Удк резенция бергендер



бет24/99
Дата11.09.2023
өлшемі224,24 Kb.
#180737
түріБағдарламасы
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   99
Байланысты:
персоналды басқару

Жұмыс мазмұнын талдау - бұл жұмыстардың мазмұнын жүйелі және терең зерттеу үдерісі.Жұмысқа қабылдау үдерісі келесі кезеңдерден тұрады:
- бос орында жұмыс істеу үшін үміткерлерге қойылатын талаптарды нақтылау
- үміткерлерді іріктеп алу
- үміткерлерді сұрыптап алу
- жұмысқа қабылдау.
Лауазымдық нұсқау негізінде жасалған мамандық карта төмендегідей мамандықтың сипаттамасынан тұрады:
- жалпы білімі
- арнайы білімі
- шет тілін білуі
- компьютерде жұмыс істей білуі және т.б.


2. Персоналды оқыту жүйесі. Персоналды дамыту өндірістің табысты жұмыс істеуінің ең маңызды факторларының бірі болып табылады.Қазіргі жағдайда, ғылыми-техникалық прогресс кәсіби білімдер мен тәжірбиелердің ескіру үдерісін айтарлықтай жылдамдықта,орын алып отыр.
Персоналды дамыту деп жұмыскердің біліктілігін жоғарлатуға бағытталған іс-шаралардың жиынтығын айтамыз.Ол ең алдымен мыналарды қамтиды:
- жалпы және кәсіби білім түріндегі қажетті білім,тәжірбие және кәсіпті беретін оқытуды
- біліктілігін жоғарлатуға байланысты кәсіби мен тәжірбиесін жақсарту
- жетекшілік қызметке өткенде және жетекшінің мансабын қалыптастыруда қажет болатын танымдар мен дайындықтарды беретін басқару және жетекшілік ету мектебіне оқытуды
- мағынасы бойынша басқа мамандықты игеру екінші білім алумен тең.
Персоналды дамыту бірінші кезекте тұруы қажет.Оларды іріктеу және дамыту керек:
- оқуға ынталы жұмыскерлерді қолдау
- білімдер мен озат тәжірбиелерді тарату
- жас білікті қызметкерлерді оқыту
- басқарушы персоналдың қызметкерлерді дамытудың маңыздылығын түсіну
- кадрлар тұрақсыздығын төмендету.
Кәсіби білім алу мүмкіндігі жұмыскерлермен жоғары бағаланады.
Кәсіби даму қызметкерді жаңа өндірістік функцияларды орындауға, жаңа қызметті меңгеруге дайындау үдерісін білдіреді.Персоналдың кәсіби дамуының маңызды құралы - кәсіби оқыту ұйымының қызметкерлеріне жаңа кәсіби білімдер мен тәжірбиелерді тікелей беру үдерісі болып табылады.
Кәсіби оқыту-персоналды дамытудың маңызды факторы.
Оқытуды ұйымдастыру мен оның мақсатына сәйкес кәсіби оқытудың екі түрін көрсетуге болады:
- нақты мамандандырусыз, оқып жатқан адамның біліктілік деңгейіне байланыссыз қандай да бір жалпы кәсіби білімдерді алу
-нақты мамандандырусыз, өзінің негізгі мамандығынан басқа белгілі бір бағыт және проблема бойынша бойынша жаңа мамандыққа бейімделу.
Қазіргі заманғы ұйымдарда кәсіби оқыту келесі кезеңдерден тұрады:
- қажеттілікті анықтау, ұйымның персоналын дамытудың, сонымен қатар қызметкерлердің ағымдағы өндірістік міндеттемелерін орындаудың қажеттілігі негізінде қалыптасады
- жетекшілер мен мамандарды жұмысқа қабылдау кезінде оқыту, жұмысқа бірінші рет қабылданғандарды кәсіпорын іс-әрекетінің ерекшеліктерін, өндірісті ұйымдастыру, экономика, технология т.б.оқыту мерзімі 7-14 күн.
- біліктілікті жоғарылату, жетекшілер мен мамандардың теориялық және тәжірбиелік білімдерін, ептілігін, дағдылығын дамытып, жаңарту үшін жүргізіледі.
Дәстүр бойынша біліктілікті жоғарлатудың үш өрісін көрсетуге болады:
- кәсіби біліктілік
- әдістемелік біліктілік
- әлеуметтік біліктілік.
Кәсіпорынның жаңалық енгізуге, өнімнің жүйелі жаңартуға бағытталған даму стратегиясы персоналдық саясатқа өз талаптарын қояды.
Ішкі және сыртқы факторлар әсер ету жағдайында өндірістің тұрақты жұмыс атқаруы оның артықшылығы мен икемділігіне қатысты талаптардың орындалуына тәуелді.
Жаңалықты енгізу жағдайында персоналдың жұмысқа деген барабарлығын бағалау үшін олардың өзгеріске дайындығын анықтау қажет.
Бақылау сұрақтары:
1. Персоналды жоспарлаудың негізгі кезеңдері
2. Персоналды жоспарлаудың қағидалары
3. Персоналмен атқаратын жұмыстың жедел жоспарының құрылымы
4. Персоналға қажеттілікті жоспарлау
5. Персоналды жұмысқа тартуды және еңбекке бейімделуді жоспарлау
6. Персоналды жұмыстан босату немесе қысқартуды жоспарлау
7. Персоналды пайдалануды жоспарлау және оқытуды жоспарлау
8. Персонал санын мөлшерлеу және есепке алу
9. Жұмыс мазмұнын талдау
10. Персоналды дамыту дегеніміз
11. Қазіргі заманғы ұйымдарда кәсіби оқыту түрлері


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   99




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет