Учебно-методический комплекс Мамандық /Специальность 0105000 «Бастауыш білім беру»


тақырып Бұлшық ет жүйесіне жалпы анатомиясы. Бас және мойын бұлшықеттері



бет19/91
Дата29.03.2022
өлшемі1,03 Mb.
#137091
түріУчебно-методический комплекс
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   91
Байланысты:
anatomiya platonus zhbb umk 3

2.6 тақырып Бұлшық ет жүйесіне жалпы анатомиясы. Бас және мойын бұлшықеттері


Бұлшық еттердің маңызы.
Біздің организміміздің енжар бөлігі – қаңқаны бұлшық еттер қимыл – қозғалысқа келтіреді. Бұлшық еттер тірек – қимыл жүйесінің белсенді бөлігін құрайды. Олар біздің денемізді тік бағытқа ұстайды және денеміздің әр түрлі қалыпқа келуіне мүмкіндік береді. Құрсақ бұлшық еттері ішкі мүшелерді бірқалыпты ұстайды және қорғайды. Көкет (диафрагма) кеуде қуысын құрсақ қуысынан бөледі. Көлденең жолақты бұлшық еттер көз алмасының қозғалуын, жұтуды; қабырғааралық бұлшық еттер тыныс қозғалыстарын т. б. қамтамасыз етеді. Адамда 600 – ден астам қаңқа бұлшық еттері бар және олар көлденең жолақты ұлпадан түзілген.
Бұлшық еттің құрылысы
Біріңғай салалы, көлденең жолақты қаңқа, көлденең жолақты жүрек (миокард) бұлшық еттері болады.
Біріңғай салалы бұлшық еттер көптеген ішкі мүшелер, тамырлар қабырғасын құрайды. Біріңғай салалы бұлшық ет ұлпасы бір ядролы, ұршық тәрізді жасушалардан тұрады. Олар арқылы қозу баяу, яғни адам еркінен тыс жүзеге асырылады.
Көлденең жолақты (қаңқа) бұлшық еттер көлденең жолақты талшықтардан тұрады. Талшықтар ішінде нәруыз жіпшелері өтеді, оларға байланысты бұлшық еттер жиырылады. Талшықтардан бұлшық ет шоғырлары, ал бұлшық ет шоғырларынан бұлшық ет түзілген. Бұлшық еттер сіңірге айналатын дәнекер ұлпасымен жабылған. Олар сіңір арқылы сүйек ойысына, төмпешігіне бекиді және қаңқаны қозғалысқа келтіреді. Бұлшық еттерде көптеген қан тамырлары болады. Олар арқылы бұлшық еттер қоректік заттармен және оттекпен қамтамасыз етіледі. Сонымен қатар осы тамырлар арқылы алмасу өнімдері – тіршілік әрекетінің зиянды заттары сыртқа шығарылады.
Бұлшық еттердің негізгі топтары. Бұлшық еттерді орналасуына қарай бас және мойын, дене және аяқ – қол бұлшық еттері деп бөледі.
Бас бұлшық еттеріне мимикалық және шайнау бұлшық еттері жатады. Шайнау бұлшық еттері үстіңгі және астыңғы жақ сүйектері арасында орналасады. Олардың бір ұшы астыңғы жақ сүйекке, екінші жағы бас сүйектеріне бекиді. Олардың жиырылуына байланысты тамақты шайнағанда және сөйлегенде астыңғы жақ сүйектері қозғалады.
Мимикалық бұлшық еттер бетке белгілі бір көрініс – мимика береді: көз және ауыз айналасындағы бұлшық еттер, күлкі бұлшық еттері. Олар теріге, не бір ұшы теріге, екінші ұшы бас сүйектің бет сүйегіне бекиді.
Мойын бұлшық еттері басты тепе – теңдікте ұстайды, бас пен мойын қозғалысына, сондай – ақ жұтуға қатысады.
Дене бұлшық еттері. Қабырғааралық бұлшық еттер және көкет тыныс қозғалыстарын қамтамасыз ететін кеуде қуысы көлемін өзгертеді. Құрсақтың алдыңғы қабырғасы құрсақ бұлшық еттерінен түзілген. Бұл бұлшық еттер жиырылып омыртқа жотасының иілуіне, тыныс алу қозғалыстарына, ішкі мүшелердің жұмысына қатысады. Сонымен қатар құрсақ қуысының мүшелерін қорғайды. Арқада бас, кеуде қуысы мен қолдың қозғалуына қатысатын арқаның трапеция тәрізді, жалпақ бұлшық еттері орналасады.
Аяқ – қол бұлшық еттері. Дельта тәрізді бұлшық еттер иық белдеуінде қолды қозғалысқа келтіреді. Бицепс (екі басты бұлшық ет) қолды шынтақ буынында бүгеді, ал трицепс (үш басты бұлшық ет) қолды жазады.
Сан арқылы тігінші бұлшық еті өтеді. Бұл – ең ұзын бұлшық ет. Санның алдыңғы жағында санның төрт басты бұлшық еті - – тізе буынын жазатын бұлшық ет орналасады. Ол сонымен қатар санды жамбас – сан буынында бүгуге қатысады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   91




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет