Бағдарламаның өзектілігі:
Оқушылардың математикалық білімдерін тереңдетудегі экономикалық мазмұнды есептердің мүмкіндіктерін ашып көрсетудің алғы шарттары негізделді.
Математика курсы бойынша экономикалық мазмұнды есептерді таңдап алу критерийлері анықталды.
Математика сабақтарында оқу тәрбие процессінің тиімділігін арттыруға себептесетін экономикалық мазмұнды есептер жүйесін пайдаланудың әдістемесі жасалды.
Математика курсын зерделеу барысында мазмұнды есептер жүйесі оқушыларға негізгі математикалық ұғымдарды меңгерту мақсатында ғана емес, олардың жалпы білімдерін тереңдете отырып тәрбие беру мақсатында пайдаланылуы тиіс екендігі анықталады. Аталған сынып бойынша мазмұнды есептер оқушылардың ойларын дамытып, функционалдық тәуелділік идеясын барынша терең меңгертіп, есептеу мәдениеттерін көтеріп, қолданбалы біліммен, практикалық білік пен дағдылармен қаруландырады.
Есептердің жалпы мазмұнының қоғам талабына сай оқушыларды қажетті біліммен, біліктермен қамтамасыз етудегі және оларды жан-жақты дамытудағы мүмкіндіктерін анықтау.
Тұрақтылау (мазмұндық) бөлімі
1. Негізгі мектептегі экономикалық мазмұнды есептер - 4 сағат
Кіріспе. Бағдарламаның өзектілігі, мақсаты мен міндеті
Экономикалық мазмұнды есептер және шығару жолдары
2. Қозғалысқа берілген мәтіндік есептерді шығару - 5 сағат
Түзу бойындағы бір қалыпты қозғалыс
Өзен бойындағы қозғалыс
Шеңбер бойындағы қозғалыс
3. Жұмыс және еңбек өнімділігіне берілген мәтіндік есептер -3 сағат
Жұмыс және еңбек өнімділігін анықтау
Бір мезгілде әртүрлі трубалармен толтырылатын бассейндер туралы есептер
4. Процентке,пропорцияға берілген мәтіндік есептер- 3 сағат
Процентке берілген экономикалық есептер
Проценттің күрделі өсу формуласы
Процентке берілген экономикалық есептерді алгебралық тәсілмен шешу
5. Арифметикалық амалдардың компоненттерінің арасындағы байланысты анықтауға берілген
Достарыңызбен бөлісу: |