Умкд. 042-18-22 58/03-2015 2015 ж. №2 басылым


Өзін - өзі бақылау және зертханалық жұмыстарды қорғау сұрақтары



бет16/19
Дата27.03.2018
өлшемі2,69 Mb.
#39678
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   19

Өзін - өзі бақылау және зертханалық жұмыстарды қорғау сұрақтары:

  1. Организмде бұлшық ет ұлпаларының қандай түрлерi болады?

  2. Бұлшық ет ұлпаларының жiктелуi неге негiзделген?

  3. Бұлшық ет ұлпаларының жиырылғыштық қасиетi неліктен орындалады?

  4. Бұлшық ет ұлпаларын бiр-бiрiнен қалай ажыратуға болады?

  5. Бiрыңғай салалы бұлшық ет ұлпасының құрылысы, қызметi, орналасқан жерi.

  6. Бұлшық ет талшығындағы көлденең жолақтық неден түзiледi?

  7. Бұлшық ет ұлпалары қалпына қайтадан келеме?

  8. Саркомера дегенiмiз не?

17 тақырып. Жүйке ұлпасы.

Мақсаты: Жүйке ұлпасының құрамын, даму көздерін, қызметін ұғып алу. Нейроциттердің құрылым ерекшеліктерін, рефлекторлық доғадағы орналасуына орай, жіктелуін білу. Глиоциттер, жүйке талшықтарының түрлерін, құрылысын, қызметін меңгеру.

1 тапсырма. Нейроциттердегі базофильді заттарға сипаттама беріңіз:

Нейроцитте орналасуы

Химиялық құрамы

Қызметі










2 тапсырма. Нейроцит нейрофибриллдеріне сипаттама құрыңыз

Нейроцитте орналасуы

Айқындау тәсілі (бояу)

Қызметі










3 тапсырма. Нейроглия жасушалары құрамы мен қызметін баяндаңыз

Нейроглия түрлері

Жасушаларының аты

Қызметтері

Макроглия







Микроглия







4 тапсырма. Жүйке талшықтарының гистологиялық қызметтік ерекшеліктерін көрсетіңіз

Жүйке талшықта рының түрлері

Білікті цилиндрі нің саны

Өзіне тән құрыл ым ерекшеліктері

Тітіркеністі өткізу жылдамдығы

Миелинді










Миелинсіз










Өзін - өзі бақылау және зертханалық жұмыстарды қорғау сұрақтары:

  1. Жүйке ұлпасы неден тұрады және олар қандай ұрық жапырақшаларынан дамиды?

  2. Жүйке ұлпасында өсiндiлер санына және рефлекторлық доғадағы орналасуына қарай орналасқан қандай нейроциттердi бiлесiз? Олардың құрылысы қандай?

  3. Ниссль заты дегенiмiз не? Олар нейроциттерде қалай орналасады?

  4. Перикарионның құрылысы қандай?

  5. Дендриттердiң аксоннан айырмашылығы неде?

  6. Жүйке талшықтарының құрылысы, қызметi және түрлерi қандай?

  7. Нейроглия туралы не бiлесiз?

  8. Химиялық синапс қандай бөлiмдерден тұрады және оны қандай құрылым белгiлерiне қарап ажыратуға болады?

  9. Неге синапс арқылы тiтiркену бiр бағытта ғана жүредi?

  10. Синапстың жiктелуiн баяндаңыз.

  11. Нейронның қай өсiндiсi сезгiш ұштармен аяқталады?

  12. Сезгiш ұштардың жiктелуiн атаңыз.

  13. Рефлекторлық доғада нейрон денесi, өсiндiсi, синапс және жүйке ұштары қандай рөл атқарады?

18 тақырып. Жеке гистология. Тері жабыны, оның туындылары.

Мақсаты: Үлпершекті (паренхималық), түтікті және тақташа қабатты ағзалардың микроскопиялық құрылым ерекшеліктерін меңгеру. Микроскоптарда тері қабаттарын бір-бірінен ажырата алу. Теріні қабатты ағза ретінде түсіну.

1 тапсырма. Дәптерге мына эпидермис қабаттарындағы жасушалардың құрылыс ерекшеліктерін көрсететін кестені салып, толтырыңыз.

Қабаттары

Жасушалары

Негіздік




Қылтанақты




Түйіршікті




Жылтырауық




Мүйізді




2 тапсырма. Түкті тері құрылымы қызметінің маңызын атаңыз

Құрылымдары

Қызметінің маңызы

Түк буылтығы




Түк қалтасы




Түк түбірі




Түк көтеруші бұлшық ет




3 тапсырма. Тері бездерінің құрылым, қызмет ерекшеліктерін келтіріңіз.

Бездер түрі

Құрылым ерекшеліктері

Қызмет ерекшеліктері

Май







Тер







Өзін - өзі бақылау және зертханалық жұмыстарды қорғау сұрақтары:

    1. Ағза дегеніміз не? Оны не түзеді?

    2. Үлпершекті ағзалар қабаттылардан қандай белгілерімен ерекшеленеді?

    3. Терiнiң қандай қабаттары болады, олардың әрқайсысы қай ұлпалардан түзiледi?

    4. Эпидермис, нағыз терi және гиподерманың даму көздерiн атау керек.

    5. Эпидермистiң қайтадан қалпына келуiне қандай торшалар қатысады?

    6. Мүйiзделу үдерiсiнде эпидермистiң қандай торшалары өзгерiске түседi?

    7. Терiнiң атқаратын қызметтерi қандай?

    8. Терi туындыларын атаңыз.

    9. Түбiт жүндердiң қылшық жүндерден айырмашылығы неде?

    10. Екiншi шаш түйiншiктерiнiң бiрiншi түрiнен айырмашылығы неде?

    11. Шаш түйiншегi қабырғасының құрылысы қандай, тамыр қынабын не түзедi?

    12. Шаш бөлiктерiн атап, қай бөлiмдерi терiнiң сыртына шығатынын, қайсысы оның қалың жерiнде орналасатынын көрсету керек.

    13. Шаш буылтығы түрiне қарап, қылқанды немесе түбiт шаш екенін анықтауға бола ма? Қай шаштың буылтығы терiнiң қалың жерiнде, қайсысы оның жоғары бетiнде орналасады?

    14. Тер безі соңғы бөлiмiнiң май безi ацинусiнен айырмашылығы неде?

    15. Тер бездерiн қандай белгiлерiне қарап, мерокриндi, апокриндi деп бөледi?

    16. Терiнiң қай безi голокриндi түрмен түзінді бөледi? Арнайы морфологиялық белгiлерi бар ма?

    17. Сүттенбейтін сүт бездерінің сүттенетін түрлерінен айырмашылығы бар ма? Оның қандай белгілерін білесіз?

    18. Тұяқ қабырғасы неден түзілген? Мүйіз қандай ұлпалардан тұрады?

19 тақырып. Ас қорыту жүйесі. Безді қарын. Мес қарын. Ащы ішек.

Мақсаты: Ас қорыту түтігі қабырғасының жалпы құрылымы, даму көзі және бөлімдерімен танысу. Олардың микроскопиялық құрылыстарының ерекшеліктерін өңеш, алдыңғы қарын, безді қарын, ащы, тоқ ішектердің атқаратын қызметтерімен байланыстырып, бір-бірінен ажырата алу және меңгеру.

1 тапсырма. Ит өңеші қабықтарының құрылысын кестеде толтырыңыз.

Қабықтары

Қабығындағы қабаттар

Ұлпалар құрамы

Кілегейлі







Бұлшық ет







Сыртқы







2 тапсырма. Кестеде қарын қабырғасы құрылысын келтіріңіз.

Қабықтары

Қабаттары

Бездерінің түрлері

атауы

Ұлпалар құрамы













3 тапсырма. Кестеде қарын бездерінің гистологиялық және қызметтік сипаттамаларын құрыңыз.

Қарын бездері

Жасушалар түрлері

Жасушалар қызметі

Түбі (фундальдік)







Кірер (кардиалды)







Ішқақпалық (пилорлы)







4 тапсырма. Кестеде қарын мен өңеш құрылысын салыстырып, талдау.

Белгілері

Өңеш

Қарын

Қабықтары







Эпителий түрлері







Бездері бар, орналасуы







Бездердің қызметі







Бұлшық ет қабығы (ондағы қабаттар саны, ұлпалар түрі)







5 тапсырма. Кестеде ащы ішек бүрлері мен кірмелерінің гистологиялық, қызметтік сипаттамаларын беру керек.

Құрылымы

Қызмет маңызы

Ұлпалар құрамы

Эпителиоцит түрлері

Бүрлер










Кірмелер










6 тапсырма. Кестеде қарын мен ащы ішек құрылысын салыстырып, талдау жүргізу қажет.

Белгілері

Қарын

12 елі ішек

Аш, мықын ішек

Кілегейлі қабық бедері (рельеф)










Эпителий түрі










Бездерінің бары










Бұлшық ет қабығ ының қабат саны










Негізгі қызметі










Өзін - өзі бақылау және зертханалық жұмыстарды қорғау сұрақтары:

1. Ас қорыту жолы қабырғасындағы қабықтардың латынша атын ата.



  1. Кiлегей, бұлшықет және сiр қабықтардың, олардағы қабаттардың латынша атын ата.

  2. Ас қорыту жолы қабырғасындағы қабықтарды қандай ұлпалар түзедi және олардың даму көздерiнiң мәнi неде?

  3. Өңештiң, алдыңғы және бездi қарын қабырғаларының микроскоптық құрылысының ерекшелiктерi неде және олар неге байланысты?

  4. Үлкен ұлғайтқыштан париетальдық гландулоциттердi көрсет және бұл жасушалар қандай қызмет атқарады?

  5. Фундальдық бездiң үш түрлi гландулоциттерiн атап, олардың атқаратын қызметiн түсiндiр.

20 тақырып. Бауыр. Ұйқы және сілекей бездері.

Мақсаты: Жарық және электронды микроскоптардағы бауыр құрылысын, ондағы қан айналымымен байланыстырып, ал ұйқы безін экзоэндо кринді ағза ретінде зерделеп, құрылым ерекшеліктерін түсіну.

1 тапсырма. Кестеде бауыр үлпершегінің құрылысын көрсетіңіз.

Құрылым және қызмет бірлігі

Негізгі құрам бөліктері

Жасушалық құрамы

Жасушаларының негізгі қызметі













2 тапсырма. Бауыр тамырларының орналасуын және оның ішіндегі қан айналым ерекшеліктерін ойлап, мына кестені толтыру қажет.

Бөлім аралық; бөлікке қан әкелетін

Бөлім ішіндегі

Бөлім аралық; бөлім нен қан әкететін










3 тапсырма. Кестеде ұйқы безінің құрылым, қызмет сипаттамасын бер.

Без бөліктері

Неден тұрады

Безді жасушалар

атауы

қызметі

экзокринді










эндокринді










Өзін - өзі бақылау және зертханалық жұмыстарды қорғау сұрақтары:

  1. Синусоидты қылтамырлар қалай құралады, орналасқан жері? Қай тамырға қосылады?

  2. Бауыр бөлiмдерiндегi гепатоциттердi не түзедi?

  3. Бауырдың қабығы қандай ұлпалардан тұрады, сырты немен жабылған, бөлiмаралық строманы қандай ұлпа түзедi?

  4. Бауыр триадасының құрамына не кiредi?

  5. Орталық көктамырдан қан қайда барады? Қандай тамырлармен артқы қуыс көктамырға жетедi?

  6. Қанның қақпа көктамыры мен бауыр қызылтамырының орталық көктамырға өтетiн тамырларын атап, баяндау қажет.

  7. Неге ұйқы безін экзоэндокринді деп атайды?

  8. Лангерганс аралшығында қандай гормондар түзіледі? Олардың маңызы неде?

  9. “Купфер жасушасы” дегеніміз не?

21 тақырып. Тыныс алу жүйесі. Ауатамырлар тарамы, ауасүзгіш бөлім. Өкпе.

Мақсаты: Тыныс алу ағзаларының, оның ішінде кеңірдек қабырғасының микроскопиялық құрылысын зерделеп, олар ауа жолы бөлімдерінде қалай өзгеретінін анықтап, ауа – қан тосқауылының ультрамикроскоп деңгейіндегі құрылымын айқындай білу.

1 тапсырма. Ауа жолы қабырғасының құрылыс ерекшеліктерін мына кестеде көрсетіңіз.

Ауа жолы бөлімдері

Кілегейлі қабық

Бұлшық ет тақташасы

Кілегей асты негіз

Талшықты шеміршекті қабық

Адвен

тиция


эпителий

Меншікті тақташа

Мұрын қуысы



















Жұтқыншақ



















Кеңірдек



















Ірі ауатамыр



















Орташа ауатамыр



















Кіші ауатамыр



















Соңғы ауатамыршалар



















2 тапсырма. Дәптерге ацинустар құрамын жазып алып, құрылымындағы ерекшеліктерді көрсету қажет.

3 тапсырма. Дәптерге көпіршіктер (альвеола) жасушаларының құрылысы, қызмет ерекшеліктерін, өкпе тосқауылының құрылысындағы құрамбөліктерді жазып алу керек.

Өзін - өзі бақылау және зертханалық жұмыстарды қорғау сұрақтары:

  1. Ауатамыр қабырғасының кеңiрдектен соңғы ауатамырларына дейiнгi тармақталуына байланысты құрылысындағы өзгерiстердiң өзiне тән белгiлерi қандай?

  2. Неге дем алғанда ауа жылдамдығы баяулайды, ал дем шығарғанда күшейедi?

  3. Ауа-қан тосқауылын не құрады?

  4. Эластин талшықтары мен бiрыңғай салалы бұлшық ет жасушалары қай жерде кездеседi?

  5. Сурфактант дегенiмiз не? Оның маңызы неде, оны қандай жасушалар түзедi?

  6. Тыныс алу жүйесі қандай ұрық жапырақшаларынан дамиды?

  7. Ауа жолы бойында эпителий қалай өзгереді?

Каталог: ebook -> umkd
umkd -> Мамандығына арналған Сұлтанмахмұттану ПӘнінің ОҚУ-Әдістемелік кешені
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Студенттерге арналған оқу әдістемелік кешені
umkd -> ПӘннің ОҚУ Әдістемелік кешені 5В011700 «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығына арналған «Ұлы отан соғысы және соғыстан кейінгі жылдардағы қазақ әдебиетінің тарихы (1941-1960)» пәнінен ОҚытушыға арналған пән бағдарламасы
umkd -> «Балалар әдебиеті» пәніне арналған оқу-әдістемелік материалдар 2013 жылғы №3 басылым 5 в 050117 «Қазақ тілі мен әдебиеті»
umkd -> ПӘннің ОҚУ-Әдістемелік кешенінің
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> «Филология: қазақ тілі» мамандығына арналған


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   19




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет