Курстық жұмыстың өзектілігі: Вектор ұғымы орта мектептің геометрия оқулығында 9-10 сыныптарда оқытылады. Геометрия курсында векторлар тақырыбына аз уақыт беріледі. Болашақ математика мұғалімі математиканы оқытудың жалпы заңдылықтарын, әдістемелік зерттеулерді, оқытудың әр түрлі әдіс-тәсілдерін, есептер шығаруда қолдана білуді қажет етеді. Есептерді шығаруда векторлық әдісті қолдану тақырыптың өзекті мәселесі болып отыр.
Курстық жұмыстың мақсаты:Математика курсындағы есептерді шығаруда векторлық әдісті пайдаланып шешудің әдіс- тәсілдерін үйрету.
Оқушылардың теорияда алған білімдерін, ақыл-ой белсенділігін, шығармашылық қабілеттерін, дағдыларын қалыптастыру және ойлау қабілеттерін дамыту.
Курстық жұмыстың міндеттері: -векторлық әдіс пен координат әдісі арасындағы байланысты зерттеу;
-векторлық әдісті нақтылы теорияға сүйене отырып, есептер шығару барысында дәлелдеу.
Зерттеу нысаны: Мектеп математикасын оқытуда векторлық әдісті есептерді шығаруға қолдану
Курстық жұмыстың жаңалығы: Оқушыларды математика курсы бойынша алған теориялық білімін, дағдыларын қалыптастыру және өз бетімен алған білімін практикада тиімді пайдалану.