Учебно-Методический Комплекс дисциплины (для преподавателя) включает следующие материалы



бет70/171
Дата05.02.2022
өлшемі2,31 Mb.
#15248
1   ...   66   67   68   69   70   71   72   73   ...   171

Клетка қабықшасы


Клетка қабықшасы өсімдік клеткасының сыртын қаптап жатады. Ол қорғаныштық, мықтылық және тіректік қызмет атқарады. Сонымен қатар сыртқы ортадан өсімдіктерге қажетті заттарды қабылдауға, оны ажыратуға қатынасады. Клетка қабықшасының химиялық құрамына целлюлза ( клетчатка), гемицеллюлоза (жартылай клетчатка) және пектин заттары енеді.
Пектин заттары жоғары молекулалы көмірсулы қосылыс, суда бөртеді, кейбіреулері ериді. Сілтінің және қышқылдардың әсерінен оңай бұзылады. Жас клеткалардың қабықшасында кеңістіктер толып тұратындықтан, пектин клетка қабықшасының талшықтарын ғана емес, қатар жатқан клеткаларды бір – бірімен тығыз байланыстырып біріктіреді.
Целлюлоза - өте мықты және серпінді, күрделі көмірсуларына – полисахаридтерге жататын қосылыс. Целюлоза қайнап тұрған суда ерімейді, көптеген жануарлардың асқазанында қортылмайды. Целюлоза көптеген қышқылдармен негіздерде ерімейді, тек қана швейцер ерітіндісінде ериді. Клеткалардың орталық тақтасы және клеткааралық заттары еріген кезде клеткалар бір-бірінен ажырап кетеді. Бұл процесс мацерация деп аталады. Мацерация процесі микроорганизмдердің әсері арқылы жүреді. Целюлоза химиялық тұрғыдан алғанда β=1,4- Д-глюкан. Мұның молекулалары өте үлкен тізбек түзеді. Ондаған молекулалардан түзілген, бір-біріне параллель, белгілі бір ретпен орналасқан тізбектер қосылып мицеллалар түзеді. Әрбір мицеллада 100-ге дейін целлюлоза молекуласы болады. Целюлозаның негізгі құрылымдық бірлігі – микрофибрилл. Клетка қабықшасының негізгі қаңқасын қатайтып, оның мықтылығын қамтамасыз етеді. Қатар жатқан бірнеше мицеллалардан микрофибриллдер түзіледі, ал микрофибрилдердің шоқтануынан макрофибриллдер қалыптасады.
Клетка қабықшасының морфологиясы клетканың жасына және оның атқаратын қызметіне тікелей байланысты.Алғашқы рет клетка қабықшасы аналық клетканың экватор бойында, одан жаңадан пайда болған екі жас ядроның арасында қалтарыс ретінде түзіледі. Бұл қалтарыс клетка тақтасы деп аталады. Клетка тақтасы пектин заттарының жартылай сұйық массасынан тұрады, онда целлюлоза болмайды. Клетка тақтасы өсе келе клетканың бүйір қабырғаларымен қосылады.
Клетка тақтасы пайда болғаннан кейін әрбір жас клетканың протопластысы оның іш жағынан өзінің алғашқы қабықшасын жасай бастайды. Ол негізінен пектин заттары мен гемицеллюлозадан тұрады. Әдетте бұл алғашқы қабықша түзуші ұлпалардың клеткаларында ғана сақталады. Қалған ұлпалар клеткаларында клетканың жасының артуына байланыстыалғашқы қабықшаның іш жағынан екінші реттегі, кейде үшінші реттегі қабықшалар пайда болады. Алғашқы қабықшада фибриллдер клетканың өсуі барысында созыла алатын мүмкіндігі бар борпылдақ тор түзеді. Алғашқы қабықшада су мөлшері көп болады. Клетка өсуін тоқтатқаннан кейін, оның қабықшасының қалыңдауы іш жағынан целлюлоза фибрилдерінің жаңа қабаттарының пайда болу есебінен жүреді. Осының нәтижесінде соңғы қабықша пайда болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   66   67   68   69   70   71   72   73   ...   171




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет