Умкд. 042-18-22 58/03-2015 2015 ж. №2 басылым


Өзін - өзі бақылау және зертханалық жұмыстарды қорғау сұрақтары



бет15/19
Дата27.03.2018
өлшемі2,69 Mb.
#39678
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   19

Өзін - өзі бақылау және зертханалық жұмыстарды қорғау сұрақтары:

  1. Гоноциттер (гонобластар) қайда пайда болады, олар қайда және қалай көшедi?

  2. Сперматогенездiң дәуiрлерiн ата, оның жетiлу (пiсу) дәуiрiнiң биологиялық мәнi неде екенiн түсiндiр.

  3. Қандай жасушаларда хромосомалардың диплоидты жиынтығы, ал қандайында гаплоидты жиынтығы болады?

  4. Сперматогенез қайда өтедi?

  5. Жетiлген аналықтардың аналық бездерiнде овогенездiң қандай дәуiрi өтедi?

  6. Бiрiншi көпiршiктегi овоциттiң екiншi түрiнен айырмашылығы бар ма, болса ол неде?

9 тақырып: Құс ұрығы дамуындағы негізгі сатылар. Іштөлі қабықтары.

Мақсаты: Құс ұрығының даму сатыларын білу, жұмыртқаклеткасының құрылысына орай, олардың ерекшеліктерін түсіну. Құс іштөлі қабықтарының қалай қалыптасатынын меңгеру.

1 тапсырма. Салынған бейнеден құс ұрығы бөлшектенуінің ерекшеліктерін түсініп, ол жұмыртқаклеткадағы сары уыз түйіршіктерінің мөлшеріне және бөлшектену өтетін жағдайларға байланысты екеніне көңіл аудару қажет. Дәптерге мына кестені салып алып, құс ұрығы дамуының негізгі сатыларын жазып, әрқайсысының маңызын қысқаша белгілеу керек.

Даму сатылары

Даму сатыларының маңызы







2 тапсырма. Тауықтың алғашқы жолағы препаратын үлкен ұлғайтқышта көріп, онда көп қабатты бөлігі (эктодерма) көру аймағының жоғарғы, ал бір қабатты бөлігі (эндодерма) оның төменгі жағында орналасуы қажет. Эктодерма мен эндодерманың арасында болбыр мезодерма жасушалары орналасады. Бұл бейнені дәптерге салып, мыналарды белгілеу керек: 1-эктодерма, 2-мезодерма, 3-эндо (энто) дерма.

Өзін - өзі бақылау және зертханалық жұмыстарды қорғау сұрақтары:

  1. Құс жұмыртқасының құрылысы қандай?

  2. Құс ұрығының дамуындағы ерекшелiктер неде?

  3. Құс ұрығының дамуында қандай кезеңдер болады?

  4. Құсқа қандай бөлшектену түрі тән?

  5. Дискобластула дегеніміз не?

  6. Құстың іштөлі қабықтарын атап, сипаттама беріңіз.

  7. Дене қатпары туралы не білесіз?

10 тақырып: Сүтқоректілер ұрығы дамуының негізгі сатылары. Іштөлі қабықтары.

Мақсаты: Сүтқоректілер ұрығының даму сатыларын, оның ерекшеліктерін білу. Ұрықты гаструляция кезінде, ұрық жапырақшалары айқындалғанда ажырата алу. Білікті ағзалардың, іштөлі қабықтарының пайда болуын, қалыптасуын түсіну. Қағанақ дегеніміз не екенін ұғу.

1 тапсырма. Дәптерге сүтқоректілер ұрығының негізгі сатыларын жазып, әрқайсысының мәнін мына кестеде толықтыру:

Даму сатылары

Сатылардың маңызы







2 тапсырма. Дәптерге мына кестені салып, ұрық жапырақшаларынан жетілудегі ұрық бастамаларын «+» белгісін қойып, анықтау қажет.

Ұрық жапырақ

шалары


Жүйке түтігі

Тері эктодер

масы


Ішек энто дермасы

Сомиттер

Спланхно том

Эктодерма
















Мезодерма
















Энтодерма
















Өзін - өзі бақылау және зертханалық жұмыстарды қорғау сұрақтары:

  1. Сүтқоректілер ұрығының дамуындағы негізгі сатыларды сипаттаңыз.

  2. Сүқоректілерге қандай бөлшектену тән?

  3. Трофобласт дегеніміз не? Ол қалай дамиды?

  4. Сомиттер дегеніміз не? Онда мезодерма қалай жіктеледі?

  5. Білікті ағзаларға не жатады? Әр қайсысын сипатта.

  6. Сүтқоректілерде ғана болатын іштөлі қабығын атап, ол қандай қызмет атқаратынын түсіндіру керек.

11 тақырып: Жабынды эпителий. Бір қабатты призма тәрізді және көп ретті кірпікшелі жыбырлақ эпителий.

Мақсаты: Ұлпа анықтамасын және ол неден пайда болатынын, қалай жіктелетінін білу. Эпителийдің негізгі ерекшеліктерін меңгеру. Жай және электронды микроскоптар деңгейіндегі эпителий ұлпаларын анықтай алу.

1 тапсырма. Бір қабатты призма тәрізді эпителий препаратындағы кіші ұлғайтқышта көлденең кесіндідегі түтікшелерді, араларындағы борпылдақ дәнекер ұлпаларды көріп, үлкен ұлғайтқышта түтікше қабырғасы аталған эпителийден тұратынына көз жеткізіп, оны дәптерге салып, мыналарды белгілеу керек: 1-эпителиоциттің жоғарғы беті, 2-ядро, 3-эпителиоциттің негізгі (төменгі) беті, 4-негізгі жарғақ, 5-төмен жататын дәнекер ұлпа.

2 тапсырма. Бір қабатты көп ретті кірпікті эпителий препаратын кіші ұлғайтқышта қарап, оның кілегейлі қабығының бетінен эпителий қабатын тауып, оны үлкен ұлғайтқышта көріп, дәптерге кішкене бөлшегін салып алып, мынаны белгіле: 1-кірпікті эпителиоцит: а) тербелмелі кірпікшелер, 2-алмастырушы эпителиоцит, 3-бокал тәрізді эпителиоцит, 4-негізгі жарғақ, 5-төмен жататын дәнекер ұлпа.

Өзін - өзі бақылау және зертханалық жұмыстарды қорғау сұрақтары:

1. Эпителийдiң ең кең тараған жiктелуi қайсы? Оны сипаттаңыз.

2. Эпителийлер физиологиялық жiктеуiне сай, қандай қызметтер атқарады?

3. Эпителийлер қандай ұрық жапырақшалардан дамиды?

4. Қандай құрылымына сай эпителиоциттер бiр-бiрiмен байланысады?

5. Көп қабатты мүйiзделетiн эпителий қандай қабаттардан тұрады?

6. Эпителийлер қалай қайтадан жаңарады?

7. Берiктiктi сақтайтын ұлпаның түрiн атаңыз.

8. Бiрiншi, екiншi, үшiншi реттiк будаларды не түзедi?

9. Тығыз қалыптасқан дәнекер ұлпаға не жатады? Олардың құрылысын, кездесетiн жерлерiн атаңыз.



10. Тығыз қалыптаспаған дәнекер ұлпаны қай жерден көруге болады?

12 тақырып: Бездік эпителий. Қарапайым түтікше, альвеолалы, күрделі бездер. Көп қабатты эпителий.

Мақсаты: Безді эпителийлердің (гландулоциттер) құрылысын жетік білу. Соңғы бөлімінің құрылысына, түріне және түзінді бөлуіне орай, бездердің жіктелуін меңгеру. Микроскопта аталған безді эпителийлер түрлерін бір-бірінен ажырата алу.

1 тапсырма. Жабынды және бездік эпителийлердің құрылым, қызмет ерекшеліктерін кестеде салыстырып, талдау өткізіп, оны толтыру қажет.

Құрылым белгілері

Жабынды эпителий

Бездік эпителий

Организмдегі орны







Арнайы белгілері







Қайта қалпына келуі







2 тапсырма. Ойланып, экзокринді бездерді жіктеуге қандай белгілер негіз болатынын төменгі кестеге жазу керек.

Бездердің бөліктері

Б е з д е р

қарапайым

күрделі

тармақталған

тармақталмаған

Өзегі тармақталады













Өзегі тармақталмайды













Өзекке бір соңғы бөлім ашылады













Өзекке бірнеше соңғы бөлім ашылады













Бақылау есебі:

1. Без препараты Шифф-иод қышқылымен өңделген, сондықтан жасуша да қызыл күрең түске боялған түзінді айқындалды. Бұл бездің түзіндісінде қандай химиялық құрамбөліктер бар?



2. Препараттағы бездің соңғы бөлімі бірнеше жасушалар қабатынан тұрады. Олар негізгі жарғақтан алыстаған сайын біртіндеп түзінділер жинала бастайды, ядролар бүріседі, жасушалар бұзылады. Бұл безге қандай секреция түрі тән?

Өзін - өзі бақылау және зертханалық жұмыстарды қорғау сұрақтары:

  1. Біржасушалы без дегеніміз не?

  2. Көпжасушалы бездердің морфологиялық жіктеуін беріңіз.

  3. Бездi эпителий дегенiмiз не?

  4. Эндокриндi, экзокриндi бездердiң бiр-бiрiнен айырмашылығы неде?

  5. Секрет бөлетiн эпителиоциттерге қандай тұрақты қосындылар жатады?

  6. Қандай секреция түрлері бар? Безді жасушаның құрылысы қандай?

  7. Экзокринді бездер қандай бөлімдерден тұрады?

  8. Есеп шешімін қорғау.

13 тақырып: Дәнекер ұлпалар. Сүтқоректілер қанының құрылысы.

Мақсаты: Микроскопта әртүрлі дәнекер ұлпаларды анықтай білу. Қанның құрамын, атқаратын қызметін меңгеріп, малдардың қан лейкограммасының үлгісін жазу.

1 тапсырма. Кіші ұлғайтқышта препараттан қан жағындысының жұқа жерін тауып, үлкен ұлғайтқышта өте көп эритроциттер арасынан лейкоциттердің әр түрін байқап, көру керек. Оларды дәптерге салып, мына белгілерді қою қажет: 1-эритроцит, 2-эозинофил, 3-базофил, 4-жас нейтрофил, 5-таяқша тәрізді нейтрофил, 6-иректелген нейтрофил, 7-үлкен лимфоцит, 8-орташа лимфоцит, 9-кіші лимфоцит, 10-моноцит, 11-қан тақташалары.

2 тапсырма. Дәптерге мына малдардың қан лейкограммасын (%) салу керек:

Малдар түрі

Базофил

Оксифил

Нейтрофилдер

Лимфоцит

Моноцит

жас

таяқша

иректел.

Ірі қара мал

0 - 2

5 - 8

0 - 1

2 - 5

20 - 30

40 - 65

2 – 7

Жылқы

0 - 1

2 - 6

0 - 1

3 - 6

45 - 65

25 - 44

2 – 4

Қой

0 - 1

4 - 12

0 - 2

3 - 6

35 - 45

40 - 50

2 – 5

Шошқа

0 - 1

1 - 4

0 - 2

2 - 4

40 - 48

40 - 50

2 - 6

Өзін - өзі бақылау және зертханалық жұмыстарды қорғау сұрақтары:

  1. Қандай ұлпалар дәнекер, немесе iшкi орта ұлпаларын құрайды?

  2. Мезенхима дегенiмiз не? Құрылысы қандай?

  3. Дәнекер ұлпалардын iшiндегi қай ұлпа таза қоректiк қызмет атқарады?

  4. Қан қандай ұлпа? Оның сипаттамасын берiңiз.

  5. Гемограмма, лейкоцитарлық формула дегенiмiз не?

  6. Қанның құрамбөліктерін атаңыз.

  7. Әр түрлі тірі мал қанындағы эритроциттердің құрылысы, түрі, мөлшері, түсі, қасиеттері қандай?

  8. Лейкоциттердің құрылысы мен жіктелуін түсіндір.

  9. Қан жасушаларын қалай санайды?

  10. “Солға жылжу” дегеніміз не? Оны қалай анықтайды?

  11. Ұрықтық дамуда алғашқы қан жасушалары қайда пайда болады?

14 тақырып: Борпылдақ және тығыз талшықты дәнекер ұлпалар.

Мақсаты: Сәулелі және электронды микроскоптарда әртүрлі дәнекер ұлпалардың құрылым құрамбөліктерін анықтай білу. Дәнекер ұлпаларды түзетін жасушалардың қызметін құрылысына орай түсіндіріп, олардың организмнің ішкі орта құруына қатысуын түсіну.

1 тапсырма. Борпылдақ дәнекер ұлпа препаратын кіші ұлғайтқышта қарап, онда жуан коллаген талшықтары шоғырын және жіңішке түзу немесе сәл иірілген эластин талшықтарын, талшықтар араларындағы жасушаларды көру керек. Оларды үлкен ұлғайтқышта байқап, дәптерге суретін салып, мыналарды белгілеу қажет: 1-коллаген және 2-эластин талшықтары, 3-негізгі түрсіз заттар (аморфты), 4-фибробласт, 5-гистиоцит, 6-лимфоциттер ядросы.

2 тапсырма. Меншікті дәнекер ұлпаның құрамындағы жасуша аралық заттар құрылысы ерекшеліктерін (“көп”, “аз”, талшықтарының орналасуына орай, бір-біріне параллель немесе қалай болса солай) мына кестеде көрсету керек.

Дәнекер ұлпа түрлері

Негізгі түрсіз зат

Талшықтар (коллагенді, эластинді)

Борпылдақ







Тығыз қалыптасқан







Тығыз қалыптаспаған







Өзін - өзі бақылау және зертханалық жұмыстарды қорғау сұрақтары:

  1. Борпылдақ дәнекер ұлпа қандай ұрық жапырақшаларынан дамиды?

  2. Борпылдақ дәнекер ұлпаның құрылысын сипаттап, орналасқан жерiн көрсетiнiз.

  3. Борпылдақ дәнекер ұлпаның жасушаларын атап, олар қалай бөлiнетiнiн баяндаңыз.

  4. Жасуша аралық заттың құрылымын түсiндiрiңiз.

  5. Микроскопта бұл ұлпа жасушаларын қалай ажыратады?

  6. Фибробластар, құрылысы, қызметi, онда қандай тұрақты қосындылар жақсы дамыған?

  7. Шұрайлы жасуша ерекшелiгi неде? Ондағы түйiршiктердiң химиялық құрамы қандай?

  8. Тығыз дәнекер ұлпаның микроскоптағы құрылысының ерекшелiктерi неде?

  9. Бұл ұлпаның қандай түрлерiн бiлесiз. Олардың бiр-бiрiнен айырмашылығы бар ма?

  10. Эндотендиний, перитендиний, эпитендиний дегенiмiз не? Қай жерде көруге болады?

15 тақырып: Мөлдір (гиалинді) шеміршек. Сүйек ұлпасы.

Мақсаты: Шеміршектерді жасуша аралық заттарының құрылым ерекшеліктеріне орай, бір-бірінен ажырата білу. Сүйек ұлпасының тақташалы түрін қатаң талшықты түрінен ажыратып, олардың гистологиялық қызметінің ерекшеліктерін білу.

1 тапсырма. Көгілдір мөлдір шеміршекті, оның қабығы ақшыл-қызғылт түске боялғанын препараттың кіші ұлғайтқышында көріп, олардағы хондробластарды, хондроциттерді және изогенді жасушаларды тауып, суретін салып, мыналарды белгілеу керек: 1-шеміршек қабығы: а) коллаген талшықтарының шрғыры, б) хондробластар, 2-жеке хондроциттер, 3-изогенді хондроциттер тобы, 4-жасуша аралық заттек.

2 тапсырма. Тұтас тақташалы сұйек ұлпасы препаратын қарап, оның сыртқы (периост), ішкі (эндост) қабықтарын, олардың араларындағы 4 сүйек тақташалары жүйесін көріп, онда негізді остеондар құратынын байқап, барлығын дәптерге салып, мыналарды белгілеу керек: 1-периост, 2-сыртқы жалпы тақташалар жүйесі, 3-остеондар жүйесі: а) қан тамырлары бар гаверс өзегі, 4-қосымша тақташалар жүйесі, 5-ішкі жалпы тақташалар жүйесі, 6-эндост, 7-сүйек қуысындағы остеоциттер, 8-сүйек өзектері.

Өзін - өзі бақылау және зертханалық жұмыстарды қорғау сұрақтары:

  1. Қаңқалық дәнекер ұлпаларға не жатады?

  2. Шемiршек жасушаларын атаңыз.

  3. Шемiршектiң қандай түрлерiн бiлесiз. Олар қай жерде кездеседi?

  4. Шемiршек түрлерiнің құрылысы, бiр-бiрiнен айырмашылығы неде екенiн түсiндiрiңiз.

  5. Сүйек ұлпасының құрылымы, түрлерi, қызметi, ерекшелiгi неде екенiн түсiндiрiңiз.

  6. Остеон дегенiмiз не? Оның құрылысы және қызметi қандай?

  7. Сүйек жасушаларына сипаттама берiңiз.

  8. Қанкалық дәнекер ұлпаларды микроскопта қалай бiр-бiрiнен ажыратуға болады?

16 тақырып. Бұлшық ет ұлпасы.

Мақсаты: Бұлшық ет ұлпасының құрылысын, жіктелуін, қайнар көзін, дамуын меңгеріп, оларды бір-бірінен микроскопта ажырата алу. Жиырылу негізі неде екенін түсініп, оның электронды микроскоптағы құрылысын білу. Жүректік бұлшық ет ұлпасының құрылысындағы ерекшеліктерді айқындау.

1 тапсырма. Бірыңғай салалы бұлшық ет ұлпасы препаратын қарап, онда 3 қабат бұлшық ет тобы барын, олар ұршық тәрізді миоциттерден тұратынын көріп, олардың ұзына бойындағы, көоденең кесіндідегі суретін салып алып, мыналарды белгілеу керек: 1-ұзына бойындағы миоциттер: а) сарколемма, б) саркоплазма, в) ядро, 2-көлденең кесіндідегі миоциттер: г) сарколемма, д) саркоплазма, е) ядро. Препаратта миофиламенттер көрінбейтіндіктен (электронды микроскопта ғана байқалады) бір миоциттің суретін салып, мына белгілерді қою қажет: 1-сарколемма: а) ішкі қабат (цитолемма), б) сыртқы қабат (негізгі жарғақ), 2-саркоплазма: в) жұқа (актин), г) жуан (миозин) филаменттер, д) аралық миофиламенттер, 3-ядро.

2 тапсырма. Көлденең жолақты қаңқалық бұлшық ет ұлпасы препаратын кіші ұлғайтқышта қарап, ондағы талшықтарды ұзына бойы, көлденең кесіндіде көріп, үлкен ұлғайтқышта ашық (изотропты) және күңгірт (анизотропты) алқаптарды, сарколемма астындағы сопақша ядроларды, көлденең кесіндідегі талшық саркоплазмасында ұсақ түйіршіктерді - миофибриллдерді байқап, суретін салып, мыналарды белгілеу керек: 1-ұзына бойдағы симпластар: а) ашық, б) күңгірт алқаптар, в) саркоплазмадағы ядролар, 2-көлденең кесіндідегі талшықтар: г) сарколемма, д) саркоплазма, е) миофибриллдер, ж) ядролар, з) миосателлиттер ядролары.

3 тапсырма. Дәптерге мына кестені салып, оны қажетті жеріне “+” белгісін қою қажет.

Әртүрлі бұлшық ет ұлпасының қысқаша салыстырмалы сипаттамасы



№№ реті

Белгілері

Тегіс

Көлденең жолақты

қаңқа

жүрек

1

Даму көзі – мезенхима










2

Даму көзі – миотом










3

Даму көзіспланхнотоманың ішкі жапырақшасы










4

Жасушалардан тұрады










5

Симпластардан тұрады










6

И және А дискілері айқын көрінеді










7

Миофибриллдері жетілген










8

Жетілген миофибриллдері жоқ










9

Бұлшық ет жалғасулары (анастомоздары) бар










10

Ядролары ортасында орналасқан










11

Ядролары сарколемма астында орналасқан










12

Бөлу дискілері бар










13

Т-жүйемен саркоплазмалық тор арасында көлемді түйіскен жері бар










14

Түйіскен жері көп емес










15

Т – түтікшелері жоқ










16

Миосателлиттері (түзуші жасушалары) бар










Каталог: ebook -> umkd
umkd -> Мамандығына арналған Сұлтанмахмұттану ПӘнінің ОҚУ-Әдістемелік кешені
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Студенттерге арналған оқу әдістемелік кешені
umkd -> ПӘннің ОҚУ Әдістемелік кешені 5В011700 «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығына арналған «Ұлы отан соғысы және соғыстан кейінгі жылдардағы қазақ әдебиетінің тарихы (1941-1960)» пәнінен ОҚытушыға арналған пән бағдарламасы
umkd -> «Балалар әдебиеті» пәніне арналған оқу-әдістемелік материалдар 2013 жылғы №3 басылым 5 в 050117 «Қазақ тілі мен әдебиеті»
umkd -> ПӘннің ОҚУ-Әдістемелік кешенінің
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> «Филология: қазақ тілі» мамандығына арналған


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   19




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет