Оқушылардың білім, білік дағдыларының диагностикасы әр бөлімнің соңында тестілеу, қорытынды сабақ, орындалған жұмыстың демонстрациясы, презентациялары түрінде сарапталады.
«Компьютер әлемінде ағылшын тілін алгоритмдеу» интеграцияланған білім бағдарламасының толық курсын бітірген оқушы презентация, интерактивті сөзжұмбақтар, слайд-шоу, мультимедиялы ертегілер, визиткалар, ағылшын тілінде құттықтау хаттар, графикалық нысандармен жұмыс жасап, олармен іс-әрекеттер жүргізе алуы тиіс.
Оқушылардың жетістіктерін тіркеу мақсатында әр оқушының оқу барысында дайындаған жобаларының «жұмысшы» портфолиосы құрылады. Электронды портфолио құрылымы мен бағдарламаның толық курсын меңгеру нәтижесінде оқушының даярлық білім деңгейі төмендегі критерийлерге сай анықталады:
Базалық деңгей
|
Алгоритмдік деңгей
|
Эвристикалық деңгей
|
Бағдарламалық қамсыздандыру мүмкіндіктерін төменгі деңгейде пайдаланып, үнемі көмек сұрау.Ұсынған жұмысында грамматикалық қателердің көп болып, сөздік қорының шектеулі болуы. Жұмыстары жетілдіруді қажет етеді.
|
Тапсырманы орындағанымен шығармашылық қабілеттерін көрсете алмаған. Ақпаратты меңгеріп, оны жеткізуге құлшыныс болғандығын көрсетеді. Мұқият безендірілген, мәтінді түсінуге болатындай қателер саны аз.
|
Бағдарламалық қамсыздандырудың барлық мүмкіндіктерін пайдалану.Шығармашылық және ғылыми-зерттеу бейімділігін қолдану. Сөйлем құрылымдарының алуан түрлілігі мен бай лексикалық қор. Сөздік қорының кеңдігі және дизайн жоба талаптарына сай келеді.
|
НОРМАТИВТІ БӨЛІМ
«Компьютер әлемінде ағылшын тілін алгоритмдеу»
Достарыңызбен бөлісу: |