Умкд. 042-18-22 58/03-2015 2015 ж. №2 басылым



бет8/19
Дата27.03.2018
өлшемі2,69 Mb.
#39678
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   19

Қолқа - организмнiң ең iрi қызылтамыры, қабырғасы үш қабықтан тұрады. Астар (iшкi, интима) қабығы бiршама қалың, эндотелий, эндотелийасты қабаттардан тұрады, эластин талшықтары мөлшерi жоғары болғанымен iшкi серпiмдi жарғақ анық байқалмайды. Астар қалыңдығы жас өскен сайын ұлғая бередi. Ортаңғы қабық тамыр қабырғасы негiзгi бөлiгiн құрады, күштi серпiмдi қаңқа. Ол 40-70 әйнек тәрiздi (фенестрлер) серпiмдi жарғақтардан тұрады, олар бiр-бiрiне салып қойған цилиндр тәрiздi болады. Фенестрлi серпiмдi жарғақтар арасында эластин, ретикулин талшықтары торы, негiзгi зат, шиыршықталған бiрыңғай салалы бұлшық ет, фибробластар орналасады. Қолқа, өкпе қызылтамыры ортаңғы қабығында кардиомиоциттер болады. Адвентиция (сыртқы) қабығы бiршама жұқа, сыртқы серпiмдi жарғағы болмайды, дәнекер ұлпада коллаген, эластин талшықтары, миелиндi, миелинсiз жүйке талшықтары, тамырдың тамыры саны көп болады.

Бұлшық еттi қызылтамырлар қабырғасында бiрыңғай салалы бұлшық ет жасушалары саны бiрталай болып, олар жиырылып, қанағымын реттейдi. Бұлшық ет қызылтамырлар қабырғасы арнасымен салыстырғанда бiршама қалың, мына ерекшелiктерге ие: астары бiршама жұқа, тек iрi қызылтамырларда жақсы байқалатын эндотелий, эндотелийасты қабаттардан, фенестрлi iшкi серпiмдi жарғақтан тұрады; ортаңғы қабық - ең қалың, бiрыңғай салалы бұлшықет жасушалары онда айнала орналасып, қабатталып жатады (iрi қызылтамырда 10-60, ұсақта 3-4 қабат болады). Олардың арасында коллаген, ретикулин, эластин талшықтары, негiзгi зат, кейбiр фибробласт тәрiздi жасушалар кездеседi; адвентиция сыртқы серпiмдi жарғақтан (ұсақ қызыл тамырларда болмайды), эластин талшықтары бар борпылдақ талшықты ұлпадан құралады. Тамырдың тамыры (диаметрi 1мм-ден аз ұсақ қызылтамырларда болмайды) адвентициядан ортаңғы қабық шеткi бөлiмдерiне өтедi.

Бұлшық еттi - серпiмдi қызылтамыр серпiмдi, бұлшықеттi қызылтамырлар арасында орналасып, екеуiнiң де белгiлерiне ие болады, қабырғаларында серпiмдi, бұлшық ет элементтерi жақсы байқалады.

Көктамырлардың жалпы құрылымы қызылтамырларға ұқсас. Қысымы төмен, қанағымы баяу болатындықтан көктамыр арнасы үлкен, жеңiл қайтымды жұқа қабырғасында нашар дамыған серпiмдi элементтер болады. Онда қанның 70% сақталады. Көктамырлар қабырға құрылысындағы ерекшелiктер: iшкi серпiмдi жарғақ нашар дамыған, олар талшықтар торына ажырайды; бұлшық ет қабаты тамырды айнала таралуы нашар, әрi бiрыңғай салалы бұлшық ет жасушалары өте жиi ұзына бойда орналасады; өзiне сай қызылтамырлармен салыстырғанда, қабырға қалыңдығы жұқа, құрамында коллаген талшықтары көп болады; кейбiр қабықтары айқын бөлiнбеген; адвентициясы күштi, астары мен ортаңғы қабығы нашар дамыған; әр тамырлар құрылысы әртүрлi, оны бiр көктамыр кейбiр бөлiктерiнен байқауға болады; қақпақшалары болады.

Көктамырлар қабырғасындағы бұлшықет элементерiнiң даму деңгейiне орай, бұлшық еттi, бұлшық етсiз деп, бөлiнедi.

