Учебно-методического комплекса для преподавателя



бет2/52
Дата02.12.2023
өлшемі393,21 Kb.
#194544
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   52
Байланысты:
Методические основы разработки учебно-методического комплекса дÐ
Асем резюме (копия), педагогиканы оқыту әдістемесінің, көж, Ôèçèêàëû? äåíñàóëû?òû? ?ëåóìåòò³ê ýïèäåìèîëîãèÿñû Îðûíäà?àí Ñåð
Курстың міндеттері:
- макро және микросоциологиялық тәсілдер негізінде әлемдегі әлеуметтік өзгерістер динамикасы туралы түсініктерді жасау;
- қолданбалы әдістерді және әлеуметтанулық зерттеулерді ұйымдыстаруды меңгеру;
студенттерді социологиялық ойлауға, алынған білімдерді қоғамның өзекті мәселелерін білуге және зерттеуге қолдана білу
- бүгінгі доктриналар мен тұғырнамалардың негізі болған саяси ойдың басты ілімдерімен таныстыру;
Пәнді оқып игергеннен кейін студент білуі тиіс:
- әлеуметтанулық ғылым мен білімнің теориялық және қолданбалы негіздерін және қолыптасу зандылықтарын;
- негізгі әлеуметтанулық ұғымдарды білу керек:
- қазіргі қоғамның мәселелерін жобалауда және болжауда, талдауда тұтастық тұрғыдан келу дағдыларын;
- әлеуметтанулық ақпараттардың қол жетімді негіздерін, ақпараттарды талдаулы және толықтыруды;
- төзімділікке және құрметтеуге негізделген тұлғааралық және мәдениаралық байланыстар дағдыларын;
- әлеуметтік зерттеулер жүргізу әдістемесін;
- сөз сөйлеу, өз ойын негіздеу, пікірталас және ғылыми сайыс жүргізу білігі болуы тиіс.
Қоғамның негізгі құндылықтары, оларды сақтау және тарату жолдары туралы - түрлі саяси мәдениеттердің алуантүрлілігі мен ішкі құндылығы туралы, қазіргі заманғы қоғамның ортасында қалай жүру туралы түсінігі болуы тиіс.


