Учебно-Методический Комплекс дисциплины (для преподавателя) включает следующие материалы



бет73/171
Дата05.02.2022
өлшемі2,31 Mb.
#15248
1   ...   69   70   71   72   73   74   75   76   ...   171
Клетка онтогенезі
Тіршілік циклінде немесе онтогенезінде көп клеткалы өсімдіктердің әр клеткасы басынан 5 кезеңді өткереді: 1) эмбриональды немесе бөліну кезеңін; 2) өсу кезеңін 3) дифференциялану; 4) толық жетілу кезеңін; 5) өлумен аяқталатын қартаю кезеңін. Бұл кезеңдердің арасында шекаралар шартты түрде ғана бөлінеді.
Эмбриональды кезеңде клеткалардың көлемі шамалы ғана болып, пішіндері изодиаметрлі, алғашқы өте жұқа қабықшамен жабылады. Оларда вакуольдері майда, әдетте біршама сирек. Ядро клетканың ортасында орналасады. Эмбрииональды клеткаға тән ерекшеліктің бірі – цитоплазманың гиалоплазманы толықтырып тұратын бос рибосомаларға қанықтылығы. Бұл кезеңде эндоплазмалық ретикулум нашар дамып, сирек, қысқа түйіршікті цистерналардан тұрады.
Клетканың өсу кезеңі бөліну тоқтағаннан кейін басталады. Өсу клетка көлемінің едәуір үлкеюімен сипатталады. Созылу өсу клетканың суды қарқынды сіңіруі арқылы жүреді.
Майда вакуольдердің көлемі ұлғаяды, бұлар ретикулум цистерналарының локальды кеңеюі есебінен жаңа вакуоль пайда болғанға дейін бір-бірімен қосылады. Пластидтер мен митохондриялар саны артып, көлемі өседі.
Дифференциалану клетканың өсу кезеңінде басталады. Өсіп келе жатқан клеткалардың арасында құрылымдық және функциональдық айырмашылықтар пайда болуымен сипатталады. Ақырында пішіні, құрылысы әр түрлі, атқаратын қызметі толық жетіліпсараланған клеткалар пайда болады. Осыған сәйкес клеткаларда олардың барлық органеллаларына және клетка қабықшасына қатынасы бар күрделі өзгерістер жүреді. Клеткалардың бірінде хлоропластар басымырақ дамып, цитоплазманың артығырақ құрамдас бөліктеріне айналады да, бұдан фотосинтездеуші клеткалар жетіледі. Кейбір клеткаларда ядро жойылады және тонопласт ыдырайды, сөйтіп органикалық заттарды өткізетін клеткалар – сүзгілі элементтер пайда болады.
Толық жетілу кезеңінде өсімдіктер клеткаларының арасында олардың құрылымының алуан түрлі болып келуінен байқалатын “еңбекті бөлісу ” принцпі едәуір дәрежеде айқындалады. Әрбір клетка өзіне тән белгілі бір сандық қатынасы, құрылысы бар клетка органеллаларымен және қабықшаларымен үйлесе келіп, белгілі бір ерекше құрылымға ие болады. Толық жетілу кезеңінің ұзақтығы клетканың типіне байланысты әр түрлі.
Толық жетілу кезеңінен кейін көнеру кезеңі келеді, клетканың тіршілік қызметі төмендей бастайды, күрделі құрылыстан жай құрылысқа ие болады. Бұл кезеңде клеткалардың әр түрлі типтеріне тән жалпы заңдылық байқалады. Ең әуелі атқаратын басты қызмет нашарлайды. Тыныстың қарқындылығы төмендеп, белоктардың, көмірсулардың және цитоплазманың басқа заттарының құрамы азаяды.
Көнеру кезеңінің соңында клеткада әдетте ядроның айналасына аз ғана органеллалар жинақталады. Рибосомалар және диктиосомалар түгелдей жоқ болып кетуі мүмкін. ақырында клетка өледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   69   70   71   72   73   74   75   76   ...   171




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет