Управление образования города алматы городской научно-методический центр новых технологий в образовании



бет65/384
Дата05.12.2023
өлшемі2,35 Mb.
#195116
түріСборник
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   ...   384
Байланысты:
Факултатив

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

  1. Әбілқасымова А.Е., Абдиев И.Б., Жұмағұлова З.Ә. Алгебра : Алматы «Мектеп» ,2018.

  2. Шыныбеков Ә.Н. Алгебра: Жалпы білім беретін мектептің 8-сыныбына арналған оқулық - Алматы :«Атамұра», 2018.

  3. Макарычев Ю.Н., Миндюк Н.Г.Алгебра:Дополнительные главы к школьному учебнику 9 класса. Учебное пособие для учащихся школ и классов с углубленным изучением математики – Москва: «Просвещение», 1997.

  1. Шыныбеков Ә.Н. Алгебра. Оқыту әдістемесі: Жалпы білім беретін мектептің 8-сынып мұғалімдеріне арналған - Алматы :«Атамұра», 2018.

  2. Асқарова М. Теңдеулер, теңсіздіктер және олардың системалары – Алматы: “Рауан”, 1992.

  3. Мұғалімге арналған нұсқаулық / Назарбаев Зияткерлік мектептері ДББҰ, Педагогикалыұ шеберлік орталығы 2016



БАҒДАРЛАМА
элективті курс
МАТЕМАТИКА ҒАЖАЙЫПТАРЫ
5 сынып оқушыларына арналған
(аптасына 1 сағат, барлығы 34 сағат)


Умбетова Балжан Базархановна
«№141 жалпы білім беретін мектеп» КММ математика мұғалімі


Пікір жазған: Жылу энергетикасы және жылу техникасы институтының директоры, техника ғылымдарының кандидаты, доцент, професссор Бахтияр Балжан Турепашовна.



Түсініктеме хат
Математика адамның қалыптасуында ерекше орынға ие, бұл сөзсіз математиканың тәжірибелік мағынасымен, адамның дамуы мен ойлау қабілеті қалыптаса бастағандағы мүмкіндіктерімен, нақтылықты танудың ғылыми әдістері туралы оның үлесімен анықталады. Зияткерлікті қалыптастыратын пәндердің ішінде жалпы білім берудің бөлігі бола тұра, математика бірінші орында тұр.
Бастапқы математикалық танымдар біздің білім беруге және тәрбиеге өте ерте жастан бастап енуі керек. Нәтижелер, математикалық білім саласына енгізу жеңіл және жағымды түрде, тиісті тапқырлық және танымдылықпен әдеттегі пәндерде және күнделікті жағдайларда жасалғанда ғана сенімді болады.
Элективті курс бағдарламасы математика сабақтарына ынталы және өзінің математикалық деңгейін арттырғысы келетін сыныптың 5 оқушысына есептелген. Дәл осы жаста математикалық қабілеттер және математикаға деген тұрақты қызығушылық қалыптасады. Аталған бағдарлама қосымша білім берудің зияткерлік-танымдық бағыттың бөлігі болып табылады және жалпы білім берудің бағдарламасын кеңейтеді.
Бағдарламаның мақсаты – оқушылардың математикаға деген қызығушылықтарын арттыру және математика сабақтарында танымдық икемділіктерін қалыптастыруға ықпал ету.
Міндеттері:
- оқушылардың математика бойынша білімдерін тереңдету және кеңейту;
- оқушылардың математикаға деген қызығушылықтарын дамыту;
- танымдылық қызметті белсендіру;
- математиканың әмбебаптығын және оның басқа ғылымдар арасындағы орнын көрсету.
Өзектілігі:

  • ойдың анықтығы мен дәлдігін, ойлау сыншылдығын, ішкі түйсік, логикалық ойлау, алгоритмдік мәдениет элементтерін, кеңістікті ұғымдарды, қиыншылықтарды жеңу қабілеттерін дамыту;

  • оқушылардың математикалық ой-өрісін, зерттеу дағдыларын дамыту;

  • Есептерді шығарудың тиімді тәсілдерін табу, орындау, өзін-өзі тексеру, өмірмен байланыстыру.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   ...   384




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет