9. Информатика. Базовый курс / Симонович С.В. и др.-СПб.,2001
БАҒДАРЛАМА
Элективті курс
Компьютер әлемінде ағылшын тілін алгоритмдеу
3-5 сынып оқушыларына арналған
аптасына 1 сағат, барлығы 34 сағат
А.М.. Еликбаева
№173 мектеп - лицейдің информатика пәнінің мұғалімі
Пікір жазғандар:
Пікір жазған: Жапаров М.К. - Сулейман Демирел Университетінің «Ақпараттық жүйелер» кафедрасының меңгерушісі, PhD. Казыгулова Г.Я. - «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Педагогикалық шеберлік орталығы филиалы, Талдықорған қаласы, аға менеджер.
Түсініктеме хат
Қазіргі таңдағы жас ұрпақты өскелең өмір талабына сай оқыту, білім беру, оларды өмірдің барлық көрінісінде қолдана алатын біліктілікпен қамтамасыз ету - оқыту үдерісінде ақпараттық технологияларды тиімді, ұтымды қолданумен қол жеткізу мүмкін екені дау тудырмайтын аксиомаға айналды. Әрі біздің тез қарқында дамып отырған ақпараттық заманымызда білімді меңгеруге ағылшын тілі ықпалының зор екенін ескерсек ұсынылып отырған оқу-әдістемелік құралдың маңыздылығы жоғары.
Оқу-әдістемелік құрал информатика және ағылшын тілі пәнін кіріктіріп оқытылуымен ғана ерекшеленбей, бағдарламаның CLIL әдісі арқылы құрылып, әрі жүзеге асырылуы оқушылардың білім, білік дағдылары мен ақпараттық-технологиялық құзіреттіліктің қалыптасуына оң ықпалын тигізеді. Бағдарламаны әзірлеу, тәжірибеден өткізу барысында белсенді оқыту (интерактивті) тәсілдерін барынша кең қолдануға көңіл бөлініп, оқушылардың жас ерекшеліктері ескеріліп (9-11 жастағы балаларға) әрбір сабақ SMART өлшем бірлігінің талаптарына негізделді. Блум таксономиясының тұлға аралық етістіктеріне сүйене отырып құрылды. Оқушылардың ойлау жолдарын дамыту үшін ыңғайлы жұмыс әдістерін ұсыну және оны жүзеге асыратын жұмыс құралдарын таңдауда Педагогикалық шеберлік орталықтары әзірлеген «Мұғалімге арналған нұсқаулық» негізге алынды.
Бағдарлама авторы оқушылардың функциональды сауаттылығын қалыптастыру өзекті мәселе деп танып, осы бағытта жүргізілетін оқу және оқыту іс-әрекеттерін жүйелі алгоритмдеуді ұсынған. Әрі оқу барысында білім көздерінің барлық түрлері мен ақпарат тасымалдаушы мүмкіндігі бар кез келген құралдарды тиімді қолдану жолдары да қарастырылған.
Оқушыларды информатика пәні негізінде ағылшын тілін меңгертуге бағытталған әдістемелік құралдың жаңартылған білім беру мазмұны аясында оқу бағдарлама аясында мұғалімдерге көмекші құрал ретінде тигізер пайдасы зор деп сенеміз.
Соңғы кезде ағылшын тілін оқытуда оқушылардың жеке, шығармашылық, танымдық қабілеттерін қалыптастыру үшін пәнге деген қызығушылығын ояту қажеттілігі туындап отыр. Өз кезегінде информатика курсын көрнекі пәндік бағытсыз меңгеру де төменгі мотивация береді. Презентациялар мен шығармашылық жобаны қорғау барысында ақпаратты көрнекі түрде сауатты ұсыну оқушылардың шығармашылық потенциалы, зерттеушілік қабілеттері, креативтілігі мен белсенділігін арттырудың негізі болып табылады. Осыған байланысты яғни қазіргі жағдайда осы пәндердің оқыту сапасын арттыру мақсатында СLIL әдісі арқылы «информатика+ағылшын тілі» кіріктірілген (интеграцияланған) курсы құрылымдалды.
Білім беру саласында оқушылар үшін білім де, дағдылар да тең дәрежеде маңызды деген ортақ ұстаным қалыптасуда. Заманауи тәсілдің ең негізгі ерекшелігі: оқушылардың алған білімдерін жай ғана иеленіп қоймай, оларды орынды жерде қолдана білуіне басты назар аудару болып табылады.
Сондықтан курсты оқытуда мәтіндік және графикалық редакторлар, арнайы қолданбалы бағдарламалық жабдықтамалар, мультимедиалық оқыту бағдарламалары, тренажер-тесттер, электронды оқулықтарды қолданудың маңыздылығы жоғары.
Достарыңызбен бөлісу: |