Умкд 042-18 001/03-2014 Басылым №


Өзін өзі бақылау сұрақтары



бет2/8
Дата15.09.2017
өлшемі1,23 Mb.
#33019
1   2   3   4   5   6   7   8

Өзін өзі бақылау сұрақтары:

1. Менеджерлерге қойылатын талаптарға сай, басқару жұмысын ұйымдастыру

2. Кейбір кәсіпкерлерге тән кемшіліктерге сипаттама беру

3. Менеджерлердің іс-әрекетінің бағыттары

4. Менеджерлерге қойылатын талаптар (АҚШ, Жапон елдерінде)

Әдебиеттер:

1. Ахметов Қ.Ғ. Менеджменттің негіздері (Оқу құралы), Ақтөбе Орал . 2005

2. Рахимбаев А.О,Сабатаева Б.О, Менеджмент, Алматы. 2006

3. А.К. Бельгебаев, А.Б Рахимбаев, Менеджмент, Алматы. 2006

4. Бердалиев К. Менджмент, Алматы. 2005

5. Рахметов Б.А. Персоналды басқару, Алматы. 2005



6. . Виханский О.С, Наумов А.И. Менеджмент. Учебник для экон. спец. вузов М.: Высш. школа, 1999г
2-Тақырып. Ұйым туралы түсінік және оның түрлері
Қазіргі уақытта жүйелі көзқарас ғылым мен практиканың барлық салаларында кеңінен пайдаланылады. Жалпы алғанда мейлінше, әр түрлі объектілердің өзара байланысы жүйе деп саналады, яғни жүйе дегеніміздің өзі де бір-бірімен байланысты бөліктерден (компоненттерден) тұрады. Жүйеде компоненттердің екі түрі болады: 1. кіші жүйе- бұл жүйенің басқа бөліктерге ыдырау бөлігі; 2. элемент- бұл ендігі жерде құрамдас бөлікке ыдырау мүмкін емес бөлігі. Элемент дербес болады. Сондықтан кіші жүйе дегеніміз элементтердің жиынтығы, өзара іс-қимыл жасаған жағдайда жекелеген компонеттерге тән емес компонеттердің белгілі бір жиынтығы жүйе деп түсініледі. Үрдіс дегеніміз- жүйе элементтері арасындаы өзара іс қимыл. Құрылым- жүйені тыныштық жағдайында сипаттайды. Ұйым- жүйені қозғалыс үстінде көрсетеді. Жүйені басқару шарттары: 1-шарт жүйе элементтері арасындағы және ең алдымен басқарушы жүйе мен басқарылушы жүйелер арасындағы себеп- салдарлы байланыстардың болуы. 2-шарт- жүйенің серпінділігі. Жүйе бір сапалық жүйеден екіншісіне көшуге қабілетті болып, бұл орайда жүйе күйінде қала беруге тиіс. 3-шарт-әсер еткен жағдайда процесстің өтуінөзгертуге болатын параметрінің болуы. 4-шарт-жүйенің басқарылушылық ықпалын күшейтуге, яғни басқару объектісінің субъектіге тікелей жасауды сезіну ғана емес, сонымен қатар, субъект жөнінде жасайтын ықпалын күшейте түсуге де қабілеттілігі. 5- шарт-жүйеде басқару хабарламасын беру, жинақтау және өзгерту мүмкіндігін қамтамасыз етуге тиіс. 6-шарт- жүйенің сындарлы сипаты. Мұнсыз бақылау мен басқару мүмкін емес. Сонымен жүйе аталған шарттарды қанағаттандырған жағдайда ғана оны басқаруға болады. Экономикалық жүйелердің ерекшелігі: 1-ден, эк-лық жүйелердің әлеуметтік сипаты бар, адамға материалдық ж-е мәдени игіліктерді өндіруші мен тұтынушыға айқындаушы рөл беретін адам- машина жүйелері ретінде қаралады. 2-ерекшелігі- осы жүйе өзара әрект ететін белгілі бір ортаның болуы. 3-ерекшелігі- эк-лық жүйлер өте күрделі, серпінді жүйелер. Басқарудағы жүйелі көз қарас дегеніміз- қисынды ойлау жүйесі, ол бойынша кез-келген шешімді әзірлеу мен негіздеу үрдісі жүйенің жалпы мақсатын анықтауды, барлық кіші жүйелердің қызметін осы мақсатқа бағындыруды негізге алады. Басқару жүйесінің құрылысы екі қағидаға : иерархиялық және кері байланыс қағидаларына негізделеді. Басқарудың иерархиялық принципінің мәні басқару жүйесінің көп сатылы болып құрылаттындығында, ,онда бастауыш өндіріс жүйелерін басқару келесі деңгейдегі органдар бақылап отыратын төменгі деңгейдегі органдар арқылы жүзеге асырылады. Егер жүйеде байланыс болмас, онда бұл жүйе басқарылудан қалады. Эк-лық жүйелерде кері байланыстың формалары алуан түрлі сипатта болады. Бұлар- өндірістік қуаттар туралы, өндіріс ішінде бар резервтер және т.б. туралы есеп деректері, қосымша мәліметтер. Егер иерархиялық қағидасының негізінде басқару жүйесінің тұрақтылығына қол жеткізетін болсақ, онда кері байланыс қағидасының арқасында оның жұмыс істеу нәтижелеріне үнемі бақылау жасап отыру мүмкіндігі қамтамасыз етіледі. Ұйымдар түсінігі Әрбір топтың ұйым болып есептелінуіне төмендегідей талаптар қойылады; 1. осы топтың мүшесі болатын кем дегенде екі адамның бар болуы; 2. барлығының алдына қойылған ортақ мақсат немесе нәтижесінің болуы; 3. топтың мақсатына жету үшін топ мүшелерінің бірегей арнай еңбектенуі; Ұйым- алға қойылған мақсатқа жету барысында адамдар тобы еңбегінің саналы үйлестірілуі. Ұйымның негізгі түрлері. Мақсатты орындауда қол жеткізуде ұйымдар құрылады және олар ресми, бейресми, күрделі болып жіктелінеді. Ресми ұйымдар дегеніміз- мақсатты орындауда басқару үрдісін жүйелі үйлестіретін нақтылы құрылымға ие болатын басшылық еркімен құрылған адамдар тобы. Бейресми ұйымдар қызмет барысындағы әлеуметтік қатынастарға, ішкі себептерге байланысты ойламаған жерден құрылады. Оларда ресми ұйымдар сияқты ұйымдастырылған иерархия (саты), жетекшілер мен мәселелерге ие болады. Күрделі ұйымдар құрылымы мен мақсаттарының жан-жақты кешенді сипаты жағдайында пайда болады. Ресурстар мен мүмкіндіктер, мақсаттар басымдылығына қарай тиімді үйлестіруді талап етеді. Ұйымдардың жалпы сипаты Ұйымдар міндеттерді орындау барысында өздеріне тән бірқатар сипаттмаға ие болады. Оларға ресурстардың орын алуы, сыртқы ортадан тәуелділігі, көлденең және тік еңбек бөлінісі және басқарудың қажеттілігі енгізіледі. 1. Ресурстар. Жалпы алғанда кез-келген қызметі- нәтижеге, мақсатқа қол жеткізуде ресурстарды тиімді пайдалану. Ұйымдағы ресурстар: адамдық, қаржылық, материалдық, технологиялық және ақпараттық болып жіктелінеді. 2. Сыртқы ортадан тәуелділігі. Ұйымның қызметі және нәтижесі көп жағдайда оның қоршаған ортасындағы экономикалық, саяси, нарықтық, технологиялық, халықаралық, әлеуметтік, мәдени факторларға байланысты болады. 3. Көлденең және тік еңбек бөлінісі. Көлденең еңбек бөлінісі дегеніміз- басқару үрдісіндегі әртүрлі қызметтерді икемді орындау мақсатында компоненттерге жіктелінуі, яғни ұйым ішіндегі өндірістік және функционалдық қызметтердің орын алуы. Тік еңбек бөлінісі- басқару ісінің күрделі жүйелік сипатта болуынан туындайтын әрекет. Ұйым ішінде басқару деңгейлері жоғары, орта, төменгі болып бөлінеді. Жоғары буын ұйымның жалпы стратегиясын, бағыт- бағдарламасын уақыт пен кеңістік бойынша қалыптастырып жасауда және жалпы ұйымдық дамуды бағалауда қызмет атқаратын жоғары басшыларды (президент, вице-президент, директор, басқарма) өз құрамына енгізеді. Орта буын- жоғарғы буын анықтаған ұйымның жалпы мақсатын жүзеге асыруда үйлестіру қызметтерін орындайтын өндірістік және функционалдық бөлім басшылары. Төменгі буын- тікелей орындаушылар және де төменгі ішінара қызметтерді орындайтын басшы буындар. 4. Басқарудың қажеттілігі. Басқарудың мақсаты- кәсіпорын мүмкіндіктерін тиімді пайдалана отырып, алға қойылған нәтижеге қол жеткізу. Көрнекті американ экономисі В.В. Леонтьевтің анықтамасы бойынша, басқару- бұл өнім, технология, өндірісті ұйымдастыру, басқару еңбегі, әлеуметтік қатынас саласында жаңарту, инновациялау мақсатында жүзеге асырылатын қағидалар, тәсілдер мен әдістердің жиынтығы. Ұйымдардағы тиімді басқарудың сипатты белгілеріне экономикалық, әлеуметтік –психологиялық, құықтық және ұйымдастырушылық-техникалық тұрғылар (аспектілер) жатады. Экономикалық тұрғы өз құрамында өндірістік процесті басқаруды, көздеген мақсатқа тиімді қол жеткізуді материалдық, қаржылық және еңбек ресурстарын үйлестіруді қамтиды. Әлеуметтік- психологиялық тұрғы ұйым алдында қойылған мақсатқа жетуде сол ұйымның барлық қызметкерлерін ұйымдастыру мен басқаруда орын алатын ерекше топтық қызметін белгілейді. Құқықтық тұрғы басқарудағы мемлекеттік , саяси, экономикалық институттар құрылымын, олардың жүргізетін бағытын, анықтаған заңдылықтарын көрсетеді. Ұйымдардың құрылуы, келісім жасау, меншік және кәсіпкерлікті мемлекеттік реттеу шаралары басқаруда маңызды орын алады. Ұйымдастырушылық-техникалық тұрғы өз құрамына орын алған жағдайды дұрыс бағалау, міндеттерді тұрақты белгілеу, оған жетудегі стратегияны қабылдау және қажетті ресурстарды реттеу, тиімді жобалау менұйымдастыру, бақылау мен ынталандыруды енгізеді. Басқару шешімдерін ойластыруда қолда бар ресурстар мен қоғамдық қажеттілікке негізделген мақсат ерекше маңызды орын алады және төмендегідей сипатқа ие болады. 1. Мақсат- нақтылы және өлшемді болуы тиіс, яғни оның орындалу барысын бағалаудың мүмкіндігі. 2. Мақсат- белгілі мерзіммен шектелуі тиіс, осыған орай мақсаттың:ұзақ, орта және қысқа мерзімде болуы; 3. Ұйым мақсатының сыртқы ортаның әсері мен ішкі мүмкіндіктерге қарай айқын және оған қол жеткізуге болатындай етіп қабылдануы. Ұйымның заңды тұлға болып есептелінуне меншік, шаруашылық жүргізу немесе жедел басқару құқығындағы оқшау мүлкінің болуы және сол мүлікпен өз міндеттемелері бойынша жауап беруі қажетті шарт болып табылады. Өз қызметінің негізгі мақсаты пайда табу болып табылатын ұйым коммерциялық ұйым деп аталып, мұндай заңды тұлғалар мемлекеттік кәсіпорындар, шаруашылық серіктестік, өндірістік кооператив нысандарында құрылады. Ал мұндай мақсатты көздемейтін және алынған пайдасын қатысушыларына үлестірмейтін ұйым коммерциялық емес ұйым деп танылып, мұндай заңды тұлға: мекеме, қоғамдық бірлестік, тұтыну кооперативті қоғамдық қор, діни бірлестік нысанында құрылуы мүмкін. Борышқордың өз несие берушілерінің талаптарын қанағаттандыруға және борышқордың (ұйымның) мүлкінен міндеттемелерінің асып кетуі салдарынан салықты және басқа да міндетті төлемдерді тікелей алмайтын тұрақты қабілетсіздігі сот шешімімен банкроттық деп танылып, мұндай заңды тұлға таратылып, қызметі тоқтатылады. Басқарудың негізгі мақсаты қолда бар: адамдық , қаржылық, материалдық ресурстарды тиімді пайдалану арқылы игілікті табысқа жеткізу. Менджердің міндетіне ұйымдағы бірауыздылықты, күш-жігерді жұмылдыруды және ұйым мұқтажын өтеуді қамтамасыз ету жатқызылады. Қазіргі кездегі менеджерлерге төмендегідей бірқатар талаптар қойылады: 1. өзіне деген сенімділік және өзін-өзі меңгере білу; 2. жеке басының бағалы қасиеттері мен өзін үнемі жетілдіру; 3. бастамаларды іздестіру мен өнертапқыштық; 4. қызметкерлерді баулу мен байланыс орнатуға қабілеттілілік; 5. басқару әдіс-тәсілдерін білу мен басшылық қабілет; 6. мақсаттылық пен тұрақты жоспарлау және бақылау; 7. тығырықтан шығу мен тиімді шешім қабылдауға дағдылану т.б. Сонымен менеджер басқару саласындағы нақтылы бір міндеттерді орындайтын жоғарғы қабілетті кәсіби маман. Басқарушы үлгілері. Басқарушылық үлгі дегеніміз- қажетті іс-қимылды жүргізуде басшылар бойындағы арнаулы білім, мінез-құлық белгілері; мақсатқа жету ережелері, адамдармен қарым-қатынас жасау әдәсә, билік пен басқару шеберлігіне байланысты жіктелінуі. Басқару теориясы мен тәжірбиесінде осындай төрт үлгі бар: 1. Басқарушы жетекші (лидер) шешімді қабылдауда және жүзеге асыруда кәсіби біліктілігі, қызметкерлермен тығыз қарым-қатынас жасауы, жұмыс аймағында еркін әрекет етуі, ықыластылығы мен әркімнің мүмкіндігін толық ұғына және бағалай білуі арқылы маңызды орын алады. 2. Басқарушы-әкім ұйымның табысқа жетуіне қатаң бақылау және жарлық ету арқылы ұйымдастырудағы міндеттер мен жауапкершіліктің тығыз арақатынасын орнатып, басшылық пен өкілеттілікті бір органға шоғырландырады. 3. Басқарушы-жоспарлаушы нақтылы жағдайды зерттей отырып ұйымдағы ресурстар мен мүмкіндіктерді мақсатты орындауға бағыштайды. Жоспарлаушы қабылдаған шешімдер көлемді деректерге, осыған дейінгі орын алған стратегияға және ұйым болашағын дамытуға сүйене отырып орнықтырылады. 4. Басқарушы –кәсіпкер ұйым болашағын жаңа бағытта, тәуекелге бел буа отырып, стандартсыз шешімдер арқылы белгілейді. Кәсіпкерлік басқару дегеніміз- субъектінің шараушылық әрекет түрін, оны жоспарлау, қаржыландыру көздері мен ресурстарды табуда ұйымдастыру мен басқару, өнімді өткізуде олардың жиынтық бостандығы және толық құқығының болу шарты. Қолданылған әдебиеттер: Нег.: 1, 2, 4, 6. Қос.: 1, 2, 3.

Бақылау сұрақтары:

1. Жүйе, басқару жүйелері дегеніміз не ?

1. Жүйені басқару шарттары?

1. Экономикалық жүйелердің ерекшелігі?

2. Ұйымдар дегеніміз не?

3. Ұйымдардың негізгі түрлері?
3 Ұйымның ішкі және сыртқы ортасы

Ұйымның ішкі ортасы - ішкі айнымалылар негізінде қарастырылады яғни ұйым көлеміндегі бір бірімен тәуелді байланысқан жағдайлық факторлардың жиынтығы. Ол факторлар: 1. Мақсат 1. Міндет 1. Құрылым 2. Технология 3. Адамдар немесе еңбек ресурстары Ірі ұйымдарда әр түрлі бағыттағы мақсаттарды көздегендіктен көп мақсаттар теориясын қолданады. Ұйымның белгілі бір қызмет түрімен айналысуына байланысты оның қажетті нәтижеге жету жолындағы істелінетін жұмыс көлемі анықталады. Мақсаттың сипаттамалары төмендегідей: 1. нақты және өлшеу мүмкіндігінің болуы 2. уақыт мерзіміне бағытталуы 3. мақсаттар орындалатын дәрежеде болуы қажет 4. қол жеткен нәтижені тексеріп, бақылау мүмкіндіктерінің болуы Ұйым міндеті – алдын ала қаралып және белгілі уақыт арасында орындалуға тиісті еңбек немесе жұмыс көлемі. Ұйым міндеттері жеке тұлғаға емес, оның қызметіне беріледі. Ұйым міндеттері үш категорияға бөлінеді: 1. адамдармен жұмыс жасау; 2. өндіріс заттарымен жұмыс жасау; 3. ақпараттармен жұмыс жасау. Құрылым – дегеніміз басқару деңгейлерімен функционалдық бөлімшелердің өзара логикалық қарым-қатынасының бірлігі. Ұйым құрылымын екі тұжырымдамаға байланысты қарастыруға болады: 1. мамандандырылған еңбек бөлінісі 2. бақылау өрісі Бақылау өрісі – дегеніміз көп бағынышты адамдардың бір басқарушыға бағынуы. Технология – дегеніміз шикізаттарды өңдеу құрылысы ретінде қарастырылады. Ол ұйым алдындағы міндеттерді жүзеге асыру үшін қажет. Британ зерттеушісі Джоан Вудворд өндірістік кәсіпорындарды зерттей отырып технологияларды төмендегідей жіктеді: 1. аз сериялы немесе жеке өндіріс 2. жалпылама немесе көп сериялы өндіріс 3. үзіліссіз өндіріс Джеймс Томпсон технологияны жіктеудің тағы бір әдісін көрсеткен: 1. көп бөлімді технология 2. делдалдық технология 3. интенсивті технология Бұл фактордың маңызы зор. Себебі, технологияның жарамдығын оның тиімділігімен қажеттілігін анықтайтын әлеуметтік жүйе болып табылады. Басқару теориясында адам факторына жағдайлық көзқарастың үш бағытын көрсетуге болады: 1. жеке адамның тәртібі 2. топ ішіндегі адамдардың тәртібі 3. басқарушының мінез-құлық тәртібі және оның басқаларға әсері. Сыртқы орта – дегеніміз ұйымның белгілі бір деңгейдегі қоршаған факторлармен алмаса алатын өзара тәуелділік жиынтығы. Сыртқы орта кез-келген ұйымға екі әдіс арқылы әсер етеді: тура және жанама. Тура әсер ету факторларына келесілер жатады: 1. жабдықтаушылар 2. кәсіподақ 3. заң және мемлекеттік органдар 4. тұтынушылар 5. бәсекелестер Жанама әсер ету факторлары: 1. технология 2. экономикалық жағдай 3. әлеуметтік-мәдени факторлар 4. саяси фактор 5. халықаралық қоршаған орта. Қолданылған әдебиеттер: Нег.: 1, 2, 3, 6. Қос.: 2, 3, 4.


Бақылау сұрақтары:

1.Ұйымның ішкі ортасы дегеніміз не?

2.Ішкі орта айнымалары?

3.Ұйымның сыртқы ортасы дегеніміз не?

4.Тура әсер ететін факторлар?

5.Жанама әсер ететін факторлар


4. Ұйым мақсаттарын белгілеу
Кәсіпорынды басқару алдымен қызметінің мақсатын қоюдан басталады. Мақсатты орнату және таңдау процедурасы мақсатты қою деген атқа ие. Мақсатты қою үрдісі бизнес философиясын түсінуден , яғни фирма миссиясын анықтаудан басталады. Миссия- бұл ұйым өмір сүруінің нақты түйінделген мәні, оның не үшін жұмыс істеп жатқаны, бизнес философиясы. Миссия философиялық тұрғыдан ұйымның өзі жүргізетін қызметіне сәйкес құндылықтары , моралді-этикалық нормалары мен принциптерінен тұрады. Ұйымның өмір сүруінің мәні оның пайда болуының себебін және оның бәсекелестерінен ерекшелігін ашып көрсету. Ұйым миссиясында оның бірегейлігі және рыноктың әр түрлі субъектілеріне маңыздылығы көрсетіледі. Ұйымның барлық мақсаттары оынң миссиясын іске асыру үшін анықталады және жасалады. Ұйым миссиясын анықтаған кезде мүдделері фирма қызметіне әсер ететін негізгі субъектілері ескерілуі керек: -фирманың иегерлері мен қожайындары; -фирма қызметкерлері; -фирма тауарын (қызметін) сатып алушы клиенттер; -фирманың іскерлік серіктестері; -фирма қызметінің мүмкіндіктері мен шектерін анықтаушы макроқоршамын құрушы саяси, құқықтық және қоғамдық институттар түріндегі жалпы қоғам. Миссияны анықтау мақсатты қоюдың ең алғашқы шығу нүктесі болып табылыды. Ары қарай: 1. стратегиялық бағыты анықталады- жоспарланған кезеңдегі фирма қызметінің басты бағыты; 2. жалпы кәсіпорын бойынша және оның бөлімшелеріне мақсаттар жүйесі жасалады; 3. ұйым мақсаттарынның келіспеушілігі болмас үшін барлық бөлімдер мақсаттарын келісіледі. 1. Бағытты (бағдар) анықтау. Бағдар-таңдап алынған кезеңде кәсіпорынның немесе оның жекелеген бөлімшесінің жалпы бағыты. Бағдар компетентті қызметкерлердің фирманың ішкі мүмкіншіліктері мен потенциалы туралы сапалы пікірлерінен тұрады. Бағдарды белгілеу кәсіпорын басшысының функционалды міндеті болып табылады.. 2. Мақсаттар жүйесі. Кәсіпорын дамуының басты мақсаттарына сәйкес әр бөлімше үшін мақсаттар жүйесі құрастырылады. Басқарудың әр деңгеіндегі мақсаттарды бір кешенді жүйеге реттеу «мақсаттар ағашы» деген атқа ие болды (5.1-сур.). Мақсаттар ағашын құру процедурасы бірнеше тізбекті қадамдардан тұрады: -ағаштар төбесін анықтау- ұйымның жалпы мақсаттарын анықтау. Белгілі уақыт кезеңінде бірнеше жалпы мақсаттар болуы мүмкін емес. Осы мақсатқа байланысты әрекеттің соңғы нәтижесі және осы нәтиженің тиімділігі анықталады. - әрекет бағыты бойынша келесі деңгейлеріді құру немесе мақсаттарды декомпозициялау. Әрбір келесі деңгей мақсаттың жоғарғы деңгейін жетуді қаматамасыз ететіндей болып құрылуы керек. -ағаштың әрбір «бұтағы» мақсаттарға жету әдісін емес, қандай да бір көрсеткішпен көрсетілетін нақты соңғы нәтижесін көрсетеді. -декомпозицияның бір деңгейдегі кіші мақсаты өзара тәуелсіз (паралельді). Мақсаттар иерархиясы тікелей кәсіпорын құрылымымен және оның ерекшеліктерімен байланысты. Кәсіпорын құрылымының ұйымдық құрылымы күрделі болған сайын , қызмет түрі әр түрлі болған сайын соғұрлым мақсаттар ағашы күрделірек болады. Мақсаттар иерархиясы деңгейін анықтау басқарудың функционалдық принципі негізінде , сондай-ақ тауарлы-нарықтық принцип бойынша да жүргізіледі. Функционалдық шектеулер өндіріс, кадрлар, маркетинг, қаржы мазмұндары бойынша топтастырумен байланысты. Функционалдық бөлу негізінде құрылған ұйымдар үшін мақсаттар ағашы келесідей принцип бойынша құрылады: кәсіпорын мақсаты-функционалдық (бөлімшелер бойынша) мақсаттар- оралымды (оперативті) мақсаттар. Тауарлы-нарықтық принцип бойынша құрылған ұйым үшін: кәсіпорын мақсаты- бизнестер мақсаты оралымды мақсаттар. Практикада көбінесе бұл екі принцип бірігіп кездеседі де мақсаттар ағашының құрылымы келесідей болады: кәсіпорын мақсаттары- бинес мақсаты- бөлімшелердің функционалдық мақсаттары-оралымды мақсаттар. 3. Мақсаттар қарама-қайшылығын бағалау. Мақсаттар жүйесін құрған барысында оларды іске асыруда «мақсаттар ағашының » барлық композициясының бұзылуына әкелетін қайшылықтар кездесуі мүмкін екенін ескеру керек. Қайшылықтар үш деңгейде пайда болады. ҰЙЫМНЫҢ ЖАЛПЫ МАҚСАТЫ 1.1 1.2 2.11 2.2.2 3.11 4.1 4.2 Маркетинг Өндіріс Персонал НИОКР Декомпозицияның 1-деңгейі Декомпозицияның 2-деңгейі Декомпозицияның 3-деңгейі 5.1-сурет. Иерархиялық үлгі Сыртқы қайшылық—бұл фирма мақсатының сыртқы орта даму тенденциясына қайшы келуі. Бұл қайшылықтардың табиғаты әр түрлі болып келеді. Мысалы, тұтынушылар қалаулары мен фирма мақсаттарының қайшылығы. Бұл жағдайда негізгі ережелердің бірі – мақсатқа жету бұзылады. Сонымен қатар мақсаттардың сыртқы қайшылығы фирма мүддесімен нарықтың клиенттер, іскерлік серіктестер, инвесторлар, қоғамдық және мемоекеттік институттар сияқты субъектілерінің қайшылығы. Мақсаттардың сыртқы қайшылығын шешу не фирманың нарықтағы іс-құлығының нормасы мен ережісін қатаң реттеу (жарнама туралы, бәсекелестер туралы заңдар т.б.), немесе әр тарап алатын пайда түрінде барлығының мүдделерінің келісілуі. Мақсаттардың ішкі қайшылығы фирма персоналдарының, менеджерлерінің және иелерінің мүдделерінің қарама-қарсы келуі нәтижесінде туады. Ол не басқару деңгейлері бойынша мақсаттардың келіспеуі немесе оны нақты орындаушылардың біліктілік деңгейіне мақсаттардың күрделігі мен қолайлылығының болмауынан пайда болады. Мұндай қайшылықты жою не топ-менеджерлерді жеке меншік иелерінің құрамына кірзізу, ал басқа жағынан иелерді фирманы басқару үрдісіне белсенді түрде тарту арқылы жүргізіледі. Топ менеджерлер мен персоналдардың мүдделерінің қайшылықта болуы функционалды деңгейдегі фирма мақсаттарының қызметкерлердің жеке мақсаттарына ауысуына әкеледі, бұл әрине олардың жұмыс нәтижелерінен көрінеді. Мұндай қайшылықты жоюдың бірден-бір әдісі болып олардың материалдық мүдделерін көтеру және мақсаттарды орнату үрдісінен бастап қатыстыру табылады. Уақытша қайшылық- бұл стратегиялық, тактикалық және оралымды мақсаттардың келісілуінің бұзылуы. Бұл көбінесе басқаруда ағымды мәселелерді шешуге көп көңіл аударылғанда пайда болады. Стратегиялық мақсаттар пайда болған сыртқы және ішкі өзгерістерге оралымды жауап қайтаруға ауысқан кезде пайда болады. Нәтижесінде кәсіпорын өз дамуының негізгі бағдарын жоғалтып алады. Мақсатар жұмысшылардың көпшілігіне түсініксіз болып қалады. Уақытша қайшылықты жою- ағымды стратегиялық мақсаттарға жетуде бақылау деңгейлерін бөлу жолымен іске асады. Осылайша, мақсаттарды орнатудың дұрыс ұйымдастырылған процесі келесілерден тұруы керек: -фирма қоршамында бақыланатын тенденцияларды анықтау және талдау; -ұйым үшін жалпы мақсаттарды орнату («стратегиялық үшбұрыш» мақсаттары); -мақсаттар ағашын құру; -фирма мақсаттарының жеке мақсаттармен келісілуі. Кәсіпорын мақсаты бұл берілген уақыт аралығында барлық қызметкерлер күштерін жұмылдыру нәтижесінде жетуге болатын қалаулы жай-күй. Стратегиялық басқаруда жоспарлау үрдісінен ауқымында өзара келісілуі тиіс мақсаттардың үш типті қарастырылады. Басқару теориясында оларды «стратегиялық үшбұрыш» деп атау қабылданған. Бұлар: -корпоративті мақсатар. Бұл мақсаттар ең алдымен барлық шаруашылық бөлімшелерін қанағаттандыруы тиіс талаптармен, қаржылық мақсаттармен, әрекетті қалаулы жағрапиялық бөлумен, әлеуметтік жауапкершілікке қатысты компанияның алып отырған позициясымен байланысты. Корпоративті мақсаттар- бұл миссияның салдары және нақты іске асуы. 1. Кәсіпкершілік қызмет мақсаттары. Бұл қалаулы пайда табуға (пайда шамасы, рентабелділік т.б.) және бесеке қабілеттілігіне (нарық үлесі, саладағы жағдайы) қатысты нәрсе. 2. Функционалды мақсаттар. Бұл функционалдық бөлімшелердің корпоративті мақсаттарды сондай-ақ кәсіпкершілік мақсаттарды көздей отырып орнатылатын туынды мақсаттар. Бұған көбінесе өнімділік (бір өнімге келетін шығын, материал сыйымдылығы т.б.), қаржылық ресурсар (мысалы, капитал құрылымы, ақша қозғалысы, айналым капиталының мөлшері) (оның ішінде: жаңа техногогиялары, қондырғыларды, өнімді енгізу мерзімі, ҒЗЖ-на кеткен шығын) адамдық ресурстар (біліктіліктері, ұйымдастырушылық білімдері) аумағындағы мақсаттар жатады. «стратегиялық үшбұрыш» мақсаттары- бұл фирма бөлімшелері бойынша мақсаттардың иерархиялық жүйесі құрылатын жоғарғы деңгейдегі мақсаттар. Мақсаттарды анықтау кезінде келесі негізгі талаптарды ескеру қажет: -объект туралы қажетті дұрыс ақпаратсыз мақсаттар орнатуға болмайды; -мақсаттарды анықтаудың тек бір әдісін қолдану мақсатқа лайықсыз; - мақсат айқын жазылуы тиіс және оны орындау барысында түсінікті болуы керек; -мақсат нақты және өлшемді болуы қажет, яғни сандық көрсеткіштермен көрсетілуі тиіс (мысалы, сату көлемі, жаңа клиенттердің саны, ақпараттың берілуінің кезеңділігі); -мақсат берліген кезеңде қол жетерлік болуы тиіс; -мақсаттар уақытқа сәйкес болуы қажет. Ұзақ мерзімдік мақсаттар миссияға , ал қысқа мерзімдік- ұзақ мерзімдікке сәйкес болуы керек. -мақсаттар қарама-қайшылықты болмауы тиіс; -мақсаттар бейімді болуы керек, яғни оларға өзгерістерге сай түзетулер енгізе алатындай болуы қажет. Мақсаттардың жіктелінуі және түрлері. Мақсаттарды анықтау кезінде , мақсат- бұл оған қол жетуі берілген мерзімге, орындаушы деңгейіне, соңғы нәтиже типіне байланысты интегралды көрсеткіш екенін естен шығармауымыз керек. Осыоайша, барлық мақсаттарды мерзімі , орындаушысы және соңғы нәтижесі бойынша үш негізгі белгілері бойынша жіктеуге болады. Схема түрінде бұл жіктелу 6.2-суреттегідей болады. Шаруашылықтандыру практикасында кәсіпорын басшылығы әрқашан бірінші кезекте пайда табу мақсатын қояды. Пайданы келесідей түрде қарастыруға болады: - қызмет нәтижесі мен оған кеткен шығындар айырмасы ретінде; - инвестициялаған капиталды өтемі ретінде; - айналымнан (жалпы сатудан) процент ретінде. Егер кәсіпкерлік қызметтің стратегиялық мақсатына келер болсақ, онда ол пайданы максималдауды көрсетеді. МАҚСАТТАР Нәтижеге жету уақыты бойыншы: -Ұзақ мерзімдік, стратегиялық -5-10 жыл; -Орта мерзімдік, тактикалық мақсаттар-1-5 жыл; - Қысқа мерзімдік оралымды мақсаттар- бір жыл ішінде. Орындауы бойынша: -Корпоративті жалпы мақсаттар (миссия); -стратегиялық бизнес бөлімшелер мақсаттары (тауарлы-нарықтық топтар); -Функционалдық мақсаттар; - Нақты тапсырмалар. Өлшем түрі бойынша: -сапалық мақсаттар-бағдарлар; -ақшалай немесе натуралды түрде көрсетілетін сандық мақсаттар. 5.2-сурет. Кәсіпорын мақсаттарын жіктеу. Бірақ пайда әрқашан басты мақсат бола бермейді , мысалы кәсіпорынның өсуі, қызметтің үздіксіздігі т.б. болуы мүмкін. Ұсынылатын әдебиеттер: Нег.: 2, 3, 4, 6. Қос.: 2, 3, 4.

Бақылау сұрақтары:

1.Ұйым миссиясы дегеніміз не?

2.Ұйым миссиясы негізінде қандай мақсаттар өңделеді?

3.Бағдар дегеніміз не?

4.Жоспарлау процесінде жүйені құрудың қандай әдістері бар?

5.Мақсаттардың келіспеушілігін бағалау қалай жүреді?

6.Стратегиялық басқаруда мақсаттардың қандай үш түрі бар?




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет