Управление образования города алматы городской научно-методический центр новых технологий в образовании



бет7/384
Дата05.12.2023
өлшемі2,35 Mb.
#195116
түріСборник
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   384
Байланысты:
Факултатив

Бағдарламаның өзектілігі:

  • Білім беру мазмұнын жаңарту жағдайында оқыту мен тәрбиелеу барысында оқу бағдарламаларына «Мәңгілік ел» ұлттық идеясының құндылықтарын енгізу және оны жүзеге асыру;

  • 5-11 сыныптарда математика пәнін оқыту барысында көп жылғы тәжірибемді басшылыққа ала отырып, математикалық ұғымдарды енгізуде ұлттық құндылықтарға байланысты есептер құрастыру мен шығарудың маңыздылығын ескеру;

  • Бағдарламада математиканы оқытуда нақты пайымдаулар, көрнекіліктермен негізделген түсіндірулер мен есептерді шынайы құбылыстар мен деректерді зерттеу негізінде жүзеге асыруды көздеу.

    Күтілетін нәтиже:

    • Білім алушылар периметр, аудан, көлем, шамалардың қатынасы, концентрация, жазықтықтағы тікбұрышты координаталар жүйесі және басқа математикалық ұғымдар туралы білімін жетілдіреді;

    • Геометриялық денелердің пішімін жасайды, оларға өлшемдер жүргізе алады және алынған мәліметтерді математикалық есептеулерде қолдана біледі;

    • Математикалық ұғымдар туралы түсінігі күнделікті өмірмен байланыса отырып қалыптасады;

    • Ұлттық салт-дәстүріміз, тарихымыз бен әдебиетімізді жаңа қырынан таниды;

    • Өз ұлтының салт-дәстүрі мен тарихын құрметтейді және оған деген мақтаныш сезімі оянады;

    • Математикалық формулаларды өмірде кездесетін жағдаяттарды шешуде қолдана біледі;

    • Шығармашылық тапсырмалар арқылы оқушылардың креативтік сыни ойлау дағдыларын дамиды;

    • Шығармашылық және зерттеушілік жұмыстар жүргізуге дағдыланады.



    Тұрақтылау (мазмұндық) бөлім
    1. Кіріспе. Бағдарламаның өзектілігі, мақсаты мен міндеті 1 сағат.
    2. Симметрия ұғымы – 3 сағат
    Құрақ көрпелердегі осьтік және центрлік симметрияны анықтау. Зергерлік бұйымдардағы симметрия. Қазақ даласындағы тарихи ғимараттардағы симметрия.
    3. Жазықтықтағы тікбұрышты координаталар жүйесі– 2 сағат.
    Координаталар жүйесінде түзуге қатысты симметриялы оюлар (қошқар мүйіз, құс қанаты, төртқұлақ, қосқанат, қазмойын) салу. Координаталар жүйесінде салынған нүктеге қатысты симметриялы оюлардың координаталарын (тұмарша, қосдөңгелек, айшық, жұлдыз, үшжапырақ, өркеш) анықтау. Өрнек-нақыштарды тану және сыза білу.


    Достарыңызбен бөлісу:
  • 1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   384




    ©engime.org 2024
    әкімшілігінің қараңыз

        Басты бет