Power Point офистік бағдарламасының мультимедиялық мүмкіндіктерін қолдану – 5 сағат
Теориялық мазмұн
Презентация құруға арналған программалық жабдықтама. Рower Point. программасының интерфейсі мен мүмкіндіктері. Терезе құрылымы. Компьютерлік тұсаукесерлер құрғанда безендіру шаблондарын қолдану дағдыларын қалыптастыру.
Презентация құру кезеңдері: фон таңдау, мәтін,сурет, диаграмма, дыбыс, гиперсілтеме кірістіру. Объектілердің анимациясын баптау. Презентацияның интерактивтілігін баптау. Презентацияны демонстрациялау.
Тақырыбы: «At the zoo». Әлемдегі жабайы аңдарды олардың табиғат зоналарын зерттеу.
Практикалық жұмыс
«Farm animals» презентациясы.
Интерактивті сөзжұмбақ «What is the animal?»
Сөзжұмбақ «Компьютерлік презентациялар»
Зерттеу жұмыстары: Нәтижелер бойынша график немесе диаграмма құру.
Практикалық жұмыс: «My pet» тақырыбында сөзжұмбақ құру. Оқушы жұмыстарының демонстрациясы. «At the zoo» жобасы. Көрнекі материалдардан ақпарат жинақтау. Виртуальды жануарлар бағын құру. Құрылған презентациялардың конкурсы.
Күтілетін нәтиже.
«Animals» тақырыбы бойынша білімдерін кеңейту Жобамен жұмыс жасау дағдыларын қалыптастыру: тақырып таңдау, мақсат қою, жоспар құру, ақпарат жинау, жобаны өңдеу және қорғау. Мультимедиалық презентация құру біліктілігін қалыптастыру. Шығармашылық идеяларды туындату.
ФотоКОЛЛАЖ бағдарламасында коллаж құрастыру – 3 сағат
Теориялық мазмұн
Коллаж құру үшін қажетті программалық жабдықтамасы. «Фото КОЛЛАЖ» бағдарламасының мүмкіндіктері мен қолдану аясы. «ФотоКОЛЛАЖ» бағдарламасы терезесінің құрылымы. Құрал-саймандар тақтасы. Коллаж құру кезеңдерін нақтылау. Жоба типін, шаблонын, өлшемін таңдау. Фон құру, фотография, клипарт, фигураларды кірістіру. Эффект және жиектерді баптау.
Тақырыбы: «Me and my friends».
Практикалық жұмыс
Фотографиялармен жұмыс. Фотографияларды сканерлеу және өңдеу. Коллаж құру «Мy family» /«Менің отбасым»/. Фотоальбомға арналған буклет құру: «Our group» / «Біздің топ».
Қорытынды сабақ: «Welcome to my world».
Күтілетін нәтиже
«My hobbies» тақырыбы бойынша лексикалық сөздік қоры артады. Фотоаппарат, сканермен жұмыс жасау дағдысы қалыптасады. «ФотоКОЛЛАЖ» бағдарламасында жұмыс жасау дағдысын меңгереді: фотография, мәтін, клипарт; фон құру.
Достарыңызбен бөлісу: |