Ақпараттық-әдістемелік бөлім
Оқушылардың жаңалықты өздігінен іздеп ашатындай танымдық, эмоциялық жағдайлар туғызатын оқытудың ғылыми-зерттеу жұмыстарын ұйымдастырудың дәстүрлі емес түрлеріне ерекше маңыз берілуі;
Оқушы өз бетінше ізденуге, өмір бойы білім алуға дағдылануы;
Жеке тапсырмаларды орындай алуға, азаматтық жауапкершілік негізінде, сыйластықпен бірлескен жұмыс жүргізуге, өзін-өзі реттеу мен метатану дағдыларын дамытуы;
Теориялық білімін танымдық, шығармашылық дағдысын қалаптастыру;
Курс мазмұнын игеру деңгейіне қойылатын талаптар. Курс оқу нәтижесінде оқушылар келесі білім, білік дағдыларын және әдіс-тәсілдерді меңгереді:
- теңдеулер мен теңсіздіктер туралы негізгі түсініктер, мәндес (парапар) теңдеулер;
- сызықтық теңдеулер мен теңсіздіктерді шешу, сызықтық теңдеулер жүйесіне келтірілетін есептер;
- квадрат теңдеулер және оларға келтірілетін теңдеулер, үшмүшелі теңдеулер;
- рационал теңдеулер, биквадрат теңдеулер, симметриялы теңдеулер, жоғары дәрежелі теңдеулер;
- айнымалысы модуль таңбасының ішінде берілген бір айнымалысы бар теңдеулерді
шешу;
- рационал теңсіздіктер, иррационал теңсіздіктер, модулі бар теңсіздіктер;
- теңсіздіктер мен теңсіздіктер жүйесін шешу тәсілдері.
Осы білім негіздерінде оқушылар:
талдау, салыстыру, жүйелеу, қорытындылау қабілеттерін дамытады;
математикалық әдебиеттермен өзіндік жүмыс жасауға дағдыланады;
дәстүрлі есептерді шешу тәсілдерін меңгереді;
өз ісінің нәтижесін көре білуге, пікір-таласқа қатысуға үйренеді;
іске өзіндік сараптама жасай білуге, нәтижесін бағалай біледі.
Критериалды бағалау - белгіленген критерийлер негізінде білім алушылардың нақты қол жеткізген нәтижелерін оқытудың күтілетін нәтижелерімен сәйкестендіреді, әрі бағалау шынайы, жүйелі, бірізді, нақты, мінсіз жүзеге асырылады.
Бағалау құралы ретінде оқушылардың ауызша баяндауы, сауалнама тест жұмыстарын орындаулары, иллюстрациялы безендіріп постер қорғауы, баяндама, хабарлама әзірлеуі, теориялық білімдерін кез келген жағдайда өмірде қолдана білуі, практикалық жұмыстар мен зерттеу жұмыстарының нәтижелерін сурет, сызба жұмыстарымен толықтырып, сипаттап жазуы және есептерді әр түрлә тәсілдермен шығаруы және т.б. қолданылады.Бағалау критерийлері төмендегідей болмақ.
«5»-тік баға: тақырыпқа байланысты негізгі мәселені дұрыс түсініп, логикалық тұрғыдан жүйелі баяндай алғанда, берілген тапсырма бойынша өз бетінше ізденіп, шығармашылық жұмыстар орындағанда, практикалық жұмыстар мен зертханалық жұмыстардың нәтижелерін сурет, сызбасымен толықтырып,есепті әр түрлі жолмен шығарған жағдайда;
«4»-тік баға: оқушы жауабы дұрыс, теориялық тұрғыдан толық, өзара байланысты жүйелі баяндағанда, қателескенде мұғалімнің ескертуімен қатесін дұрыстағанда, практикалық жұмыстар мен зерттеу жұмыстарының нәтижелерін сипаттағанда аздап кемшіліктер кездескен жағдайда;
«3»-тік баға: оқушы жауабы дұрыс болғанымен толық емес, тақырыпқа байланыссыз, елеулі қателікті жіберген жағдайда, жетектеу үшін берілген сұрақтарға жауап бере алмауы, практикалық жұмыс кезінде теориялық білімді дұрыс қолдана алмаған жағдайда;
«2»-лік баға оқушы жауабы қате болғанда, мұғалім жетектеуіне ілесе алмағанда және берілген тапсырманы орындамағанда, бағдарламада көзделген мәселеге көңіл бөлмеген жағдайда қойылады.
Достарыңызбен бөлісу: |