a+b=b+a
(a+b)+c= a+(b+c).
Екі вектордың айырмасын қосу амалына кері амал арқылы анықтауға болады. Мысалы, а векторынан b векторын шегергенде шығатын айырма вектор деп, өзін b векторына қосқанда а векторы шығатын с векторын айтады:
b+c=a , a – b =c .
Екі вектордың айырмасын табу үшін екеуінің бастарын беттестіріп, ұштарын қосады. Егер осы кесіндінің бағытын азайтқыш вектордан азайғыш векторға қарай алса, сол вектор айырма векторы болады.
Егер векторлар бір немесе паралель түзулерде жатса, оларды коллинеар векторлар дейді. Олардың бағыттары не бірдей, не қарама-қарсы болады.
Векторларды скалярға көбейткенде берілген векторға коллинеар вектор шығады, яғни λ а векторы а векторына коллинеар. Егер λ>0 болса, онда а мен λа векторларының бағыты бірдей, ал λ<0 болса, а мен λа-ның бағыттары қарама-қарсы болады. Векторды λ скалярына көбейткенде бастапқы вектордың ұзындығы|λ| шамасына көбейтіледі, яғни |λ|>1
болса, берілген вектор ұзарады, ал |λ|<1 болса, вектор – қысқарады.
Вектор мен скаляр көбейтіндісінің төмендегідей қасиеттері бар:
λa=aλ, 3) λ(а)=(λ)а,
3) λ(a+b)=λa+λb, 4) (λ+)а=λа+1>0>
Достарыңызбен бөлісу: |