БАСПА ҚЫЗМЕТІНДЕГІ КОМПЬЮТЕРЛІК ТЕХНОЛОГИЯЛАР
6-7 сынып оқушыларына арналған
аптасына 1 сағат, барлығы 34 сағат
Карменова Аида Нурсановна
№148 мектеп-гимназияның информатика пәні мұғалімі
Пікір жазған: Ажибекова Ж.Ж.. Ұлттық медицина университетінің биофизика курсы мен информатика кафедрасының меңгерушісі, педагогика ғылымдарының кандидаты
Түсініктеме хат мазмұны
Баспа ісі – ақпараттық өнімді дайындауға, жасауға және жалпылама таратуға мамандандырылған қызмет түрі. Баспа ісінде қызметтің барлық түрлері екі үлкен топқа бөлінеді: өндірістік іс және шығармашылық іс. Ғылымдар мен журналистер көп уақыттан бері қалың оқырманға өздерінің ойларын жеткізу үшін баспа беттерін қолданып келеді. Суретшілер, редакторлар, корректорлар, беттеушілер, сол сияқты басқа көптеген техникалық мамандар саны авторлардың шығармашылық ойларын стильді коммерциялық өнімге айналдырады.
Курс материалы айқын түрде практикалық бағдарды қамтиды. Барлық зертханалық жұмыстар компьютер көмегімен жүзеге асады. Оқушылар мақалаларды безендіреді, фоторепортаждар жасайды, газеттің жеке беттерін және толықтай макеттейді. Пән өзекті ғылыми мәліметтерге сүйенуді және қазіргі заманғы ақпараттық технологияларды кәсіби деңгейде қолдана білуді біріктіретін пәнаралық курс болып табылады.
Пәннің мақсаты
Пәннің мақсаты- оқушыларды негізгі столдық баспа жүйелеріне және графиктік редакторларға, компьютерлік технологияларды газеттерді беттеуде қолдана білуге үйрету.
Пәннің міндеті:
Ақпаратты іздеуге, өңдеуге және беру үшін компьютерлік технологияларды пайдалану аумағындағы құзырлылығын дамыту;
Оқушыларды қазіргі кездегі баспа ісінің негізгі мәселелерімен, қазіргі заманғы компьютерлік баспа бағдарламаларымен таныстыру.
Тұрақтылау (мазмұндық) бөлімі
6-7 сынып (аптасына 1 сағат,барлығы 34 сағат.)
1,2 тақырып. Қазіргі заманғы басылымдарға талдау жасау
Қазіргі заманғы баспа жүйелерін ДК пайдалана отырып, практикада қолдану
3,4 тақырып
MicroSoft Word програмасының құралдары көмегімен басылымдар дайындау
Мәтінді бағандарға бөлуді, WordArt компонентін, формуланы, сурет қоюды қолданып үйрену
5,6 тақырып.
Microsoft Word: беттеудің және макеттеудің мүмкіндіктері
Microsoft Word программасында Сурет салу тақтасының компоненттерін қолдануды және стиль құруды үйрену.
7 тақырып. Microsoft Office Publisher-де жаңа құжат дайындау. Басылым құжатымен жұмыс жасау
Microsoft Office Publisher-де дайын басылымдар шаблондарымен жұмыс жасау және оларды түрлендіру. Өз бетімен дайын шаблондарды өз басылымдарын құруда қолдану және өңдеу
8 тақырып. Microsoft Office Publisher интерфейсінің баспа жүйесі
Microsoft Office Publisher-дің барлық компоненттерін және мүмкіндіктерін таратпа немесе көрнекілік материалдарын құру үшін қолдану
9 тақырып. PageMaker -мен жұмыс істеу негіздері
PageMaker-де басылымның параметрлерін орнатуды, басылымды сақтау және ашуды үйрену
10. тақырып. PageMaker –де графикалық элементтермен жұмыс істеу
PageMaker-де құралдарын қолдана отырып, суреттер салу, оларды топтау, түрін түсін өзгерту
11 тақырып. PageMaker-де мәтінді енгізу. PageMaker-де мәтіндік блоктармен жұмыс істеу
PageMaker-де мәтінді өңдеп және форматтап үйрену. PageMaker-де мәтіндік блоктармен жұмыс жасау: бөлу, біріктіру, орын ауыстыру және форматтап үйрену
12 тақырып. Adobe PageMaker-де объектілер және кескіндермен жұмыс істеу тәсілдері
Өз бетімен Adobe PageMaker-де кескіндермен жұмыс істеу.
Adobe PageMaker-де объектілер қою, блок схемалармен жұмыс жасау, мәтінді көшіру, қою тәсілдерін меңгеру
13-16 тақырыптар. Microsoft Word: Жарнама және хабарландыру құру
Microsoft Word ТП мүмкіндіктерін қолдануды тереңдету үшін, еркін тақырыптарға жарнама, хабарландыру жасау.
17-22 тақырыптар. Microsoft Office Publisher программасының көмегімен информатика пәні бойынша таратпа материалдар және көрнекіліктер жасау
Microsoft Office Publisher программасын сабақта қолданылатын таратпа және көрнекілік материалдар жасауға қолданып үйрену
23-24 тақырыптар. PageMaker -мен жұмыс істеу негіздері. PageMaker-де мәтінді енгізу
Жалпы бағдарламамен жұмыс жасайды.
25-26 тақырыптар. PageMaker –де графикалық элементтермен жұмыс істеу
PageMaker-де құралдарын қолдана отырып, суреттер салу, оларды топтау, түрін түсін өзгерту
27-28 тақырыптар. PageMaker-де мәтіндік блоктармен жұмыс істеу
Әр түрлі стилдегі мәтіндерді жазып үйренеді.
29-30 тақырыптар. Adobe PageMaker-де графикалық объектілерді қолданып сурет салу
Adobe PageMaker мүмкіндіктерін сурет салуда қолдану, оның басқа баспа жүйелерінен артықшылықтарын салыстыру
31-32 тақырыптар. Adobe PageMaker-де көп бетті жарияланыммен жұмыс істеу
Adobe PageMaker-де фреймдар құруды меңгеру, көп бетті жарияланым құрып, беттер қосу, алудың әдістерін меңгеру
33-34 тақырыптар. Жоба қорғау. Баспа жүйесінің техникалық құралдары. Полиграфиялық жұмыстар үшін компьютерлерге қойылатын талаптар
Жалпы баспа жүйелерімен жұмыс істеуде компьютердің мүмкіндіктерімен танысу, қойылатын талаптарға талдау жасау.
Достарыңызбен бөлісу: |