Бұлшық етсiз көктамырлар қабырғалары тығыз ағзаларда, бөлiктерде (ми қабықтары, сүйектер, көкбауыр перделiктерi) орналасып, олармен сыртқы қабығымен тығыз тұтасып кетедi. Мұндай көктамырлар қабырғасында дәнекер ұлпа қабатымен қоршалған эндотелий болады, бiрыңғай салалы бұлшық ет жасушалары болмайды.

Бұлшық еттi көктамырлар: 1) бұлшық ет элементтерi нашар дамыған–дененiң жоғарғы бетiндегi ұсақ, орташа көктамырлар, оларда қанағымы салмақ салдарынан нашар жүредi. Қабырғасындағы эндотелийасты қабат нашар дамыған, ортаңғы қабықта бiрыңғай салалы бұлшық ет жасушалар саны аз, топталып жатады, адвентицияда бiрыңғай салалы бұлшық ет жасушалары жеке ұзына бойда орналасады. 2) бұлшық ет элементтерi орташа дамыған-астар мен адвентицияда жеке ұзына бойы бағытталған бiрыңғай салалы бұлшық ет жасушалары және ортаңғы қабығында дәнекер ұлпа жұқа қабатшаларымен бөлiнген айнала орналасқан бұлшық ет шоқтарымен сипатталады. Iшкi, сыртқы серпiмдi жарғақтары болмайды. Жүрекке бағытталған қақпақшалары болуы мүмкiн. Олар қанның қайта ағуына кедергi болады, бұлшық ет жиырылғанда қан жылжуын қамтамасыз етедi. 3) бұлшық ет элементтерi жақсы дамыған-iрi көктамырлар. Оларға астар мен адвнтицияда iрi ұзына бойы орналасқан бiрыңғай салалы бұлшық ет жасушаларының шоғыры және ортаңғы қабықта айтарлықтай айнала орналасқан бұлшық ет жасушалары тән. Мұнда көптеген қақпақшалар болады. Бұларға диаметрi 100 мкм кiшi, тек микроскопта ғана көрiнетiн тамырлар жатады. Олар тамырлар жүйесiнiң қоректiк, тыныс алу, қажетсiз заттарды бөлу, реттеу қызметтерiн, қабыну, иммундық реакцияның дамуын қамтамасыз етуде басты рөл атқарып: қызылтамырлық, қылтамырлық, көк тамырлық болып бөлiнедi.

Қызылтамырлық топқа қызылтамыршалар, қызылтамыршалар алды кiредi. Қызылтамыршалар–диаметрi 50-100 мкм кiшкентай тамыр, қабырғасы үш қабықтан, оның әрқайсысы бiр жасуша қабатынан тұрады. Iшкi қабық жайпақ эндотелий жасушаларынан құралған, өсiндiлерi өте жұқа фенестрлi iшкi эластин жарғақшаларынан өтiп, ортаңғы қабықтағы бiрыңғай салалы бұлшық ет жасушаларымен байланыс құрады. Кейiнгiлер бiр-бiрiмен саңылау, тығыз қосылыстармен байланысып, шеңбер тәрiздi бiр қабат (кейде екi қабат) құрып жатады. Адвентиция өте жұқа, қоршап жатқан дәнекер ұлпамен тұтасып кетедi.

Құрылым, қызмет ерекшелiктерiне байланысты:

үздiксiз эндотелиймен төселген қылтамырлар - қалыңдығы 0,1-0,8 мкм эндотелий жасушалары, бiр-бiрiмен тығыз, саңылаумен қосылған, цитоплазма диаметрi 60-70 нм макромолекулаларды тасымалдайтын эндоцитоз көпiршiктерi болады. Негiзгi жарғағы үздiксiз, перициттер саны көп. Мұндай қылтамырлар организмде кең тараған, бұлшық ет, дәнекер ұлпа, өкпе, орталық жүйке жүйесi, айырша без, көк бауыр, экзокриндi бездерде кездеседi;

фенестрлi қылтамырлар-жұқа (80 нм) эндотелийiмен, диаметрi 50-80 нм көптеген жағдайда қалыңдығы 4-6 нм ортасы қалың көкетпен (диафрагма) тартылған тесiк болуымен сипатталады. Эндоцитоз көпiршiктерi, перициттерi аз, негiзгi жарғағы үздiксiз болады. Мұндай қылтамырлар бүйрек денешiгiнде, эндокриндi ағзаларда, ас қорыту жолы кiлегейлi қабығында, мидың тамырлар өрiмiнде орын алады;

қойнау қылтамырлары - диаметрi (30-40 мкм) үлкендiгi, iрi жасуша аралық диаметрi 0,5-3 мкм тесiктерiмен ерекшеленедi. Эндоцитоз көпiршiктерi болмайды, негiзгi жарғағы үзiлмелi келедi. Мұндай қылтамырлар бауырда, көк бауырда, сүйек майында, бүйрекүстi безiнде болады.

Көктамырлық топты үш көктамыршалар - қылтамырлар соңы, жинаушы және бұлшық ет көктамыршалары құрады.

Қылтамырлар соңы көктамыршалар–диаметрi 12-30 мкм бiрнеше қылтамырлар қосылуынан құрылатын тамырлар. Қызылтамыр - көктамыр жалғамалары - диаметрi 30-500 мкм тамырлар, тiкелей қызыл, көк тамыршаларды байланыстырып, микроскоптық айналым арнасында юкста қылтамырлық қанағымын қамтамасыз етедi. Олар үздiксiз, реттеу қанағымындағы жалғамалар болып, екiге бөлiнедi.

Жүрек - бұлшық еттi ағза, ырғақты жиырылып, тамырлар жүйесiнде қан айналымын қамтамасыз етедi, гормон өндiредi. Сүтқоректiлерде ол қосылған екi–оң және сол бөлiктерден тұрады. Бөлiктердiң әрқайсысында екi бөлiм - жүрекше, қарынша болады. Олар бiр-бiрiмен араларындағы тесiктер арқылы байланысады. Жүрекшелер мен қарыншалар арасында, қарыншаларға қарай ашылатын, жүрек қақпақшалары орналасады.

Жүрек қабырғасы (жүрекшелер мен қарыншалар) құрамына үш қабық: iшкi - астарқабат (эндокард), ортаңғы - бұлшық еттi (миокард), сыртқы - iш жағының табақшасы (эпикард) кiредi.

Эндокард жүрекшелер, қарыншалар, олардың қуыстарындағы барлық құрылымдар–қақпақшаларды, емiзiктi бұлшық еттi үздiксiз төсейдi. Жүрекше, қарыншалар, олардан басталатын тамырлар араларында қанды қарыншадан керi ағудан сақтайтын қақпақшалар орналасады. Жүректiң оң бөлiгiндегi жүрекше-қарынша (атриовентикуляр) қақпағы үш жақтаудан тұратындықтан, үш жақтаулы қақпақша, сол бөлiгiндегi қақпақша екi жақтаудан тұратындықтан, екi жақтаулы, митральды деп атайды. Қолқа, өқпе сағасындағы айшықты қақпақшаларының гистологиялық құрылымы ұқсас болғанымен, айшықты қақпақшаларда сiңiрлi жiпшелерi болмайды.

Миокард - жүрек қабырғасының ең қалың қабығы, кардиомиоциттерден тұрады. Олар арнайы қызмет атқаруға бiрiккен талшықтар, жүрек камераларын шиыршық тәрiздi қоршайтын қабаттар құрады. Талшықтар арасында тамырлар, жүйкелер бiрге жүретiн дәнекер ұлпалар орналасады. Кардиомиоциттер жиырылғыш, өткiзгiш, секрет бөлетiн (эндокриндi) деп, бөлiнедi. Жиырылғыш кардиомиоциттер миокард негiзгi бөлiгiн құрады, орталық бөлiгiнде 1-2 ядро орын алса, миожiпшелер шеткi бөлiгiнде орналасып, бiр-бiрiмен бөлу дискiсi аймағында қосылып, ұштастыру арқасында үш өлшемдi торға байланысады. Пiшiнi қарыншаларда цилиндр тәрiздi, жүрекшелерде - дұрыс емес, жиi өсiндiлi болып келедi. Бұл кардиомиоциттер жүктеменi ұзақ артыртса, өз көлемiн күрт ұлғайта алады. Өткiзгiш кардиомиоциттер туындату, жылдам электрлiк серпiндi өткiзуге қабылеттi болатындықтан жүрек әр бөлiмiнiң ырғақты келiсiмдi жиырылуын қамтамасыз етедi. Серпiннiң пайда болуы қойнау түйiнiнде жүрiп, арнайы жолдармен жүрекшеге, атриовентрикуляр түйiнiне берiледi. Серпiн бұл түйiнде 0,04 секунд аялдап, жылдам Гис будасына (жүрекше-қарынша), оның аяқшалары арқылы қарыншалардағы жұмыс атқаратын кардиомиоциттерге таралады. Өткiзгiш кардиомиоциттер үш түрге: Р-жасушалар, ауыса алатын жасушалар, Пуркинье жасушалары болып бөлiнедi. Р-жасушалар - ақшыл, ұсақ, өсiндiлi, нашар бағытталған миожiпшелерi, iрi ядролары болады. Мұндай жасушалар қойнау, түйiн, түйiнаралық жолдарда кездеседi. Жүректiң ырғақты жиырылуын қамтамасыз ететiн электрлiк серпiннiң басты көзi болып келедi. Ауыса алатын жасушалар - құрылысы, орналасқан жерi Р-жасушалармен жиырылғыш кардиомиоциттер арасындағы - аралық жасушалар. Олар, көбiнесе, түйiндерде кездеседi, бiрақ жақын орналасқан жүрекше бөлiгiне де ене алады. Пуркинье жасушалары-жиырылғыш кардиомиоциттерден гөрi ақшыл, кең, қысқа, қалай болса, солай орналасқан аз миожiпшелерi буда түзiп жатады. Мұндай жасушалар саны Гис будасында, оның аяқтарында мол болып, түйiн шеттерiнде кездеседi. Секреттер бөлетiн кардиомиоциттер - өсiндiлi жасуша, жүрекшелерде орналасады, жиырылғыш аппараты нашар, түзiлу аппараты жақсы дамыған. Цитоплазмасында гормон сақтайтын тығыз түйiршiктер орналасады.

Эпикард мезотелиймен жабылған, астында тамырлары мен жүйкелерi бар борпылдақ талшықты дәнекер ұлпа орналасады. Онда саны айтарлықтай май ұлпасы болады. Эпикард перикардтың iшкi ағзалық жапырақшасы болып келедi. Қабырғалық жапырақша құрылысы сiр қабығындай, мезотелий қабаты iшкi ағзалық жапырақшасына қарап орналасады. Беттерi тегiс ылғалды болатындықтан жүрек жиырылғанда өте жеңiл жылжиды. Мезотелий бүлiнгенде ғана жабысқақ пайда болып, жүрек тiршiлiк әрекетiн бұзады.



Лимфа жүйесi жүрек, қан тамырлар жүйесiнiң бiр бөлiгi. Оны лимфаға толы лимфа қылтамыры, тамыры, бағаны, түйiнi құрады. Ол әртүрлi-тазалау, тасымал, тосқауыл, иммунды қорғау, қойма, қан түзу қызметтерiн атқарады.

Лимфа тамырын құрылысына қарап, бұлшық етсiз (талшықты), бұлшық еттi деп бөледi. Лимфа тамырлары диаметрлерiне орай-ұсақ, орташа, iрi болып бөлiнедi.

Ұсақ диаметрi 30-40 мкм, ағза iшiнде болады, бұлшық ет элементтерi, қақпақшалары болмайды, қабырғасы эндотелийден, дәнекер ұлпа қабығынан тұрады.

Орташа, iрi лимфа тамырларында (диаметрi 0,2 мм артық) жақсы дамыған үш: iшкi, ортаңғы, сыртқы қабықтар болады. Эндотелиймен жабылған iшкi қабықта ұзына бойда, қисық бағытталған коллаген, эластин талшықтары орналасады. Көршi екi қақпақшалар арасында орналасқан бөлiм - қақпақша сегментi (бөлшегi), лимфангион деп аталады. Оның бұлшық ет теңгежапырағы (манжетка), қақпақша қойнауы қабырғасы, қақпақша бекiтiлетiн аймағы болады. Қақпақшалардың iшкi, сыртқы беттерi эндотелиймен жабылған орталық дәнекер ұлпа тақташасынан тұрады. Тамыр қабырғасына қараған қақпақша жақтауы эндотелийi астында эластин жарғақшасы орналасады. Қақпақшадағы орталық дәнекер ұлпа тақташасының қалың жерiнде бiрыңғай салалы бұлшық ет жасушалары шоғыры байқалады. Iшкi, сыртқы қабық арасында айқын бейнеленген iшкi эластин жарғақшасы тұрақты байқалмайды.

Ең iрi лимфа тамырына - кеуде лимфа арнасы жатады. Қабырға құрылысы төменгi қуысты көктамырды еске салып, үш - iшкi, ортаңғы, сыртқы қабықтардан тұрады. Iшкiге - эндотелий, эндотелий асты дәнекер ұлпа қабаты, iшкi эластин жарғақшасы кiредi. Ортаңғы қабық шеңбер, ұзына бойда жататын, әрi өткен коллаген, эластин талшықтары бар бiрыңғай салалы бұлшық ет жасушалар қабатынан тұрады. Сыртқы қабық сыртқы эластин жарғағынан, дәнекер ұлпа қабатынан, ұзына бойда орналасқан бiрыңғай салалы бұлшық ет жасушалары шоғырынан, тамырдың тамырынан түзiлген. Кеуде арнасы жолында 9 айшықша қақпақша кездеседi.



Өзін - өзі бақылау сұрақтары:

1. Алғашқы қан тамырлары ұрықтан басқа жерде қалай және қай жерде түзiледi, ал ұрық денесiнде ше?

2. Жүрек қандай ұрық жапырақшаларынан дамиды?

3. Жүректiң қабырға қабықтарының аттары және олардың әрқайсысын қандай ұлпалар түзедi?

4. Жүректiң өткiзгiш жүйесiн не құрады және оның жүрек қызметiндегi маңызы қандай?

5. Тамырлардың түрлерi, бұлшықеттi қызылтамыр қабырғасының құрылысы және басқа қызыл, көктамыр және сарысу тамырлары қабырғасындағы құрылыс ерекшелiктерi неде?

6. Қан қылтамырларының түрлерi, олардың қабырға құрылысының ерекшелiктерi қандай?

7. Қызыл және көктамыршалардың қабырға құрылысының қылтамырлармен салыстырғандағы ерекшелiктерi неде?

8. Көктамырлардың құрылым, қызмет ерекшелiктерi және олардың қызылтамырлардан айырмашылығы неде?

9. Алғашқы қан тамырлары ұрықтан басқа жерде қалай және қай жерде түзiледi, ал ұрық денесiнде ше?

10. Жүрек қандай ұрық жапырақшаларынан дамиды?

11. Жүректiң қабырға қабықтарының аттары және олардың әрқайсысын қандай ұлпалар түзедi?

12. Жүректiң өткiзгiш жүйесiн не құрады және оның жүрек қызметiндегi маңызы қандай?

13. Тамырлардың түрлерi, бұлшықеттi қызылтамыр қабырғасының құрылысы және басқа қызыл, көктамыр және сарысу тамырлары қабырғасындағы құрылыс ерекшелiктерi неде?

14. Қан қылтамырларының түрлерi, олардың қабырға құрылысының ерекшелiктерi қандай?

15. Қызыл және көктамыршалардың қабырға құрылысының қылтамырлармен салыстырғандағы ерекшелiктерi неде?

16. Көктамырлардың құрылым, қызмет ерекшелiктерi және олардың қызылтамырлардан айырмашылығы неде?

17. Жүрек қабықтары және олардың құрамы қандай?

18. Жүрек қабықтары және олардың құрамы қандай?

Әдебиеттер. Бірінші дәрістің соңында берілген.
№10 дәріс тақырыбы – Қан түзетiн ағзалар жӘне иммунитет дамуы

Жалпы сұрақтары: Олардың жалпы сипаттамасы. Көкбауыр. Лимфа түйiндерi.

Дәрістің қысқаша жазбасы. Сүйек кемiгi, айырша без, лимфа түйiндерi, көк бауыр, бадамшалар, пейер шытыралары, олармен қатар асқорыту жолындағы, жыныс, тыныс алу, несеп бөлу жүйелерiндегi лимфа түзетiн құрылымдар қан түзетiн, иммунитет дамитын ағзалар болып келедi.

Иммунды жүйеге көптеген диффузды топтанған лимфоидты ұлпалар, организмнiң барлық жерiнде бытыраған лимфоциттер, жебiр және тегiжат жасушалары, қан лимфоциттерi мен моноциттерi, лимфалар жатады. Олар қан түзу, иммунитет дамуындағы өзара байланысу процестерiне қатысып, организмдегi жасушалар әрекетiн микроорганизмдер, бөгде тегiжаттан қорғап, иммунды бақылауды қамтамасыз етедi.

Иммунды реакция: иммунды қабылеттi жасушалардың тiкелей байланыс әсерiнiң, нысаналарға себепшi болатын - жасушалық (оны тегiжат мүмкiндiгi бар жасушалармен өзара iс-қимыл жасайтын - Т-лимфоциттер iске асырады); организм қаны, сұйықтық айналымы тегiжатын бейтараптандыратын антиденелер - иммунды глобулиндердiң өндiруiмен байланысты - гуморальдi (тегiжат өндiретiн жасушалар, Т-лимфоциттермен өзара iс-қимыл жасайтын - В-лимфоциттер қамтамасыз етедi) болып бөлiнедi.

Организмде иммунды құзырлығы бар жасушалар пiсуi, басқа жасуша түрлерiмен өзара iс-қимыл жасауына, бiртiндеп аууына байланысты болады.

Осы процестегi иммунды жүйе ағзаларының рөлiне қарай, оларды орталық және шеткi деп бөледi.

Орталыққа-сүйек кемiгi, айырша без, құстарда - бiтеу (фабрициев) қапшық жатады. Олар тәуелсiз-тегiжаттар түзiлiп, өсуiн, сүйек кемiгiнен келетiн құрушы - жасушалар жетiлуiн қамтамасыз етедi. Әр түрлi тегiжаттыққа қажет көп қабылдағыштары бар жасушалар құрылады. Осы кезеңде тегiжаттар қажетсiз түгiлi, тiптi зиянды болады.

Шеткiге барлық осы жүйе ағзалары, құстардың терi, өкпесiндегi лимфа құрылымдары кiредi, тәуелдi - тегiжаттар түзiлiп, өсуiн, орталық ағзаларда қажеттi тегiжатқа сай, арнайы қабылдағыштарға ие, одан ауып келген жасушалар жетiлуiн қамтамасыз етедi. Бұл ағзалар тегiжатпен байланысты қамтамасыз ету үшiн, тегiжаттар түсетiн лимфа, қан жолдарында орналасады.

Қан түзу ағзалары, иммунитет дамуы құрылысының негiзгi қағидалары, атқаратын қызметтерiн көрсетедi. Бұл ағзалардың бәрiнде: қан өндiру, стромалық жасушалар болады Кейiнгiлер әр ағзада тiректiк, қоректiк, реттеу қызметтерiн орындайды; ерекше қан, лимфа тамырлары арнайы қызметтердi - тану, жасушаларды сорттау, аудару, тегiжаттарды ұстау, тағы басқаларды қамтамасыз етедi; жебiр жасушалар саны көп, фагоциттердiң әртүрлi бүлiнген жасушаларын, бөлшектерiн жұтып қоюына қатысады.

Шеткi ағзаларға тән қызметтермен қоса, көңіл бөлер жай, ол ондағы В- және Т-тәуелдiлiк аймақтары. В-тәуелдiлiк аймағының түрi лимфа түйiншегiндей, олармен лимфа ұлпасының шашыраңқы тобы байланыста болады. Т-тәуелдiлiк аймағы әдетте лимфа ұлпасындағы фолликула аралығына тең келедi.

Сүйек кемiгi қан түзу, иммунитет дамуы орталық ағзасы болып келедi, бағаналық қан жасушаларының өзiн-өзi қолдайтын популяцияларын сақтап, миелоциттер, лимфоциттер қатарларындағы жасушаларды құруға қатысады. Ол жетiлген жануарлар жайпақ сүйектерiнде (қабырға, бас, жамбас астауы, кеуде), омыртқаларда, түтiктi сүйектер эпифиздерiнде болады. Оның құрамына: қан өндiрiлу, стромалық, тамырлық құрамбөлiктер кiредi.



Қан өндiрiлу құрамбөлiгiн миелоидты ұлпа құрады.

Стромалық элемент өзара iс-қимыл жасап, даму сатысындағы миелоцит, лимфоцит қатарларындағы жасушаларды сақтайды. Онда өзiн-өзi қолдайтын популяциялары бар плюрипотенттi бағаналық жасушалар болады. Әртүрлi жасушалардың таралуы тегiн емес. Себебi, мегакариоциттер әруақытта қойнауларға, жақын жатып, оның бау тәрiздi өсiндiлерi қойнау кеңiстiгiне өтiп, жеке жасушаларға бөлiнедi. Түйiршiктi лейкоциттер эндост жасушалары жанында пiседi, ретикулин, адипоциттер алды жасушаларымен байланысады. Эритроидты элементтер эритробласт аралшығында дамиды, ретикулин жасушаларымен байланыста болады. Сондықтан кейiнгiлерде жиналған ферритин (гемоглобин синтезiне қажет темiр сақтайды) бөлшектерi оларға, берiледi. Стромалық құрамбөлiк өсiндiлi ретикулин жасушалары мен талшықтарын қосып, үш өлшемдегi торларды (қойнау қабырғасында жататын ретикулин жасушаларын - адвентициялық деп атайды); адипоциттердi (май жасушасы); жемiр, эндост жасушаларын (сүйек қуысын төсейтiн дәнекер ұлпалар) құрады.

Тамырлық құрамбөлiк әдеттегi микроайналым арнасындағы тамырлармен бiрге қабырғасы жұқа, жалғамасы бар, диаметрi 50-75 мкм ерекше қылтамырлар соңы (көктамырлы) қойнауларын сақтайды. Қойнаулар жұқа эндотелиймен төселген, олар қан өндiрiлу құрамбөлiгiндегi жетiлген жасушаларды жетiлмегенiнен ажыратып, уақытша түзiлген саңылаулар арқылы қойнау кеңiстiгiне өткiзiп тұрады. Оның бiрталай жерiнде негiзгi жарғақ болмайды. Қойнау қабырғасының сыртқы қабаты адвентициялық жасушаларды құрады. Қойнаулар қысқышеттермен (сфинктер) қамтамасыз етiлген, олар уақытша қан айналымынан шыға алады. Сөйтiп «тұндырғыш» рөлiн ойнап, онда жасушалар жетiледi. Сыртына жемiр жасушалар жанасып, олардың өсiндiлерi қойнау кеңiстiгiне өтедi. Қан өндiрiлуiн гуморальдi реттеу жасушалардың әр бағытта жаңадан түзiлiп, өсуiн және жетiлуiн бақылауды қамтамасыз етедi. Олар бiрталай себепшарттармен iске асады-бiр, бiрнеше түрлi жасушаларға ара қашықтықтан әсер ететiн гормондар, немесе жергiлiктi әсерлер сияқты, тiкелей арнайы қабылдағыштар жарғақтарымен байланысу арқылы жүредi. Мұндай себепшарттарға: бүйректе өндiрiлетiн, эритроциттер дамуын ынталандыратын - эритропоэтин; Т-лимфоциттер, сүйек кемiгi стромалық жасушалары, эндотелий өндiретiн, түйiршiктi лейкоциттер, моноциттер дамуын ынталандыратын - колония (шоғыр) ынталандырушы себепшарттар; Т-лимфоциттер, стромалық жасушалар, эндотелий өндiретiн, эритро-, түйiршiктi лейко-, моно-, әрi лимфоциттер дамуын ынталандыратын–интерлейкиндер жатады.

Сүйек кемiгi миелоидты қан түзуiмен қатар иммунды жүйенiң орталық ағзасы болып есептеледi. Онда құстардың фабрициев қапшығындағыдай, қан бағаналық жасушаларынан шығатын құрушылардан В-лимфоциттер тәуелсiз тегiжатының жетiлуi iске асады.

Айырша без (тимус) иммунды жүйенiң орталық ағзасы. Сүйек кемiгiнен түсетiн құрушылардан Т-лимфоциттер тәуелсiз тегiжаттарының жаңадан түзiлiп, өсуi, жетiлуi жүредi. Көптеген жануарлардың айырша безi кеңiрдектiң екi бүйiрiнде орналасатын қос мойын және кеуде қуысында-дара бөлiктерден тұрады. Ол тамырлары бар қалқаға дейiн созылатын дәнекер ұлпа қапшығымен жабылған. Қалқалар бездi байланысқан өсiндiлi эпителий жасушаларынан тұратын бөлiктерге бөлiп, ағза стромасын құрады. Строма iлмешектерiнде лимфоциттер (тимоциттер) орналасады. Сондықтан бездi лимфоэпителийлi ағза деп атайды. Оның әр бөлiгiнде қыртысты және милы заттары болады.

Қыртысты зат бөлiк шетiнде орналасады, жануар төлдерiнде ол ми затына қарағанда басым болады. Лимфоциттер жиi орналасатындықтан, түсi қоңыр болып келедi. Онда эпителий жасушаларының ерекше түрлерi байқалады: түрлi секрет бөлетiн жасушалар, цитоплазмасында түзiндi түйiршiктерi болады.

Тимоцит пiсуiне қажет себепшарттар: тимозин, тимопоэтин, басқалар өндiрiледi. Бұлар қанға түсiп, айырша безден тыс әсерiн тигiзуге қабылеттi болатындықтан эндокриндi без ретiнде қарайды; «бағушы-жасушалар» - цитоплазмасында ондаған белсендi бөлiне, жылдам өле алатын тимоциттерi болып, оларды қоршап жатқан жасушалардан жекелеп, сұрыптауына қатысады; тамырлану алды жасушалар-өсiндiлерiмен қылтамырларды қоршап алады, осы затта ғана болатын, пiсiп келе жатқан тимоциттерге қан айналымындағы тегiжат әсерiнен сақтайтын, айырша без (гемато-тимусты) тосқауылын түзедi.

Тосқауыл құрамына: қылтамыр эндотелийi, қылтамыр негiзгi жарғағы, қылтамыр айналасындағы бос орын (талшықтар, жебiр жасушалар), эпителий, ретикулин жасушалары негiзгi жарғағы, оның десмосомалар арқылы байланысқан цитоплазмасы кiредi. Милы зат қыртыстыға қарағанда ақшыл, жетiлген тимоциттер саны аз, кортикостериодтарды сезiнбейдi, айырша безден шығып кетедi, мұнда иммунды жүйе шеткi ағзаларының Т-тәуелдi аймақтары орналасады.

Эпителий жасушалары - қыртысқа қарағанда iрiрек, саны көп, кейбiр жерлерде олар жайпақталып, мүйiзденiп, қабаттары бiр-бiрiне центрлес қаланып - эпителийлi денешiк (Гассаль) қабаттарын құрады. Оның диаметрi 100 мкм, одан да көп болады, көлемi, саны күйзелуде, жас өскен сайын айтарлықтай өзгерiп тұрады. Солтүстiк бұғы айырша безiнiң салмағы ұрықтық кезең соңынан жыныстық пiсуге дейiн 15,5-55 грамм (И.С. Решетников), тышқанда 10- 70 мг дейiн өседi. Одан кейiн ағза бөлiгi кемуiнiң үдемелiлiгi байқалады, оны - жас керi дамуы деп атайды. Басты өзгерiстер бездiң қыртысты бөлiгiнде өтедi, онда лимфоцит саны азаяды. Бөлiктер бүрiсiп, iшiнде эпителий, бағаналы жасуша, Гассаль денешiктерi, әрi жебiр жасушалар пайда болады. Бөлiк аралық дәнекер ұлпа қабатшалары талшықтанып, iшiнде май жасушалары саны артады. Жас керi дамуының ұзақтығы жануарлар түрiне байланысты көрiнедi. Әртүрлi сыртқы, iшкi күштi ықпал әсерiнен (ауыр жарақат, сәулендiру, өзiн уыттандыру, ашығу, кенеттi жұқпалы аурулар, маусымдық өзгерiстер, қанда глюкокортикоидты гормондардың күрт көбеюi) айырша безде жылдам кездейсоқ керi даму жүруi мүмкiн. Лимфоциттер без қыртысты бөлiгiнен қанға қарқынды аууып, ағзада жаппай өледi. Кездейсоқ керi даму қайтымды процес.



Бiтеу қап құсқа тән лимфоэпителийлi, қуысты ағза. Кiлегейлi қабығының бiрiншi, екiншi қатпары ағза қуысына шығып тұрады. Көп қатарлы призма тәрiздi эпителиймен жабылған қатпарларында бiр-бiрiне тығыз жанасқан көптеген лимфа түйiндерi болады. Лимфа түйiндерi қыртысты, милы заттардан тұрады. Ақшыл милы затта ұзынша, өсiндiлi эпителий жасушалары байқалады, араларында iрi, орташа лимфоциттер орналасады. Қыртысты затта ұсақ лимфоциттер көп шоғырланады.

Каталог: ebook -> umkd
umkd -> Мамандығына арналған Сұлтанмахмұттану ПӘнінің ОҚУ-Әдістемелік кешені
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Студенттерге арналған оқу әдістемелік кешені
umkd -> ПӘннің ОҚУ Әдістемелік кешені 5В011700 «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығына арналған «Ұлы отан соғысы және соғыстан кейінгі жылдардағы қазақ әдебиетінің тарихы (1941-1960)» пәнінен ОҚытушыға арналған пән бағдарламасы
umkd -> «Балалар әдебиеті» пәніне арналған оқу-әдістемелік материалдар 2013 жылғы №3 басылым 5 в 050117 «Қазақ тілі мен әдебиеті»
umkd -> ПӘннің ОҚУ-Әдістемелік кешенінің
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> «Филология: қазақ тілі» мамандығына арналған


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   19




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет