Интерьер дизайнын безендіретін VisiCon бағдарламасының негіздері– 3 сағат
Теориялық мазмұн VisiCon интерьер дизайнын безендіру бағдарламасының қызметі мен мүмкіндіктері. Бағдарламаның негізгі менюімен танысу. Шаблон таңдау. Бөлмені (қонақ бөлмесі, ас үй бөлмесі, жатын бөлмесі және т.б.) және бөлмені безендіруге арналған жиһаздың макеттерін таңдау. Құрал-саймандар тақтасы. Ауысу, үлкейту және объектілерді бұру.
Тақырыбы: «My house» Жаңа лексикалық сөздерді қолдану.
Практикалық жұмыс «Интерьер дизайнын жасау бағдарламасымен танысу» практикум.
Өз бөлмеңнің макетін құру. Дайын макетті сипаттау.
«British homes» презентациясының демонстрациясы.
Шығармашылық жоба «My dream house». Үйдің бөлмелерінің макетін құрып, сипаттау. Шығармашылық жоба конкурсы.
Күтілетін нәтиже «My house» тақырыбындағы білімдерін тереңдету. Интерьер дизайнын безендіретін бағдарламамен жұмыс жүргізу іс-әрекеттерін қалыптастыру. Шығармашылық жобаны жүзеге асыру.
www.code.orgсайтында онлайн режимінде алгоритмдік тапсырмаларды орындау. Мультфильмдер, квесттер, танымдық ойындар құрастыру. – 4 сағат
Теориялық мазмұн Программада кездесетін ағылшын тіліндегі сөздердің қазақша аудамасын білу.
Практикалық жұмыс Сайтқа оқушы түрінде тіркелу. Курс ойындары мен «Холодное сердце» мультфильмінің желісінде құрылған алгоритмдік тапсырмаларды жылдам орындау.
Күтілетін нәтиже www.code.org сайтындағы «Порхающий код» курсын меңгеріп, өзіндік жұмыс ретінде ойын немесе оқиға программасын құрастыру. Курс тапсырмаларын, логикалық іс-әрекеттерді дұрыс орындап, «Код сағатын» аяқтап, сертификат алу.
Шығармашылық жобаны қорғау – 3 сағат
Практикалық жұмыс ББД қорытынды диагностикасы.
Интерактивті ойын.
Өтілген тақырыптардың бірінен бір тақырыпты таңдап, программалау ортасында жоба дайындау.