«Colours» тақырыбы бойынша лексикалық терминді толықтырып, түс гаммаларының ағылшынша атауларын есте сақтау. «My body», «Сlothes» тақырыптары бойынша сөздік жүргізу.
Практикалық жұмыс
«Paint графикалық редакторы» тақырыптары бойынша практикалық тапсырмалар. Бояу құралдарының көмегімен «дайын суреттерді» безендіру. Мақал-мәтелдер, жұмбақтарға қатысты иллюстрациялық суреттер салу.
Күтілетін нәтиже.
Графикалық редакторымен жұмыс жасау дағдылары қалыптасады.
4.Microsoft Word мәтіндік процессоры – 4 сағат
Теориялық мазмұн
Мәтіндік редактордың қызметі мен құрылымы. Негізгі меню. Мәтіндік редактордың негізгі командалары. Мәтінді теру, редакторлау, пішімдеу туралы білімдерін қайталау. Символмен, абзацпен, мәтінмен жүргізілетін іс-әрекет түрлері. Мәтін үзіндісімен жүргізілетін іс-әрекеттер: қою, көшіру, өшіру, алмастыру.
Пішімдеу тақтасы. Абзацты пішімдеу. Нөмірленген және таңбаланған тізімдер. Бағандар. Иллюстрацияларды орналастыру. Мәтінді айналып өту. Автофигуралар. WordArt объектісі. Схема және диаграммаларды салу. Мәтінді кестеде редакторлеу.
Практикалық жұмыс
Деңгейлік практикалық тапсырмалар.
Күтілетін нәтиже
Пернетақтадағы тілдің регистрін жылдам өзгертіп, басқа тілге жылдам ауысады. Түрлі графикалық нысандарды топтастырып, ажырата алады. Фигуралық мәтін кірістіріп, биәріпті қолдана алады.Кесте ұяшықтарын бояп, сурет салып, сөзжұмбақ құрастыра алады.
Microsoft Publisher офистік бағдарламасында ашық хат әзірлеу. – 3 сағат
Теориялық мазмұн
Microsoft Publisher офистік бағдарламасының қызметі мен міндеті. Негізгі меню мен командаларының атқаратын қызметі. Макет түрін таңдау (таныстыру карточкасы, ашық хат, буклет). Шаблон түрін таңдау.
Тақырыбы: «Halloween». Ағылшын халқының дәстүрлі мерекелерімен таныстыру.
Практикалық жұмыс
Мерекелерге арналған ашықхаттар әзірлеу: Christmas, New Year, Halloween, Mother’s day /Рождество, Жаңа жыл, Хэллоуин, Аналар күні /. Сурет, жиек және құттықтау мәтінін қою.
Мерекелік іс-шараға, туған күнге шақыру қағазы..
Оқушылар бейджигін жасау.
Күтілетін нәтиже
«British holidays» тақырыбы бойынша білімдері тереңдейді. Microsoft Publisher бағдарламасын қолдану дағдылары қалыптасады.
Достарыңызбен бөлісу: |