В бөлімі тоқсанның жиынтық бағалау спецификациясы


Оқылым Мәтіндерді мәнерлеп оқып, төмендегі тапсырмаларды орындаңыз



бет2/2
Дата10.03.2020
өлшемі161,5 Kb.
#59815
1   2
Байланысты:
В бөлімі. Кабдрахметова А.Б.


Оқылым

Мәтіндерді мәнерлеп оқып, төмендегі тапсырмаларды орындаңыз.

1 - мәтін

дереккөзі: А.Ш. Бектурова, Ш.К. Бектуров казахский язык для всех, Алматы «Атамұра» 2004ж. 277 бет (мәтін бейімделген).

Сауда - күнделікті өмірдің маңызды бөлігі. Әр қалада көптеген дүкендер бар. Мен үлкен сауда орталығының жанында тұрамын. Ол кең заманауи 4 қабатты ғимаратта орналасқан. Бір шатырдың астында көптеген дүкендер орналасқан. Бірінші қабатта, үлкен супермаркет бар. Екінші және үшінші қабаттарда дүкендер бар. Маған бұл сауда орталығы ұнайды, себебі мұнда бәрін сатып алуға болады.

Мен демалыс күні сауда жасауға тырысамын. Әрбір сауда орнында жеке сатушылар жұмыс істейді. Олар кез-келген керек затыңызды табуға көмектеседі. Ол үшін сіз сауда жасай білуіңіз керек. Сіз сауда жасамас бұрын өзіңізге ұнаған қажетті затты таңдап аласыз. Сауда жасау көңіл-күйді жақсартады.

(92 сөз)


2 - мәтін

дереккөзі: https://ertai.kz/blog/elektrondi-saudanin-bolashagi-turaly.html (мәтін бейімделген).

  • Құрметті Арман Саматұлы, электронды сауда туралы не айта аласыз?

  • Электронды сауда дегеніміз ғаламтор арқылы сатып алынатын және сатылатын барлық тауарлар мен қызметтер. Қазір ғаламтордың мүмкіндігі алға жылжыды. Қазақстанда ғаламтор арқылы сауда жасайтындар саны жоғары қарай өсті.

  • Арман Саматұлы, Қазақстанда ғаламтор арқылы көбіне не сатып алынады?

  • Қазақстанда ғаламтор арқылы ең көп сатып алынатын тауарлардың бірі – темір жол билеттері.

  • Ал, ғаламтор арқылы сауда жасау қай жылдан басталды?

  • Ғаламтордан сауда жасау 1995 жылдан кейін шыға бастады. Қазір электронды сауда барған сайын даму үстінде.

(86 сөз)
1. Екі мәтінді салыстырып, ортақ тақырыпты анықтаңыз.

A) сауда жасау

B) сауда орталығы

C) электронды сауда

D) ғаламтор мүмкіндіктері

[1]
Мәтіндерде көтерілген мәселелерге баға беріңіз.

2. Сауда - күнделікті өмірдің маңызды бөлігі. Неге?
[1]
3. Қазір электронды сауда барған сайын даму үстінде. Неге?
[1]
4. Қазіргі уақытта ғаламтордың мүмкіндігі алға жылжыды. Неге?

________________________________________________________________________

[1]
5. Мәтіндерді салыстырыңыз. Ұқсастығы мен айырмашылығын анықтаңыз. Кестені толтырыңыз.

1 - мәтін

2 - мәтін

Стилі







Жанры







[1]

Жазылым

Екі сұрақтың біреуін таңдап, жауап жазыңыз. Жауабыңызда публицистикалық стильді сақтаңыз. Болжалдық және бөлшектік сан есімдерді орынды қолданыңыз. Таңдаған сұрақтың шаршысына (+) белгісін қойыңыз.

1 Сауда жасай білесіз бе?

Сіздің мектебіңізде Наурыз мерекесінің қарсаңында қайырымдылық жәрмеңкесі өткізілетінін елестетіңіз. Мектеп газетіне осы жәрмеңке туралы пікір жазыңыз.


2 Білім. Ғылым. Инновация.

Қазіргі заманда ұялы телефонсыз жұмыс істеу, істі бітіру мүмкін емес. Жастар да, ересектер де бір-бірімен телефон арқылы күні-түні сөйлесумен болады. Кішкентай балалардың да қолынан түспейтін ойыншыққа айналған. Осы ұялы телефонның пайдасы мен зияны жайында мектеп сайтына мақала жазыңыз.

[10]
Айтылым

Берілген тақырыптардың біреуін таңдаңыз. Тұрақты тіркестер мен көркемдегіш құралдарды, еліктеу сөздерді орынды қолдана отырып мәтін құрастырыңыз. (әр оқушыға 2 минут)


Тақырыптар:

1 Электр қуатын болмаса, не болар еді?

2 Электр құралдарының пайдасы.

3 Мектептегі жаңа ақпараттық технологиялар.

4 Менің электронды күнделігім.

5 Сауда орталығындағы мәдениеттілік.

6 Сауда жасай білу – өнер.

[10]
Балл қою кестесі

Тыңдалым

Сұрақ

Жауап

Балл

Қосымша ақпарат

1

А, B, С

1




2

D

1




3

1-B, 2-D, 3-C, 4-A

1




4

1-B, 2-C, 3-A

1




5

Рентген

1

Оқушының жауабы ескеріледі

Барлығы




5



Оқылым


Сұрақ

Жауап

Балл

Қосымша ақпарат

1

А

1




2

Өйткені, күнделікті керек заттарымызды біз сатып аламыз. Ол үшін сауда жасай білу керек.

1

Оқушының жауабы қабылданады

3

Өйткені, Қазақстанда ғаламтор арқылы сауда жасайтындар саны жоғары қарай өсті.

1

Оқушының жауабы қабылданады

4

Өйткені, қазіргі уақытты сатып алынатын және сатылатын барлық тауарлар мен қызметтер ғаламтор арқылы орындалады.

1

Оқушының жауабы қабылданады

5




1 - мәтін

2- мәтін

Стилі

публицистикалық

публицистикалық

Жанры

мақала

интервью




1






Барлығы




5



Жазылым


Балл

Мазмұны мен дұрыс жазылуы (5 балл)

Тілі (5 балл)

5

Өте жақсы

Жауап толық, нақты негізделген және өте жақсы суреттелген, қарапайым және күрделі идеяларды тиімді ашады. Эссенің құрылымы мен жазылуы жоғары деңгейде, негізгі және қорытынды бөлімдері нақты жазылған, келтірілген аргументтері байланысқан және мазмұнын ашады.



Өте жақсы

Сабақтас құрмалас сөйлемдерді дұрыс және сәйкес келтіріп жазған, сөздік қоры мол, стильдік қолданысы өте дұрыс. Нақты және жүйелі, елеусіз қателері бар.



4

Жақсы

Көптеген түрлі мысалдар мен сілтемелерді қолданған жауап, қарапайым және кейбір күрделі идеяларды ашады. Жалпы эссенің идеясында логикалық дамуы жақсы жазылған, аргументтерді қолдануы мен қорытынды жасау қабілеті көрінеді.



Жақсы

Грамматикалық формаларды көбіне сәйкесінше жақсы қолданады. Түрлі лексикалық минимумды қолдануға тырысады, сөздік қоры жеткілікті, стильдік қолданысы дұрыс. Жалпы нақты, елеусіз қателері ақпарат беруге кедергі келтірмейді.




3

Қанағаттанарлық Жауапта бірнеше мысалдар келтірілген, бірақ барлық жағдайда негізді емес, қарапайым идеяларды ашқанымен, суреттеуі аз. Эссе дұрыс жазылған, бірақ кей кезде аргументтері логикалық жағынан дамытылмаған.

Қанағаттанарлық

Қарапайым грамматикалық формалар мен күнделікті лексикалық минимумды қолданады, сөздік қоры жеткілікті, стильдік қолданысы көп жағдайда дұрыс. Көбіне нақты, қателері бар, бірақ ақпарат беруге кедергі келтірмейді.



2

Төмен

Негізгі тақырыпты ашуға тырысады, бірақ көптеген қателіктер мен сәйкессіздіктер кетіреді, тек қарапайым идеяларды ашады. Эссенің құрылымы шектеулі, аргументтері дамымаған.



Төмен

Сөздік қоры шектеулі, жай сөйлемдерді қолданады, қайталаулар көп, сөздік қоры мен стильдік қолданысы жеткіліксіз. Орфография мен негізгі грамматикалық формалар қате қолданылған, мағынасы кейде түсініксіз.



1

Өте төмен

Жауап түсініксіз, тақырыпқа байланысты сілтемелер аз, сұраққа жауап бермеді. Эссенің құрылымы мен аргументтерді қолдануы төмен деңгейде, идеялары жүйесіз.



Өте төмен

Тек қарапайым сөйлемдер мен шектеулі сөздік қорды қолданады, көп құрылымдары аяқталмаған және қате. Көптеген қателіктер кетірген, түсінуге қиындық келтіреді.



0

Жауап жоқ

Жауап жоқ

Айтылым


Балл

Негізгі ойды ашуы (5 балл)

Сөз қолданысы (5 балл)

5

Күрделі идеялар мен тұжырымдамаларды өте жақсы түсіндіреді және ашады. Өз көзқарасын жүйелі және нақты дәлелдермен көрсетеді. Қажетті ақпаратқа дұрыс талдау жасайды және бағалайды.

Жауабы нақты және орынды. Кездейсоқ немесе кішігірім қателіктер кетіреді.

Кішігірім қателіктер түсінуге кедергі келтірмейді.




4

Қүрделі идеялар мен тұжырымдамаларды нақты тауып ашады және түсіндіреді. Өз көзқарасын көбіне жақсы дәлелдермен келтіреді. Қажетті ақпаратты жалпы алғанда талдайды және бағалайды

Жауабы көбіне нақты, тіл қолданысында кездейсоқ қателіктер кетіреді.
Қателіктер түсінуге кедергі келтірмейді.

3

Қарапайым идеяларды ашады және түсіндіреді. Өз көзқарасын дәлелдеуге негіз шамалы. Қажетті ақпаратты талдау мен бағалауы қанағатсыз.

Жауабы нақты, тіл қолданысында қателіктер кетіреді. Жалпы қателіктер түсінуге кедергі келтірмейді.

2

Қарапайым ойларды түсіндіреді, негізгі ойды ашуы шектеулі. Өз көзқарасын бірнеше дәлелмен немесе дәлелсіз жеткізеді. Қажетті ақпаратты талдауға және бағалауға тырысады, бірақ көбіне сәтсіз.

Қарапайым сөз қолданысында анық қателіктер кетіреді.
Қателіктер түсінуге біршама кедергі келтіреді.

1

Өте аз ой жеткізеді, түсініксіз немесе негізгі ойлар ашылмаған. Тек негізгі ақпаратты береді. Көбіне ақпарат қажетсіз.

Жиі қате кетіреді. Қателіктер түсінуге кедергі келтіреді.

0

Идеясын, ойын жеткізе алмайды.

Сөз қолданысы сәйкес емес.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет