Учебно методический


Дәріс №6 Тақырыбы: «Гинекологияда «жедел» іш. Шұғыл көмек»



бет39/199
Дата06.02.2022
өлшемі5,99 Mb.
#79374
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   199
Байланысты:
УМКД Акушерство каз. 4 курс ОМ

Дәріс №6


Тақырыбы: «Гинекологияда «жедел» іш. Шұғыл көмек»
Мақсаты: гинекологиядағы жедел жағдайлар, жатырдан тыс жүктілік, аналық без ісігің аяқшасы бұралуы, аналық без апоплексиясі кезіндегі жедел жәрдем көрсету.
Дәріс тезистері.
«Өткір» іш деп, этиологиясі және клиникалық ағымы әр түрлі, құрсақ қуысында пайда болатын патологиялық процесстер. Әр түрлі себептерге байланысты, гинекологияда «өткір» іш симптоматикасі көп жалпы көріністері бар:
- Толық саулық кезінде ауру сезімінің кенеттен пайда болуы. Ауру, жиі іштің төменгі жағында басталады, ақырын күшейеді және бүкіл іш аймағына тарайды, кейде соншалықты күшті, естен тану шақыруы мүмкін.
- лоқсу, құсу;
- ішекте газдар мен нәжістің шығуының бұзылысы (балаларда жиі диарея);
- ішастар тітіркену симптомдары.
Гинекологиядағы «Өткір іш» себептерін 3 топқа бөлуге болады:
Жедел құрсақішілік қан кету(жатырдан тыс жүктілік асқынуы, аналық без апоплексиясы);
Ішкі жыныс мүшелердегі қан айналым бұзылыстары(аналық бездің ісігінің аяқшасының және бездің ісік тәрізді түзілістердің бұралуы, миоматозды түйін бұралуы және некроз);
Әйел ішкі жыныс мүшелерінің жедел қабыну аурулары, патологиялық процесске ішастардың қатысуы.
Жатырдан тыс (эктопиялық) жүктілік – ұрықтық жұмыртқаның имплантациясі және дамуы жатырда өтпейтін жүктілік. Орналасуы бойынша жіктелу. Прогрессивті, үзілген жатырдан тыс жүктілік(түтікті аборт, түтік жарылуы).
Аналық без апоплексия дегеніміз, фолликул, аналық без стромасы, фолликулярлы киста немесе сары дене тамырының жарылып, без бүтінділігінің бұзылуы және құрсақ қуысына қаңсыраумен бірге өтетін, аналық безге қаңсырау. Апоплексия кез-келген жаста(45-50) кездеседі. Жиілігі 1-3%. Ауру рецидиві 42-69% жағдайда болады. Аналық без апоплексиясының аурулық және анемиялық формасы.
Жатыр қосымшаларының ісік аяқщаларының бұралуы 15-25% жағдайда байқалады, бірақ субсерозды бұрыш аяқшасы, жатыр түтігі, өзгермеген аналық бездің және тұтас жатыр және оның қосымшалардың бұралуы байқалады.
Әйел ішкі жыныс мүшелерінің жедел қабыну аурулары: пиосальпинкс, пиоовар, тубоовариальді түзілістер, гинекологиялық перитонит.
Гинекология және хирургиядағы «Өткір іштің» диф.диагностикасы.
«Өткір іш» симптоматикасі бар науқастардың барлығы шұғыл түрде ауруханаға жатқызылуы, дұрыс, әрі уақытылы диагнозбен және жедел жәрдем көрсетілуі керек. Жедел гинекологиялық жағдайлардағы жәрдем көрсету алгоритмі.
Иллюстрациялық материал: мультимедиялық презентация(кесте және суреттерімен бірге..
Әдебиет:
Орысша негізгі:
1.Гинекология: учебник + СД /под ред. Г.М.Савельевой и др. – М., ГЭОТАР-Медиа, 2006., С.- 317-342
қосымша:
Гинекология: учебное пособие по клинической практике для студентов медицинских колледжей/ под.ред. К.А.Аяпова – Алматы, 2005., С.-41
На казахском языке
негізгі:
Көзденова Р.Ә., Сейітмәмбетова Н.Қ. «Гинекология» Алматы, 2001ж.
қосымша:
Нұрқасымұлы Жомарт. Гинекология - Алматы, 2007ж.
2. Ошибаев Н., Нұрқасымұлы Ж. Акушериялық және гинекологиялық операциялар- Алматы, 2006ж.

Бақылау сұрақтары(кері байланыс):





  • «жедел іш» симптомдары қандай?

  • Гинекологиядағы «Өткір іш» себептері?

  • Орналасуы бойынша жатырдан тыс жүктілік жіктелуі.

  • Аналық без апоплексиясі дегеніміз не?

  • Жатыр қосымшаларының іріңді түзілімдері қалай аталады?





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   199




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет