Учебно-методического комплекса для преподавателя


Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар



бет9/52
Дата02.12.2023
өлшемі393,21 Kb.
#194544
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   52
Байланысты:
Методические основы разработки учебно-методического комплекса дÐ
Асем резюме (копия), педагогиканы оқыту әдістемесінің, көж, Ôèçèêàëû? äåíñàóëû?òû? ?ëåóìåòò³ê ýïèäåìèîëîãèÿñû Îðûíäà?àí Ñåð
Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар:
1.Әлеуметтану дегеніміз не?
2.Әлеуметтік қиял.Қоғам.Индивид.
3.Әлеуметтанудағы 3 негізгі көзқарасты сипаттау.
Әдебиеттер тізімі:
Дэвид Бринкерхоф,Роуз Уейтс,Сюзан Ортега «Әлеуметтану негізідері».Астана 2018.
Дэвид Г.Майерс «Әлеуметтік психология» Астана 2018
Джордж Ритцер,Джеффри Степницки «Әлеуметтану теориясы» Астана 2018
Энтони Кенни «Антика философиясы» Астана 2018
Эллиот Аронсон «Көпке ұмтылған жалғыз» Астана 2018
Дәріс 2. Әлеуметтану теорияларына кіріспе.
Дәрістің мақсаты: Әлеуметтанулық теориялардың даму кезеңдерін талдау.
Негізгі ұғымдар: Макро және микро әлеуметтану.Қақтығым теориясы
Дәріс жоспары:
1.Әлеуметтанулық теория. Макро- және микро-деңгейлер.
2.Әлеуметтік тәжірибедегі себеп-салдарлық байланыстар.
3.Жеке мектептер мен бағыттардың дамуы (О. Конт, Э. Дюркгейм, Г. Спенсер).
Құрылымдық функционализм.
4.Қақтығыс теориялары. Рөлдік теориялар.
1.Микросоциология – адамдардың күнделікті өмірдегі қарым-қатынасын- интеракция ретінде, олардың өзара іс-әрекет түрлерін зерттейді. Бұл сала жұмыс істейтін зерттеушілердің есептеуінше әлеуметтік құбылыстар адамдардың бір- бірімен өзара қарым-қатынасына мән бергенде ғана мазмұндар негізін талдап түсінуге болады. Олардың басты зерттеу тақырыбы-индивидтер іс-әрекет, олардың әдеті, мотивтері, қоғамның тұрақтылығы немесе ондағы өзгерістерге серін зерттейді.
Макросоциология – негізінде кез-келген қоғамның мәнін түсінуге көмектесетін іс-әрекет үлгілеріне мән береді. Бұл құрылымдар өздеріне мынадай қоғамдық институттарды енгізеді, олар отбасы, білім, дін сондай ақ, саяси және экономикалық құрылыс. Адамдар туылғаннан бастап осы әлеуметтік құрылымдарға енеді әрі оның терең әсерін байқайды. Макросоциологтар қоғамның түрлі бөліктерінің қарым-қатынастарын зерттеуге аса мән береді, олар сондай ақ, осы өзара байланыстардың өзгеруін де анақтауға тырысады.
2.Әлеуметтік қақтығыстар - әлеуметтік іс-әрекет барысында қарсы жақтардың мүдделерінің, мақсаттарының, жеке тұлғалар мен топтардың қажеттіліктерінің қайшылыққа ұшырауы, күресі. Әлеуметтануда және саяси теорияда бұл ұғымды түсіндірудің әртүрлі әдістемелік қырлары бар. Солардың бірі - мінез-құлықтық
(бихевиористік) - қақтығысты жеке адам немесе тұлға өз мақсатына, мүдделеріне жетуді көздеп, оған ұқсас немесе бірдей мақсат пен мүддені көздеген қарсы жақты ығыстыру не бағындыруға талпынатын әлеуметтік процесс ретінде бейнелейді. Қақтығыс, сондай-ақ әртүрлі мақсаттағы, бірақ, оны жүзеге асыруда бірдей құралдар қолданатын топтардың арасында да болуы мүмкін. Қақтығыста қашан да қарсыластың бар екендігін түйсіну бар, екі жақтың да діттегендері мен мақсаттары анық белгіленген. Қақтығыстар өзге құндылықтар жүйе- сін қабылдамау, қарсыласқа жағымсыз қатынастардың ымырасыз қайшылығы негізінде туады. Бұл ұғымның ең танымал түсіндірмесі американ әлеуметтанушысы Л.Козерге тиесілі. Оның пікірінше, қақтығыс - қарсыласушы жақтардың арасында жетіспейтін ресурстар үшін күрес туғызып, бәсекелесті қарусыздандырып, залалын тигізіп, тіпті шеттетуге дейін баратын мінез-құлық. Күрес ретіндегі қақтығыс анықтамасында ашық қарсылыққа көшетін субъектердің өзара қатынасының ширығуы ерекше көңіл аударуды талап етеді.
3.Әлеуметтанудағы негізгі көзқарастар
Әлеуметтану тарихына жасалған қысқаша шолудан адамдардың өзара әлеуметтік әрекетке түсуін зерттеудің көптеген жолдары бар екенін байқадыңыздар. Маркс, Вебер, Дюркгейм және басқалардың идеялары адам мінез-қүлқына қатысты бірқатар теорияларды өмірге әкелді. Бұл тарауда әлеуметтанудағы үш негізгі теориялық көзқарасты - құрылым- дық-функциялық теория, конфликт теориясы және символдық инте- ракционизмді қарастырамыз. «Ұғымдардың қорытындысы: негізгі тео- риялық көзқарастар» осы үш теорияны сипаттайды.
Құрылымдық-функциялық теория
Құрылымдық-функциялық теория (немесе құрылымдық функционализм), әлеуметтік ұйымның қалай жүзеге асырылатыны туралы проблеманы зерттейді. Бұл теориялық көзқарас жаратылыстану ғылымынан және қоғам мен ағза арасындағы ұқсастықтардан бастау алады. Биологияға лымжасушалардың бөліктерін (құрылымдарын) және олардың қалай жұмыс істейтінін (функциясын) анықтаса, құрылымдық-функциялық теорияны қолданатын әлеуметтанушы да қоғамның құрылымдарын және олардың қызметін анықтауға тырысады.
4.Рөлдік ойын — біріккен топтық ойын, мұндай ойынға қатысушылар әр түрлі әлеуметтік рөлдерді орындайды (әлеуметтік рөл): анасының, әкесінің, тәрбиешінің, дәрігердің, оқушының т.с.с. Рөлдер теориясы — әлеуметтік рөл түсінігіне сүйенетін, тұлғаның және тұлғааралық қатынастардың әлеуметтік психологиялық теориясы. Рөлдер теориясы адамның рөлдік қылықтық терминдеріндегі тұлғалық және тұлғааралық қатынастарды қарастырады




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   52




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет