналы меңгерілгендігін кӛрсетіп, сенімділік білдірді. Бұрын шамалы, орташа оқитын оқушылардың кӛбі жақсы оқитын және ӛзіндік іс- әрекетті ұйымдастырып, оны шеше алатын оқушылардың санына қосылды. Осы анықтаудың нәтижесінде оқушылардың білімі мен біліктілігінің үш түрлі деңгейі белгілі болды.



  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   39




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет