Умкд. 042-18-22 58/03-2015 2015 ж. №2 басылым


Өзін - өзі бақылау және зертханалық жұмыстарды қорғау сұрақтары



бет18/19
Дата27.03.2018
өлшемі2,69 Mb.
#39678
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   19

Өзін - өзі бақылау және зертханалық жұмыстарды қорғау сұрақтары:

      1. Бүйрекүсті безi қабығының құрылымы.

      2. Бүйрекүсті безiнің қыртыс затында қандай бөлiктер бар? Бөлiктердi қалай деп атайды?

      3. Бүйрекүсті безi милық затының даму көзi неде және онда қандай гормондар бөлiнедi?

      4. Интерренал денешiгi мен параганглий дегенiмiз не?

      5. Бүйрекүсті безi стромасын қандай ұлпа құрады, оның даму көзi неде?

      6. Қалқанша маңы безiнiң құрылысы мен атқаратын қызметi неде?

      7. Гормондар дегеніміз не? Олардың басқа бездер түзінділерінен айырмашылығы бар ма?

      8. Эндокринді бездерге қандай бездер жатады? Оларды атап, сипаттама беріңіз.

      9. Қалқанша бездің құрылысын баяндаңыз.

      10. Гипофиздің құрылысы, атқаратын қызметі туралы не білесіз?

29 тақырып. Жүйке жүйесі. Үлкен ми сыңарының қыртысы. Мишық. Жұлын. Жүйке.

Мақсаты: Жүйке жүйесінің анатомиялық және физиологиялық жіктелуін түсініп, мишық, үлкен ми сыңарының қыртысы, жұлын, жүйке түйіндері мен жүйкелердің микроскоптағы құрылысын, ерекшеліктерін меңгеріп, оларды бір-бірінен ажырата білу. Жүйке – үлпершекті ағза екенін анықтау. Рефлектролық доғаны, ондағы нейрон денесі, өсінділері, жалғама (синапс), жүйке ұштары қандай рөл атқаратынын айқындау.

1 тапсырма. Жұлынның сұр және ақ заттарының негізгі құрылымын түсіну үшін, мына кестені толтырып, қажетті жеріне + немесе – белгілерін қойыңыз.

ОЖЖ заттары

Нейроцит денелері

Миелинді жүй ке талшығы

Миелинсіз жү йке талшығы

Глиоциттер
















2 тапсырма. Мына кестеде жұлын “ядроларының” (ол не?) белгілерін көрсету керек.

Орналасқан жері

Нейроциттер типтері

Қызметінің маңызы










3 тапсырма. Мишық қыртысының жасушалық құрылым кестесін салып, толтырыңыз.

Мишық қыртысының қабаттары

Нейроциттер (атауы) түрлері







4 тапсырма. Үлкен ми сыңарларындағы жүйке талшықтарының негізгі түрлерін атап, мына кестеде олардың рөлін көрсетіңіз.

Үлкен ми сыңарларындағы жүйке талшықтарының түрлері

Қызметінің маңызы







Өзін - өзі бақылау және зертханалық жұмыстарды қорғау сұрақтары:

  1. Рефлекторлық доға қандай тiзбелерден тұрады? Күрделi рефлекторлық доғаның қарапайым түрiнен қандай айырмашылығы бар?

  2. Жұлын сұр затында ядролар бар ма? Болса оларды атап, орналасқан жерiн көрсет.

  3. Жұлынның қозғалғыш ядро нейроцитiнiң аксондары қайда барып аяқталады?

  4. Жұлындық (арқа) түйiн нейроцитiнiң дендриттерi қайда бағытталып, соңғы ұштары ненi құрайды?

  5. Жұлынның ақ және сұр затының негiзiн қандай глиоциттер түзедi?

  6. Жұлынның өткiзгiш жолдарын атап, олардың қайсысы сопақша мида, қайсысы мишықта аяқталатынын баянда.

  7. Дербес түйiндердiң микроскоптық құрылысын жұлын түйiндерiмен салыстырып, олардың ерекшелiктерiн түсiндiр.

  8. Жүйке жүйесiнiң орталық, шеткі бөлiмiндегi ағзалар байланысы қалай жүредi?

