Удк резенция бергендер


Жұмыс орнын талдаудың әдістері мен оны жүзеге асыру рәсімдері



бет20/99
Дата11.09.2023
өлшемі224,24 Kb.
#180737
түріБағдарламасы
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   99
Байланысты:
персоналды басқару

2. Жұмыс орнын талдаудың әдістері мен оны жүзеге асыру рәсімдері. Жұмыс орнын талдау үшін алдымен ұйымның және онда негізгі мақсаттарға жету үшін атқарылатын іс-әрекеттердің алдын ала жалпы талдауын жасау қажет. Бұл талдау екі үлгілі: ұйымдастырушылық және іс жүргізу үлгілері арқылы жүзеге асады.
Ұйымдастырушылық тізбек ұйымның әр түрлі құрылымдарының қарым-қатынасын көрсетеді.
Ұйымдастырушылық тізбек ұйым бойынша әр түрлі бөлімшелердің қарым-қатынасын көрсетеді.
Жұмыс орнын талдау үшін қажет ақпаратты жинау әдісі: Жұмыс орнын талдауға қажетті ақпаратты жинаудың төрт әдісі бар, бұл – бақылау, сұхбат, анкета және күнделік жүргізу.
Бақылау яғни оқиғаларды тікелей тіркеу бақылаудың басқа әдістерімен салыстырғанда біраз артықшылықтары бар:
- ақпарат бақылаушымен басқа тұлғалардың талғамдарына тәуелсіз тіркеледі
- оқиғалар орындалып жатқан кезде тіркеледі
- тіркеуге тек қана обьективті мәліметтер ғана ілінеді.
Бақылау басқа жай талдауларға қарағанда ғылыми әдіске жатады, зерттеу мақсаты мен мәселелеріне бағынышты, алдын ала ойластырылған ресімдері бойынша жобаланады, бақылаудың барлық нәтижелері тіркелінеді.
Сұхбат – белгілі бір мақсаттағы әңгімелесу, оның мәселесі зерттеу бағдарламасымен қарастырылған сұрақтарға жауап беру арқылы іске асырылады.Сұхбат үдерісінде зерттеуші келесі талаптарды ескеру қажет:
1) әңгімелесу кезінде адалдық атмосфереаны құру
2) сұрақты дұрыс жауап ала алатындай етіп қою
3) жауаптардың тіркесуін дәл жүргізу.
Сауалнама. Аз уақыттың ішінде керекті барлық ақпаратты алуға мүмкіндік беретін болғандықтан бұл әдіс жұмыс орнын талдауға көп қолданатын әдістердің қатарына жатады.Сауалнаманы сұраққа жауап берушілер өздері толтырылады, сұрақтары түсінікті болуы керек және жабық түрде болғаны дұрыс. Сұраққа жауап берушілер тәжірбие көрсеткендей, оқуға және толтыруға 15-20 минуттан артық кетірмеуі керек.
Күнделік. Бақылауы мен суреттеуі өте қиындықпен өтетін әр түрлі күрделі іс-әрекеттері мен айналысатын жұмыс орнын талдау керек болғанда үздіксіз күнделік жүргізу әдісі қолданады.
Жұмыс орнын талдау сатылары:
1) Ұйым құрылымы. Әрбір жұмыс орынның рөлі
2) Жұмыс орынның мақсаты мен мәселесі. Жұмыс орны туралы ақпарат қалай қолданылатындығы.
3) Талдауға түсетін жұмыс орындарын іріктеу
4) Жұмыс орын талдау әдісін таңдау және оны пайдалану, қажет мәліметтерді жинау
5) Жұмыс орнын суреттеу
6) Жұмыс орны туралы құжаттар
7) Жұмыс орнын жобалау үшін 1-6 сатыдағы ақпаратты қолдану
8) Өзгертілген жұмыс орнын бағалау және енгізу


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   99




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет