Умкд биохимия лаб


-жұмыс Гормондарға сапалық реакциялар



бет13/14
Дата24.02.2022
өлшемі210,5 Kb.
#133160
түріСабақ
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14
Байланысты:
УМКД биохимия лаб
№10 дәріс сауат ашу, 1615451232, Мат кн 1
7-жұмыс
Гормондарға сапалық реакциялар
Әдістің принципі. Бұл тәсіл гормондардың химиялық құрылысына байланысты түрлі-түсті реаакциялар беруіне негізделген.
Жұмыстың мақсаты. Адреналин, инсулин және фолликулин гармондарына сапалық реакциямен танысу.
Реактивтер мен құралдар

  1. Адреналин ерітіндісі (ампула ішіндегі затты 100 мл суға ерітеді).

  2. Темір хлоридінің 3 % ерітіндісі

  3. Инсулин ерітіндісі

  4. Натрий гидроксидінің 30 %-ті ерітіндісі

  5. Мыс сульфатының 1 %-ті ерітіндісі

  6. Концентрлі азот қышқылы

  7. Фолликулин ерітіндісі (спирттегі)

  8. Концентрлі күкірт қышқылы

  9. Су моншасы

  10. Пробиркалар

  11. Пипеткалар

Жұмыстың барысы
Адреналин. Хлорлы темірмен тәжірибе. Пробиркаға аздап адреналиннің судағы ерітіндісін құяды және оған бірнеше тамшы хлорлы темір ерітіндісін қосады. Сұйық әуелі жасыл түске боялып, ал сілті қосқаннан кейін қызыл түске айналады.
Инсулин. 1. Биурет реакциясы, бұл реакция инсулиннің ақуыздық табиғатын дәлелдейді. Пробиркаға 1-2 мл инсулин ерітіндісін және сілтілік реакцияға дейін сілті ерітіндісін қосады (лакмус қағазының көмегімен). Содан кейін 2-3 тамшы мыс сульфатының ерітіндісін қосады. Сұйық көгілдір түске боялады.
2. Концентрлі азот қышқылымен реакция. Пробиркаға 1 мл концентрлі азот қышқылын және қабырғасымен тамшылатып 1 мл инсулин ерітіндісін қосады. Екі сұйықтың бөлінген жерінде анық көрінетін сақина пайда болады.
Фолликулин. Концентрлі күкірт қышқылымен реакция. Пробиркаға 1 тамшы фолликулин ерітіндісі және 5 тамшы концентрлі күкірт қышқылын құяды. Қоспаны ыстық суы бар стаканға 10-15 мин. батырып қояды. Пробиркадағы сұйық сары түске боялып, қыздырған кезде қызыл түске ауысып жасыл флуоресценция береді.
Қосымша нұсқау
Адреналинді анықтағанда натрий гидроксидінің орнына 1 тамшы 10 % -ті аммоний гидроксиді ерітіндісін қосуға болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет