Учебно-методический комплекс Мамандық /Специальность 0105000 «Бастауыш білім беру»



бет21/91
Дата29.03.2022
өлшемі1,03 Mb.
#137091
түріУчебно-методический комплекс
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   91
Байланысты:
anatomiya platonus zhbb umk 3

2.8 тақырып Қол бұлшық еттері
Жауырынды тұлғаға бекітетін еттер:
Трапеция тәрізді бұлшық ет- жалпақ келген трапеция тәрізді ет. Ол бірінші мойын мен 10-11 арқа омыртқаларының аралығында жатады. 3-ші арқа омыртқасының тұсында бұл ет мойын және арқа бөліктеріне бөлінеді.
Қызметі: трапеция тәрізді еттің мойын бөлігі жауырынды алға және жоғары қарай, ал арқа бөлігі артқа және жоғары қарай қозғайды.
Ромб тәрізді бұлшық ет трапеция тәрізді бұлшық еттің астында орналасқан ұзынша келген жалпақ ет. Бұл бұлшық ет екі бөліктен (мойын және арқа) құралған.
Атлантакромион бұлшық еті- мойынның бүйір бетінде орналасып, ауыз омыртқа қанаты мен жауырын акромион өндірісін байланыстырып жатқан лента пішіндес жұқа бұлшық ет.
Қызметі: Жауырынның дистальдік бөлігін алға қарай тартып, осы бағытта кеуделік аяқтың жылжуын қамтамасыз етеді.
Вентральдік тістік бұлшық ет- мойын мен көкірек жасушасының бүйір бетінде орналасқан. Ол мойын мен кеуде бөліктерден құралған. Осы бөліктердің басталатын ұштары тіс тәріздес болып келеді. Сондықтан еттің тісті болып аталуы осыған байланысты. Қызметі: Екі жақтың аттас бұлшық еттері бірігіп, тұлғаны жауырын аралығына асып тұрады.
Тоқпан жілікті тұлғаға бекітетін еттер.
Төс- бас бұлшық еті төс сүйегінен басталып, ірі қара малда , ұсақ малда самай мен төменгі жақ сүйектеріне, ал жылқыда төменгі жақ сүйегіне барып бекиді.
Қызметі: Бұлшық ет жиырылғанда төменгі жақ сүйегін төмен түсіріп ауызыдың ашылуына көмектеседі.
Иық- бас бұлшық еті мойынның бүйір бетінің үстіңгі қабатында жатқан ұзынша келген жалпақ ет. Ол бастың шүйде, самай және төменгі жақ сүйектерінен басталып, тоқпан жіліктің бұдырына келіп бекиді.
Қызметі: Кеуделік алыңғы аяқты алға қарай қозғайды.
Арқаның тым жалпақ бұлшық еті- көкірек керегесінің бүйір бетінде, жауырынның артында орналасқан өте жалпақ, үшбұрышты бұлшық ет. Ол 3-ші арқа мен соңғы бел омыртқаларының аралығынан бел – арқа шандыры арқылы басталады. Ет талшықтары кранио-вентральдік бағытпен тоқпан жіліктің дөңгелек буынына келіп бекиді.
Көкіректің беткейлік бұлшық еті- көкіректің вентральдік бетінде , кеуделік аяқтарының арлығында , терінің астында орналасады.
Қызметі: Көкіректің беткелік бұлшық еті аяқты бір-біріне жақындатады (аддуктор), иықты алға жылжытып, иық буынын жазылдырады.
Көкіректің тереңдік бұлшық еті- төс сүйегінен, қабырға шеміршегінен және құрсақ шандырынан басталып, тоқпан жіліктің үлкен және кіші төмпегіне барып бекиді.
Қызметі: көкіректің тереңдік бұлшық еті аддуктор болып есептеледі.
Омыртқа бағанасының дорсальдік бұлшық еттері
Тым ұзын бұлшық ет- омыртқа бағанасының бас сүйек пен құймышақ аралығында жатқан ұзын ет. Ол арқа, мойын , бас және атлант бөліктерінен тұрады.
а) арқаның тым ұзын бұлшық еті- өзінің күшті сіңірлі ұштарымен мықындық сүйектің қырынан, құйымшақ, бел және соңғы 4-ші-5-ші арқа омыртқаларының жоталық өсіндісінен басталып, соңғы мойын омыртқасының көлденең өсіндісіне барып бекиді;
б) бастың тым ұзын бұлшық еті- бірінші арқа мен соңғы мойын омыртқаларының емізікше өсінділерінен басталып, самай сүйегінің емізікше өсінділерінен аяқталады.
в) атланттың тым ұзын бұлшық еті- бастың ұзын бұлшық етімен бірге басталады да, ауыз омыртқаның қанатына келіп бекиді.
Мықынқабырғалық бұлшық ет- тым ұзын бұлшық еттің латеральдік жағында орналасқан. Оны дорсальдік тісті еттер жауып тұрады. Бұл бұлшық ет бел, арқа және мойын бөліктеріне бөлінеді.
Таңғыш тәрізді бұлшық ет- мойында жатқан жалпақ ет. Оны латеральдік бетінен трапеция, ром тәрізді және иық-бас бұлшық еттер жауып жатады. Таңғыш тәрізді бұлшық ет алғашқы төрт арқа омыртқаларының жоталық өсінділерінен басталып, бас және мойын бөліктеріне бөлінеді. Бас бөлігі барлық үй жануарларында желке қырымен самай сүйегінің емізікше өсіндісінде аяқталады. Мойын бөлігі шошқада ауыз омыртқаға, ірі қара малда 1-ші,2-ші мойын омыртқаларына, жылқыда алғашқы 3-ші,5-ші мойын омыртқаларына бекиді.
Бастың жартылай жоталық бұлшық еті, ол алғашқы 6-ші, 7-ші арқа және соңғы (6-ші, 7-ші) мойын омыртқаларынан басталып, шүйде сүйегінің қырынан барып бітеді.
Арқа мен мойынның жоталық бұлшық еті- бел және арқа омыртқаларының жоталық өсіндісінен басталады. Оның жекеленген тістері 7-ші, 1-ші арқа омыртқасының жоталық өсінділерінің каудальдік жиегіне және соңғы 4-ші, 5-ші мойын омыртқаларының жоталық өсінділеріне бекиді.
Көп білікті бұлшық еттер- арқаның тым ұзын бұлшық етіннің астында , құйымшақпен білікті омыртқалардың аралығында , омыртқаларға жабысып жатқан бұлшық ет.
Жоталық өсіндіраралық бұлшық еттер, омыртқалардың жоталық өсінділерінің аралығында жатады. Ол мойын омыртқаларда жақсы дамыған. Арқа және бел бөліктерінде тек шошқа мен итте кездеседі.
Көлденең өсіндіаралық бұлшық ет- омыртқалардың көлденең өсінділерінің аралығында орналасады.
Омыртқа бағанасының вентральдік бұлшық еттері:
Бастың ұзын бұлшық еті- мойын омыртқалары денелерінің вентральдік бетінде жатады. Ол осы омыртқалардың қабырғалық өсінділерінен басталып, шүйде сүйегі денесінің ет төмпегіне бекиді.
Мойынның ұзын бұлшық еті-жоғарыда баяндалғандай мойын мен арқа омырқалары денелердің вентральдік бетінде қиғаш орналасып, екі бөлікке бөлінеді. Еттің мойын бөлігі етті тістерімен ауыз омыртқаның вентральдік төмпегімен 2-ші, 5-ші мойын омыртқаларының вентральдік қырынан басталады.
Белдің үлкен бұлшық еті- бел омыртқаларының көлденеңқабырғалық өсінділері мен денелерінен және соңғы екі қабырғаның медиальдік бетінен басталып, ортан жіліктің кіші үйіргішіне бекиді.
Белдің кіші бұлшық еті- белдің үлкен бұлшық етінің медиальдік жағында, аттас бір-біріне жанаса орналасады. Ол соңғы 3 арқа мен 4-ші, 5-ші бел омыртқаларының денелерінен басталып, мықын сүйектің кіші бұлшық ет төмпегіне бекиді.
Белдің квадраттық бұлшық еті- бел омыртқаларының көлденеңқабырғалық өсінділерінің бетінде орналасады. Оны белдің үлкен беті жауып жатады. Ол соңғы екі қабырғаның омыртқаларға жақын тұсының медиальдік бетінен және бел омыртқалардың көлденеңқабырғалық өсінділерінен басталады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   91




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет