4 блок
№ 12 сабақ Босандыруды жүргізу. Босану ырғағын тіркеудің жаңа әдістері. Партограмма.
Бастапқы білім тесттері жауаптары
жоқ
жоқ
жоқ
жоқ
иә
иә
иә
жоқ
иә
иә
4 блок
№ 12 сабақ Босандыруды жүргізу. Босану ырғағын тіркеудің жаңа әдістері. Партограмма.
Қорытынды білім тесттері
1.Партограммада жатыр мойнының ашылуын қандай белгімен белгілейді:
А) «О»
Б) «Х»
В) «М»
Г) «А»
Д) «I»
2.Партограмманың қай көрсеткіші ұрықтың гипоксиясын диагностикалайды:
А) жатыр монының ашылуының динамикасы
Б) толғақтар сипаттамасы
В) ұрық айналасындағы сұйықтықтың түсі
Г) ұрықтың басының конфигурациясы
Д) ұрық басының жылжуы
3.Партограммада қай штрихтар әлсіз толғақты білдіреді:
А) нүктелер
Б) қиғаш сызықтар
В) толық боялу
Г) көлденең сызықтар
Д) тігінен сызықтар
4. Босанушы К., 23 жаста, толғақ басталғаннан кейін 6 сағ кейін босану бөліміне жеткізілді. Толғақтар 45 сек 3-4 мин аралығында. PV: жатыр мойны жазылған, ашылуы 4 см, ұрық қапшығы бүтін, басының жатуы дұрыс, кіші жамбастың кіреберісінде орналасқан. 4 сағ кейін қайта қаралды P.V.: жатыр мойны ашылуы 6 см. Жатыр мойны ашылуының жылдамдығын анықтаңыз:
А) монотонды
Б) жылдам
В) жәй
Г) жеткіліксіз
Д) жеткілікті
5. Жатыр мойнының ашылуын көресететін сызық жітілік сызығының сол жағында орналасқан. Бұл көрсеткіш:
А) босану темпі жеткіліксіз
Б) босану темпі жеткілікті
В) бала басымен ана жамбасының көлемдері сәйкес келмейді
Г) босанудың бірінші кезеңінің активті фазасы басталды
Д) босанудың екінші кезеңі басталды
6.Кіші жамбас қуысына сәйкес бастың орналасуын анықтаңыз:
А) кші жамбас жазықтығына кіреберісінде бекінген
Б) кіші жамбас кіреберісінде кіші сегментпен
В) кіші жамбас кіреберісінде үлкен сегментпен
Г) кіші жамбастың кеңейген жерінде
Д) кіші жамбастың тарылған жерінде
7. Қынаптық зерттеу кезінде сегізкөз ойысының тегіс баспен бекінгені анықталды, шонданай жиектері анықталмайды. Ұрық басының қай жерде орналасқанын көрсетіңіз:
А) басы жамбас түбінде
Б) басы кіші жамбас кіреберісінде
В) кіші жамбас кіреберісіне жанасқан
Г) басы кіші жамбастың тарылған жерінде
Д) басы кіші жамбастың кеңейген жерінде
8. Босанудың екінші кезеңінде ұрықтың жүрек соғысы тыңдалады:
А) әр толғақ сайын
Б) әр 5 мин сайын
В) әр 10 мин сайын
Г) әр 15 мин сайын
Д) әр 30 мин сайын
9. Жолдастан бөлініп ұалған бөлікті суретте қандай әдіспен шығаруда:
А) Абуладзе әдісі
Б) Гентер әдісі
В) Шредер әдісі
Г) Креде-Лазаревич әдісі
Д) Кюстнер –Чукалов әдісі
10. Бала жолдасын активті шығару кезеңінде акушер міндетті:
А) 10 ЕД окситоцинді к/т, кіндікті тартып ұстау қажет, жатырдың айналуына кедергі жасау
Б) жатырға сыртқы массаж жасау, 10 ЕД окситоцинді к/т, кіндікті тартып ұстау қажет
В) жатырға сыртқы массаж жасау, 10 ЕД окситоцинді б/е, кіндікке әр 10 мин сайын тракция жүргізу
Г) жатырға сыртқы массаж жасау, кіндікті тартып ұстау қажет, жатырдың айналуына кедергі жасау
Д) 10 ЕД окситоцинді б/е, кіндікті тартып ұстау қажет, жатырдың айналуына кедергі жасау
Қорытынды білім тесттерінің жауаптары
Достарыңызбен бөлісу: |