Тақырыбы: «Балалар гинекологиясының негіздері» Мақсаты: жыныстық жетілу кезеңінің физиология және патологиясі, әйелдердің аналық бездерінің даму ақаулары, ювенильді жаста репродуктивті жүйе және репродуктивті ағзалардың ауруларының алдын-алуымен таныстыру.
Дәрістер тезисі
Жыныстық жетілу кезеңінің физиологиясі. Пубертантты кезңнің екі фазасы. Жыныстық жетілудің бұзылуы. Ерте жыныстық жетілу – 8 жасқа дейін екіншілік жыныс белгілердің пайда болуы. Изосексуальді және гетеросексуальді тип бойынша ерте жыныстық жетілу. Ерте жыныс жетілудің толық және толық емес формасы. Орталық және аналық без генездік жыныстық жетілудің тежелуі. Жыныстық жетілу бұзылыстарының диагностикасі.
Әйелдердің жыныстық мүшелерінің даму аномалияларына аяқталмаған органогенез түрінде анатомиялық құрылыстың бұзылуы, көлемі, формасы,пропорциясі, симметрия, топографиясіның ауытқуы, постнатальді периодта әйелге тән емес түзілістердің болуын жатқызады. Қазіргі кезде, құрсақішілік даму ақауына алып келетін себептердің 3 тобын ажыратады: тұқымқуалаушылық, экзогенді, мультифакторлы. Көптеген даму ақаулар көріністерін алғашқы рет(көптеген жағдайларда) пубертантты кезеңде береді. В настоящее время выделяют 3 группы причин, приводящих к порокам внутриутробного развития: наследственные, экзогенные и мультифакторные. Многие пороки развития впервые «заявляют о себе» лишь в пубертатном периоде. Әйел жыныс мүшелерінің даму аномалияларының диагностикасі.
Ювенильді жаста репродуктивті жүйе және репродуктивті ағзалардың ауруларын алдын-алу. Қыз немесе жасөспірімнің гигиена сақтаудың маңызы үлкен. Қыз гигиенасы тек қана өсіп келе жатқан бала организмінің талабына сай емес, сонымен қатар әйел организмінің күрделі функцияларын қалыптастыруға ықпал ету керек. Ерте кезден бастап, физикалық жаттығуларға қызығушылық тудыру керек. Жеке бас гигиена ерекшеліктері зәр шығару және дефекацияның жүйелілігін ескереді. Рациональді тамақтану. Ыңғайлы киім және аяқ-киім кию.
Санитарлық-ағартулық жұмыс қыздар жасына байланысты өткізіледі. Алғашқы 3-8 жасында гигиена ережелерін және сыртқы жыныс мүшелерінің гигиенасына назар аударуына негізделген(анасының бақылауы және жанында болуымен). 9-13 жасында қыздарды олардың ағзасының анатомо-физиологиялық ерекшеліктерімен, менструальді функциясымен таныстырады, менструальді күнтізбенің дұрыс құрауын, менструация кезіндегі гигиенаны сақтауды үйретеді. 14-17 жасында әйел ағзасының физиологиясымен, бала туу қызметінің маңыздылығымен таныстырады, назарын ерте жыныстық қатынас зиянына, аборт қауіптілігіне, қыз және оның ұрпағының денсаулығына қауіп төнетініне аударады.
Иллюстрациялық материал: мультимедиялық презентация(кесте және суреттерімен бірге).
Әдебиеттер:
Орысша
негізгі:
1.Гинекология: учебник + СД /под ред. Г.М.Савельевой и др. – М., ГЭОТАР-Медиа, 2006., С.- 407-445.
қосымша:
Гинекология: учебное пособие по клинической практике для студентов медицинских колледжей/ под.ред. К.А.Аяпова – Алматы, 2005., С.-25-29
Инструкция по проведению профилактических медицинских осмотров отдельных категорий взрослого населения путем выборочных (скрининговых) обследований./ Приложение к приказу № 607 МЗ РК от 15.10.2007.
Қазақша
негізгі:
Көзденова Р.Ә., Сейітмәмбетова Н.Қ. «Гинекология» Алматы, 2001ж.
дополнительная:
Нұрқасымұлы Жомарт. Гинекология - Алматы, 2007ж.
Ошибаев Н., Нұрқасымұлы Ж. Акушериялық және гинекологиялық операциялар- Алматы, 2006ж.
Бақылау сұрақтары(кері байланыс):
Ерте жыныс жетілу дегеніміз не?
Жыныстық жетілудің тежелуі дегеніміз не?
Аналық безінің құрсақішілік даму ақауларына әкелетін себептер ?
Қай жаста аналық бездің даму ақаулары ең жиі?