3. Пәннің қысқаша мазмұны
Әлеуметтануға кіріспе. Индивид және қоғам. Әлеуметтік орта мен әлеуметтік мінез-құлық. Әлеуметтік қарым-қатынастар мен әлеуметтік институттар. Әлеуметтену және бірегейлік. Әлеуметтік шынайылық пен ақыл-ой. Әлеуметтанулық ойлау. Әлеуметтанулық қиял. Әлеуметтанулық перспектива.
Әлеуметтанулық теория. Макро- және микро-деңгейлер. Әлеуметтік тәжірибедегі себеп-салдарлық байланыстар. Жеке мектептер мен бағыттардың дамуы (О. Конт, Э. Дюркгейм, Г. Спенсер). Құрылымдық функционализм. Қақтығыс теориялары. Символдық интеракционизм. Рөлдік теоиялар.
Әлеуметтанулық зерттеу дизайны. Зерттеу мәселесі. Болжамдар. Айнымалылар. Іріктеу. Ақпаратты жинау әдістері. Сапалық және сандық әдістер. Мәліметтерді талдау.
Қоғам, теңдік және теңсіздік. Ашық және жабық қоғам. Стратификация әр түрлі топтар арасындағы құрылымданған теңсіздік ретінде. Стратификация және дифференцация жүйелері. Әлеуметтік стратификация теорияларына қысқаша шолу (К. Маркс, М. Вебер). Әлеуметтік стратификация формалары (П. Сорокин). Әлеуметтік мобильділік. Көлденең және тік мобильділік.
Индивид пен қоғам арасындағы қарымқатынас. Әлеуметтену және бірегейлік теориялары (Т.Парсонс, Г.Х.Мид). Әлеуметтену кезеңдері. Бірінші реттік әлеуметтену. Екінші реттік әлеуметтену. Әлеуметтенудің ересектік шақтағы кезеңі. Гендерлік әлеуметтену. Гендерлік тәртіп. Бірегейлік және тұлға. Әлеуметтік және жеке бірегейлік. Рөлдер және мәртебелер.
Отбасы кроссмәдени және тарихи перспективада. Отбасы типологиясы. Неке мен туысқандық. Отбасының әлеуметтік қызметтері. Отбасының әлеуметтанулық перспективалары. Девиация мен әлеуметтік бақылау. Девиация туралы теориялық бағыттарды қысқаша шолу (әлеуметтанулық, биологиялық, психологиялық, экономикалық, мәдениеттанулық). Аномия мен қоғам. Деликвенттілік және қылмыс.
Дін: негізгі түсініктер. Дінді әлеуметтанулық талдау. Әлеуметтік бірлік. Дін және әлеуметтік теңсіздік. Мәдениет элементтері. Мәдениет және өркениет: ұғымдардың мазмұны мен арақатынасы. Мәдениет әлеуметтануы. Мәдени көптүрлілік. Құндылықтар, дәстүрлер мен ғұрыптар. Қоғамдық сананың жаһандануы, ұлттық код, менталдылық пен дүниетаным: сәйкестік параметрлері. Ұлттық бірегейлік пен мәдениет. Ұлттық бірегейлікті сақтау.
Әлеуметтік-этникалық қауымдастықтар. Этникалық жүйелер. Этнос, халық, ұлт. Этникалық бірегейлік. Ұлттық бірегейлік. Ұлт мемлекет. Этникалық топтар мен олардың өзара тіршілік етуі. Этникалық мүдделер мен эникааралық қарым-қатынас. Этникааралық және конфессияаралық келісім. Қазақстан халқы Ассамблеясы. Қоғамды этноәлеуметтанулық зерттеу.
Әлеуметтік жүйедегі бұқаралық ақпарат пен бұқаралық коммуникациялар. Масс-медиа қызметтері. Бұқаралық сана мен цифровизация. Бұқаралық коммуникациялар және әлеуметтік өзара әрекет. Қазіргі заманғы технологиялар. Технологиялық теңсіздік. Масс-медиа түрлері. Медиалық жаһандану. Масс-медиа мен технологияларды зертеудің теориялық бағыттары. Әлеуметтік қадағалау мен бақылау. Киберлаңкестік. Жеке мәліметтерді қорғау. Масс-медианың жаңа стандарттардың, мотивацияның, стереотиптердің, мінез-құлық моделінің, өмір салтының қалыптасуына әсері.
Тарихи перспективадағы экономикалық даму. Экономикалық жүйелерді компаративистік талдау. Еңбек нарығы мен жұмысбастылық құрылымы. Экономиканың негізгі секторлары. Жаһандық қоғамда еңбек рөлінің өзгеруі. Еңбектің жаһандық бөлінісі. Қазақстан жаһандық әлеуметтік-экономикалық жүйеде. Рационалдылық мәдениеті. Прагматизм мен жоспарлау.
Денсаулық және медицинаны зерттеудің әлеуметтанулық бағыты. Денсаулық және қоғам (тарихи перспективада). Халықаралық перспективадағы денсаулық сақтау. Әлеуметтік Физикалық денсаулықты ң әлеуметтік 1. Гендер, әлеуметтік топ, жыныс, этнос, жас секілді денсаулық пен аурудың әлеуметтік сипаттамаларын бағалау маңыздылығын түсіндіріңіз. 4 217 маңызды аурулар. Әлеуметтік шеттелу. Денсаулық сақтаудың экономикалық және әлеуметтік аспектілері. Денсаулық сақтау жүйесінің қолжетімділігі. Ғылыми медицина. Халықтың қартаюы.
Жаңғыру және урбанизация. Әлеуметтік өзгерістердің бастаулары. Халық туралы заманауи зерттеулер. Миграция. Жаһандық урбанизация. Ауылдық жердегі өмір. Әлеуметтік өзгеріс. Әлеуметтік өзгерістерді зерттеудің әлеуметтанулық перспективалары.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   52




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет