«МАЗМҰНДАМАНЫҢ»
КІТАПТАРЫНА
ТАПСЫРЫС БЕРУ ҮШІН
8-775-233-72-57
66
секілдіміз, – деп ол сөзін жалғады. – Қане, онда бас-
қа жерлерден іздестірейік. Оны жоғалған әмияннан
таппадық. Сондай-ақ ол ойын үстелі маңында да
бола қоймады. Атжарысты алсақ,
сендерге ашығын
айтуым керек, ондағы ойыннан өмірімде ұтқаным-
нан ұтылғаным көп.
Ал енді өз кәсібімізге назар аударайық. Қайдағы
бір, кейде бар, көбіне жоқ сәттіліктен гөрі,
өз еңбегі-
міздің адал қайтарымына иек артайық, басты таби-
ғи табыс қайнары сол ғой, бұл орайда сәттілік емес,
таза еңбек өз жемісін береді. Менің пайымдауымша,
Құдайдың сыйлығына жаутаңдап отыру жөнсіз.
Бәлкім, ол бізге өзінен ешбір қайыр күтпеген кезде
көмектесетін шығар. Бұған кімнің алып-қосары бар?
Ақ киімді егде саудагер орнынан тұрды:
–
Сенің рұқсатыңмен, құрметті Аркад, мен мы-
наны айтқым келеді: егер сен айтқандай, біз тек өз
күшіміз бен
қабілетімізге ғана сене алсақ, онда қо-
лымызға түсіп тұрып, сусып кеткен табыстар жөнін-
де әңгіме өрбітейік. Нағыз сәттілік – өте сирек құбы-
лыс, бұған керісінше сәтсіздік, яғни қолдан сусыған
сәттілік жайын көбіміз де айта алар едік.
– Мағыналы ой, – деді Аркад келісіп. – Араларың-
да қолына қонып тұрған
бақыт құсын қапелімде
ұшырып алғандар бар ма?
Көп қол көтерілді, ішінде әлгі саудагердің де қолы
бар.
– Өзің бастадың, енді бірінші сөз кезегін саған бе-
реміз. – Аркад осындай ұсыныс білдірді.
– Бір
оқиғаны қоспасыз айтып берейін, – деді сау-
дагер.– Бұл жай адамның сәттілікке қолсозымдай