  9. Химиялық жалғама қандай бөлiмдерден тұрады?

  10. Неге жалғама (синапс) арқылы тiтiркену бiр бағытта ғана жүредi?

  11. Мишық қыртысының үш қабатын атап, қайсысында себет тәрізді, Пуркинье жасушаларының денесi жататынын көрсет.

  12. Мишықтың ақ затында қандай сезгiш талшықтар бар? Қай жерде аяқталады?

  13. Себет тәрiздi жасушалар қай жерде жатады? Оларды неге осылай деп атайды?

  14. Ми сыңарының қыртысындағы қабаттарды ата.

  15. Периневральды қынаптың құрылысын сипаттап, оның неге орталық жүйке жүйесiн зақымдайтын ауру қозғыштарын тарататынын түсiндiр.

  16. Шеткі жүйке жүйесiнiң құрылымы қандай? Құрамына жүйке талшықтары кiре ме?

  17. Нейросекреция дегенiмiз не?

  18. Мишықтың атқаратын қызметтерi қандай?

30 тақырып. Сезім ағзаларының жүйесі. Көздің торлы қабығы. Ішкі құлақ.

Мақсаты: Ұлпадағы қабылдағыштар мен сезім ағзаларын анықтап, талдағыштардың шеткі бөлімінің жіктелуін біліп, олардың гистологиялық құрылысын зерделеп, бір-бірінен ажырата алу. Көздің артқы бөлімі мен ішкі құлақтың құрылымына аса назар аудару.

1 тапсырма. Мына кестеде көрсетілген сезгіш жасушалар қай сезгіш ағзалар құрамында болатынын ойланып, белгілеу қажет.

Сезім ағзаларының типтері

Көру ағзасы

Есту ағзасы

Иіс сезу ағзалары

Тепе-теңдік ағзалары

Дәм сезу ағзалары

Алғашқы (нейро) сезгіш қабылдағыштары бар
















Екінші (эпителийлі) сез гіш қабылдағышы бар
















2 тапсырма. Кестеде көздің торлы қабығындағы нейроциттерді белгілеп, қалай орналасатынын көрсету керек.

Нейроциттер

Торлы қабықтың қай қабатында орналасады







3 тапсырма. Мына кестеде сезгіш жасушалар қай жерде орналасып, қандай қызмет арқаратынын белгілеген жөн.

Сезім ағзалары

Сезгіш жасушалардың орналасқан жері

Қызметтері

Есту ағзасы







Тепе-теңдік ағзасы







Өзін - өзі бақылау және зертханалық жұмыстарды қорғау сұрақтары:

  1. Көз алмасы қабырғасындағы сыртқы қабық бөлiмдерiн ата.

  2. Көз алмасы қабырғасындағы ортаңғы қабыққа қандай бөлiмдер кiредi?

  3. Торлы қабықтың жарық микроскопында көрiнетiн қабаттарын ата.

  4. Сыртқы және iшкi шекаралық жарғақтар неден құралған?

  5. Торлы қабықтың сыртқы және iшкi түйiршiктi қабаттары не құрады?

  6. Торлы қабықтың сыртқы және iшкi торлы қабаттары неден құралған?

  7. Көру жүйесiн нелер түзедi?

  8. Таяқша, сауытша жасушалардың электронды микроскоптағы ерекшелiктерi неде?

  9. Сезiм ағзаларына қандай құрылым, қызмет белгiлерi тән?

  10. Есту және тепе-теңдiк ағзаларының қай жерiнде сезгiш жасушалар орналасады?

  11. Жарғақты шытырман қабырғасын атап, ондағы құрылым және қызмет ерекшелiктерiнiң маңызы неде екенiн баянда.

  12. Кеңiстiң тарағы және статикалық дақ дегенiмiз не? Олар қай жерде орналасады?

  13. Талдаушы күрделi рефлекторлық доғаның қай бөлiмiн түзедi?

  14. Есту және тепе-теңдiк талдаушыларының нейроциттерiн ата.


СТУДЕНТТЕРДІҢ ТЕК ӨЗ БЕТІМЕН (СӨЖ) ЖҮРГІЗЕТІН ЖҰМЫСТАРЫ

Рет №

Жұмыстар түрлері

1

Микроскоппен жұмыс істеу.

2

Құрылғыларды әзірлеу.

3

Шана тәрізді микротомның құрылысын баяндау.

4

Автоматты жіберуі бар шана тәрізді микротомның құрылысын баяндау.

5

Мұздататын микротомның құрылысын баяндау.

6

Микротом пышақтарын қайрау.

7

Қайрақ таста микротом пышағын өткірлеу.

8

Кесінділер дайындау.

9

Препаратты бояу және оны өз бетімен оқу.

10

Сүйекті кальцийден айыру.

11

Электронды микроскоппен зерделеу үшін ұлпаларды әзірлеу.

12

Ультратом (негізгі құрылым қағидалары және кесінділерді әзірлеу).

13

Препараттарды сақтау және таңбалау.

14

Жұқа қабыршақты (үлпекті) препараттарды әзірлеу.

15

Биосынама материалдарын өңдеу.


Студенттердің өз бетімен жүргізетін жұмыстарының әдістемелік нұсқаулары

1 тақырып - Микроскоппен жұмыс істеу. Ол үшін мына тәсілдерді меңгеріп, дағдыға айналдыру қажет:



1. Микроскопты сол жаққа, сурет дәптерін оң жаққа қойып, кіші ұлғайтқыштағы микроскопты сол көзбен, оң көзді жұмбай (қыспай) қарап, айнаның ойыс жағын жарық көзіне бағыттап, біркелкі, әрі жеткілікті жарықты табу.

2. Препараттың жабын шынысы жоғары бетінде болып, зерделенетін құрылымды үстел саңылауының дәл ортасына орналастыру қажет.

3. Кремальераны бұрап, жарық шоғырын табу. Линза мен препарат қоятын үстел арасы 1 см жуық болуы керек.

4. Окулярға қарап отырып, бұрандалардың көмегімен препараттың біркелкі боялған және жұқа жерін тауып, кесінді көрінісін толық қарап шығып, зерделенетін құрылымды үстел саңылауының дәл ортасына қою қажет.

5. Фокусты өзгертпей револьвердің көмегімен үлкен ұлғайтқышқа ауыстыру керек (дұрыс ауысқанда револьвер шырт етеді).

6. Окулярға қарап отырып, бейне анық көрінгенше микробұранданы оңға немесе солға сәл қозғалту қажет.



7. Препаратты үлкен ұлғайтқышта зерттеп, бейненің суретін салып алғаннан кейін, тубусты көтеріп, револьверді кіші ұлғайтқышқа ауыстырғаннан кейін ғана, оны үстелден алуға болады. Препаратты зерделегенде осы тәртіпті қатты сақтау шарт. Өйткені сабаққа ұсынылатын препараттар осы кезеңде көп сынады.

8. Сабаққа берілген барлық препараттарды зерделегеннен кейін кіші ұлғайтқыштағы микроскопты жапқышпен (ақ орамал) жауып, оқу үстелінің ортасына (шетінде болса, үзіліс кезінде біреу қағып кетуі мүмкін) жылжытып қою керек. Препараттарды кезекшінің тақтайшасына қайта жинастырып салу керек.

2 тақырып - Құрылғыларды әзірлеу

Студент жұмысының сапасы, оның тиімділігі көбінесе жұмыс орнын ойланып, мақсатқа сәйкес ұйымдастыруға байланысты болады. Ол үшін зертханалық ыдыстарды, құрал-саймандарды, аспаптарды және қажетті ерітінділерді, реактивтерді дұрыс қойып, орналастырған жөн. Өйткені гистологиялық зертханада олардың мол болатыны рас. Сондықтан оларды үнемді пайдалануда гистологиялық кесінділерді талапқа сай өткізу үшін биологиялық стақандарды (батареяларды) қолдану керек. Олар әртүрлі – домалақ, сопақша немесе төрт бұрышты болады. Батареялардың тұрақтылығын және қажетті қалыпта шыныға жабысылған кесінділерді өткізу үшін арнайы ағаштан, пластмассадан әзірленген қалыптарға бірнеше шыныны бірден қояды. Ол өңдеу әдістемеге сай жүргізіледі, әрі көптеген шыныдағы кесінділерді жылдам өткізуге жеткізеді. Сондықтан бірнеше құрылғыларды әзірлеу керек.

3 тақырып - Шана тәрізді микротомның құрылысын баяндау

Қажетті қалыңдықта парафинді немесе целлоидинді кесінділерді әзірлеуге арналған аспап – микротом деп аталады. Оның конструкциялары әртүрлі болады. Кейбіреуінде пышағы қозғалмайтын болып, бекітілген, ал зерзат үстелмен бірге әр қозғалыста жоғары көтеріледі де, пышақ деңгейіне дәл келіп отырады. Бұл тәртіп, көбінесе шана тәрізді микротомда байқалады. Ол табаннан, микрометрикалық бұрандадан, зерзат бекітілетін және пышаққа арналған жылжымалардан тұрады. Микротомның пышақты қайрап, жанайтын арнайы құралғылары болады. Бұл аспаптың құрылысын толық меңгері үшін, оған арналған нұсқауды оқып шығып, әр тетігін біліп алып, өз кезегіңде оқытушыға баяндау қажет.

4 тақырып - Автоматты жіберуі бар шана тәрізді микротомның құрылысын баяндау

Бұл аспаптың құрылысындағы ерекшеліктерді нұсқаудан анықтап, алдыңғы өткен микротоммен салыстырып, онымен жұмыс істеуде және күтуде мыналарға көңіл аударған орынды. 1) таза жұмсақ шүберекпен микротомның барлық қозғалатын бөліктерін, жылжымаларын әбден құрғатып сүртіп, оларға вазелин майын жағу керек; 2) микровинтті алмалы-салмалы гайкасымен ажыратып алып, көтерілетін үстелдің механизмін жылжыма бойымен оң жаққа итеру керек; 3) көтерілетін үстел механмзмінің ұясына кесінділерді кесетін немесе кесіндіні мұздататын құалғыны қойып, оны бекіту қажет; 4) үстелдегі өңделетін тетіктерді қысып қоятын винтті қысқышты бекітіп, оған қажетті иілу деңгейін беріп, оны да винттермен бекіту керек; 5) қажетті пышақты алып, пышақ бекітілетін жерге иілу деңгейін беріп, өз винттерімен бекіту қажет; 6) көтерілетін үстел механизмі тұтқасын айналдырып, кесінді блогін пышақ деңгейіне дейін көтеріп, оларды бекіту керек; 7) микротомдағы кесінді қалыңдығын реттейтін механизмді талапқа сай келтіріп, оны да бекітіп, қойылған белгі дұрыстығын анықтау қажет.

Жұмыс аяқталғаннан кейін микротомды, пышақты әбден жақсылап құрғатып сүртіп, оларды қайтадан майлау керек. Оның үстін арнайы жабқышпен жабу орынды.

5 тақырып - Мұздататын микротомның құрылысын баяндау

Гистологиялық, әсіресе патанатомиялық зерделеу тәжірибесінде кесінділерді әзірлеуде мұздататын микротом кең қолданылады. Ол аз мерзімде, әрі жылдам диагноз қоюда өте қажет. Онда зерзатты парафинде немесе целлоидинде бекітпей, алынған жас түрінде мұздатады. Бұл әдіс май, май тәрізді заттарды, жүйке жүйесі элементтерін анықтауда жақсы қолданылады. Бірақ, оның айтарлықтай кемшіліктерінде білген жөн. Ол арқылы 10 мкм жұқа кесіндіні, ұсақ және жұмсақ кесектер кесіндісін алуға болмайды.

Бұл микротомның жылжымасы бар, ол тікеден-тік орналасқан, әрі тұтқаны тартқан сайые көтеріліп тұрады. Микротом мына бөліктерден: табанынан, беру механизмінен, мұздатқыш үстелден, ұстара ұстаушыдан және шек қоюшыдан тұрады. Басқа құрылымын және жұмыс істеу тәртібін микротомный нұсқауынан оқып, оны зейінде сақтап, үйреніп алу керек.

6 тақырып - Микротом пышақтарын қайрау

Микротом көмегімен өте жұқа кесінді алып, гистологиялық препарат дайындау үшін, оның өте өткір пышағы болуы шарт. Микротом пышағы (ұстарасы) болаттан тұратын жүзді, ұзына бойында ені тең. Оның ұзындығы 8-50 см, түрі – екі жағы да қабысыңқы, жайпақ қабысыңқы, жайпақ болады. Оның қай түрлісін қолдану алдағы мақсатқа байланысты. Көңіл аударатын жай, ол оны қалай қайрап, сақтау қажеттігінде. Ұстарыны қайрақпен қайрайды, бірақ ондағы бұрыш ұстара жүзінің бұрышынан біраз үлкен болуы керек. Бұл бұрышты кесу бұрышы деп атайды. Микротом пышағының кесу бұрышын түзетін қайрау жазығын, оның бет жағы деп атайды. Неғұрлым бет жағы кең болса, оның кесу бұрышы аз болады. Ол өте жұқа кесінді алуға мүмкіндік береді. Жақсы қайралған пышақтың бет жағы 1,5-2 мм-ден кем болмауы қажет.

7 тақырып - Қайрақ таста микротом пышағын өткірлеу

Микротом пышағы жылдам өтпейтін болып қалады, сондықтан оны зімпара бекітушісі бар ұстара жануыш белдікпен тегістейді (оны әр кесу алдында жасаған жөн). Қалай болса, солай қолданып, дұрыс сақтамаса пышақ жүзінде кетіктер пайда болады. Оны кетіру үшін микротом пышағын қайрақ тас көмегімен өткірлеу керек. Егерде ұстараның кетігі терең болса, онда алдымен оны қайрайтын қайрақпен кетіктерді кетіргенше қайрау қажет. Одан кейін ғана ұсақ дәнді қайраққа, айталық бельгийлік қайраққа көшу керек. Ол үшін пышақ негізіне пышақ сабын, ал пышақ сыртына қабын кигізсе, олар пышақты қайрағанда оны көтеріп, тек жүзін ғана өткірлеуге мүмкіндік береді. Қайрақ тасты сол, пышақ сабын оң қолмен ұстаған орынды. Көңіл аударатын жай, ол пышақты қайрау үшінде өте икімді, көреген болу қажет. Мезгілінде пышақты ауыстырып, күш салмай, керек болса май, керосин, су құйып отырып, оның жүзін микроскоптың кіші ұлғайтқышында қарап, тексерген жөн.

Қазіргі кезде гистологияда инструментерді қайрауда электролиздік құрылғы кең қолданылады. Онда электр тоғы өтетін ерітіндіге тоқ жіберілгенде ондағы химиялық элементтердің өз тектеріне ажырату процесі жүріп, пышақ жүзі үшкірленіп, беті жұқа үлдірмен қапталады да, тотықтырмайды.

8 тақырып - Кесінділер дайындау

Жақсы кесінділер алуда екі нәрсеге көңіл бөліп, таңдау шарт: пышақтың еңкею бұрышы және кесу бұрышы.

Пышақтың еңкею бұрышы деп, пышақтың төменгі бетімен кесу жазығы құратын бұрышты атайды. Ол әдетте 13-15 градуске тең болады. Егерде пышақтың еңкею бұрышы көрсетілген градустен артық болса, онда кесінді үгіледі, ал ол аз болса – кесінді алу мүмкін болмайды. Себебі пышақтың жүзі сырғанай береді де, кесінді алынбайды.

Пышақтың кесу бұрышын ұзын пышақ кіндігімен пышақты әкелетін жылжыма белгілі ортасы арқылы жүретін аралықтағы бұрыш құрады. Кесу бұрышы көлемі өңдейтін материал қасиетіне байланысты болады. Егерде ол жұмсақ болса, кесі бұрышы аз. Ал ол қатты болса, онда бұрыш үлкен болады. Негізінде пышақ біраз қиғаш болғаны жөн, онда кесу ұшы мен блок беті арасындағы кедергілік аз болады. Ең көп кесу бұрышы 90, ал азы – 20-30 градуске тең келеді.

Микротомның арнайы бөлігінде 15 бөлігі (тісі) болады, оның әр кішкене тісі 1 мкм тең. Сондықтан кесінді қалыңдығы осы бөлікті айқын қоюға байланысты.

Мұздататын микротомный мұндай бөлігі 10, ал кесінді қалыңдығы 15 мкм болады.

9 тақырып - Препаратты бояу және оны өз бетімен оқу

Пәнді меңгеру үшін әр сабақта препараттар байқалады. Оларды 3 түрлі бояғыштармен бояйды. Қолданылатын бояғыштар 3-ке: негізгі, қышқыл және бейтарапты деп, бөлінеді

Жасушалардың организм тірі кезіндегі қышқыл бояғыштар бөлшектерін жинау қасиеті, әрі олардың қызмет күйін зерделеуде витальді бояғыш кең қолданылады. Оларға трипан көгі, туш, литий кармині жатады. Ірі зертханалық жануарларға бояғыш ертінділерді көктамыр ішіне, ішперде ішіне немесе тері асты инъекциялары арқылы еңгізеді. Бақаларға бояғышты арқа лимфа қабына немесе ішперде көктамырына еңгізеді. Ал ұсақ су жануарларын бояу үшін кішкене тұқандағы (аквариумға) суды бояйды. Бояғыштарды ауыз арқылы да жібереді, онда жемге бояғыштарды салып, араластырады.

Боялған жасушаларды, ағзаларды алдымен бекітеді, одан кейін белгілі классикалық тәртіпте студент гистологиялық препарат дайындап, зерделейді және өз бетімен оқиды. Түсінбеген жағдайда, әдістемелік нұсқауды және З.Қ. Тоқаевтың оқулығының 21 бетін оқып, тіпті болмаса оқытушыдан кеңес сұрайды.

10 тақырып - Сүйекті кальцийден айыру

Сүйек неге қатты екенін білетіндіктен, әрі одан гистологиялық препарат дайындау үшін оны арамен кесіп алып, мақсатқа сай бекітеді. Кәдімгі құрылымын зерделеуде 15-20% формалинде бекітеді. Оның қалыңдығына орай, кесіндіні 48 сағатқа дейін ұстайды.

Сүйекті кальцийден айыру үшін мына негізгі ережені орындау керек:

1) Оны ерітіндінің жоғарғы қабатында (жіппен, я шыны торда) ұстайды. Себебі ондағы тұздар төмен түсуі қажет.

2) Сүйекті минералды тұздар кеткенше ұстайды. Бірақ артық ұстаса, ондағы тталшықтар ісінеді, құрылымы нашар боялады.

Сүйек кальцийден айырылғанда жұмсақ болады, оны пышақпен кеседі.

Одан кейін гистологиялық препаратты әзірлеу тәртібімен сүйекті зерделеуде, барлық талаптарды орындайды.

Қазір өндірісте сүйекті кальцийінен айырмай-ақ, одан препарат әзірлеуге арналған арнайы микротом шығарылады. Ондағы кесіндінің қалыңдығы 20-50 мкм. Сүйекті арнайы бояғыштармен бояйды (Шморль әдісі немесе тионинпикроин қышқылы).

11 тақырып - Электронды микроскоппен зерделеу үшін ұлпаларды әзірлеу.

Электронды микроскоппен зерделеуде зерзаттарды әзірлеп, кесінділерді алу үшін мына ерекшеліктерді білу шарт:



1) Тірі организм күйіндегі қалыпты сақтау зертеушінің жадында болуы керек.

2) Жасуша қабығындағы майлар мен ақуыздарды сақтау үшін, оларды ерітпейтін ертінділерді (осмийдің төрт тотығы, формалин және т.б.) қолдану қажет.

3) Кесіндінің қалыңдығы 0,3 мкм (300 нм) аспау керек.

4) Эпоксидті, полиэфирлі шайырларға (смола), кейде желатинге құяды.

Материалды алып, бекіту және электронды микроскоппен зерделеу ерекшеліктерін практикумнан оқып, ондағы талаптарды орындау парыз.

12 тақырып - Ультратом (негізгі құрылым қағидалары және кесінділерді әзірлеу).

Өте жұқа кесінділерді арнайы құрылғы – уьтратом көмегімен алады. Ол Сума зауытында, швед фирмасы «ЛКД», австрия фирмасы «Рейхард», чехтың «Тесла» мекемесінді әзірленеді.



Олардың арнайы нұсқауларын оқып, ондағы талаптарды, көрсетілген ерекшеліктерін ұмытпай, жетік танысу қажет және кафедрадағы ультрамды салыстырып, қажет жағдайда қалай қолдануға болатынын ойластырған орынды болар еді.

13 тақырып - Препараттарды сақтау және таңбалау

Препараттар күн сәулесінен, шаңнан бүлінуі мүмкін. Сондықтан оларды арнайы жылжымалы сөрелерде шкафтарда, папкаларда немесе қораптарда сақтау қажет. Қазіргі кезде түрлі препараттарды сақтайтын құралдар бар. Қажет препараттарды жылдам табу алу үшін олардың сыртына қағаз жабыстырып, оған тушпен қашан әзірленгенін, оның атауын жазады. Кейде рим цифрларымен, арнайы алмас белгілеуішпен белгілейді. Басқа да түрлі белгілегештео де болады. Оларды қалай қолдану керектігі нұсқауларда жазылған. Сондықтан оларды бұлжытпай орындау парыз.

14 тақырып - Жұқа қабыршақты (үлпекті) препараттарды әзірлеу.

Бұл тәсіл жұқа қабыршақты құрылымы бар зерзаттарды (сір және ми қабықтары, дәнекер ұлпадан тұратын жарғақтар) толық дайындағанда қолданылады. Ол үшін үлпекті кесіп, олар жиырылмасын деп, бекітер алдында балауызды негізге жаяды. Одан кейін ғана қалыпты күйде барлық препаратты дайындау жолдарынан өткізеді.

15 тақырып - Биосынама материалдарын өңдеу.

Биопсия – ауру себебін аықтау мақсатында зақымдалған ұлпадан үлгі алу. Бұл әдістің маңызы аса зор. Өйткені ол ауруды айырып, атын атайды да, ауытқыдағы құрылым ерекшеліктерін айқындайды. Ол, әсіресе, қатерлі ісіктерді анықтауда басты рөл атқарады. Сондықтан дәрігер өте ықылас қойып қарап, дәл, жинақылықпен нақты байқауы керек.

Қазіргі кезде бұл әдістің бірнеше түрі бар:

1) хирургиялық инструментпен ағза немесе ұлпа кесегінен сылыма алады;

2) жарақаттанған жердің беткі қабатын қырып алады;

3) арнайы инемен тесу (сорғыш аспап);

4) арнайы құрылғы көмегімен ішкі ағзалар кілегейлі қабығының кішкені бөлігін үзіп алу (гастроскоп, бронхоскоп, эзофагоскоп, цистоскоп және т.б.)

Еске сақтар жәй, ол әр әдістің мақсатқа орай, орындалу тәртібі нұсқауларда жазылған. Сондықтан оларды бұлжытпай орындау зор парыз.


Каталог: ebook -> umkd
umkd -> Мамандығына арналған Сұлтанмахмұттану ПӘнінің ОҚУ-Әдістемелік кешені
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Студенттерге арналған оқу әдістемелік кешені
umkd -> ПӘннің ОҚУ Әдістемелік кешені 5В011700 «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығына арналған «Ұлы отан соғысы және соғыстан кейінгі жылдардағы қазақ әдебиетінің тарихы (1941-1960)» пәнінен ОҚытушыға арналған пән бағдарламасы
umkd -> «Балалар әдебиеті» пәніне арналған оқу-әдістемелік материалдар 2013 жылғы №3 басылым 5 в 050117 «Қазақ тілі мен әдебиеті»
umkd -> ПӘннің ОҚУ-Әдістемелік кешенінің
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> «Филология: қазақ тілі» мамандығына арналған


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   19




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет