? Тест сұрақтары 1. Компания алдындағы стратегиялық тапсырмаларды орындауда қызметкерлердің өндірістік мінез-құлқын ынталандыру, басқаша айтсақ, жұмыскерлерді ұйымның стратегиялық тапсырмаларды орындалуына материалдық қызықтыруды қай жүйе қамтамасыз етеді? а) марапаттау жүйесі
ә) өтемақы жүйесі
б) жоспарлау жүйесі
в) жоспар көрсеткішінің жүйесі
г) еңбек көрсеткішінің жүйесі
2. Өтемақының қай жүйесінде ұйымнан қызметкерлерге көрсетілген өтемақы екі бөліктен тұрады-негізгі және белгілі бір уақыт аралығында тұрақты болатын қосымша жалақы? а) дәстүрлі емес
ә) еңбек нәтижесі бойынша
б) дәстүрлі
в) пайдаға қатысу
г) жоспарлы көрсеткіштер жүйесі
3. Жұмыскерлердің өмір сүру деңгейін көтеретін, көмек алуға құқық беру түріндегі ұйымның өтемақы жүйесінің бір бөлігі не деп атадады? а) марапаттау
ә) алғыс
б) жеңілдіктер
в) жылжу
г) кеектен тыс демалыс
4. Қай еңбекақы жүйесінде қызметкерлердің айлығының көлемі жұмыс істеген уақытқа ұзақ байланысты болмай, әр түрлі факторларға байланысты, бірінші кезекте істеген жұмыс нәтижесіне байланысты өзгеріп отырады? а) мерзімді еңбекақы жүйесінде
ә) айнымалы еңбекақы жүйесінде
б) кесімді еңбекақы жүйесінде
в) тарифтік қойылым
г) жалақы
5. Сыйақы мөлшері заттың өткізілген көлеміне тікелей байланыстылығын көрсететін ынталандыру жүйесі қалай аталады? а) затты өткізуді ынталандыру жүйесі
ә) сатылған әрбір бірлікке белгіленген ақша сомасы
б) келісім шарт бойынша пайдадан белгіленген пайыз
в) өткізу көлемінен белгіленген пайыз
г) өндіріс көлемінен белгіленген пайыз
6. Кәсіпорынның өндірістік қуатты арттыруға ұмтылған жағдайда пайдаланатын, өнім бірлігінің ең жоғары санын өткізуге бағыттайтын ынталандыру жүйесі қалай аталады? а) өткізуді ынталандыру жүйесі
ә) сатылған әрбір өнім бірлігіне белгіленген ақша сомасы
б) келісім шарт бойынша пайдадан белгіленген пайыз
в) өткізу көлемінен белгіленген пайыз
г) өндіріс көлемінен белгіленген пайыз