«Ветеринарлық медицина» кафедрасының 3 –ші курс студенттерінің 6-ы семестрінде 6В09111-«Ветеринариялық медицина» мамандығы бойынша


Жоғарғы тыныстану жолдарын зерттеу



бет39/116
Дата24.11.2022
өлшемі1,31 Mb.
#159726
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   116
Байланысты:
терапия лекция-1

Жоғарғы тыныстану жолдарын зерттеу
Сабақтың мақсаты: танаудан бөлінген сұйықты және шыққан ауаны зерттеу тәсілін үйрену, танаудың кілегейлі қабығын, жоғарғы жақ және маңдай қуыстарын, ауалы қапшықтарды, көмей және кеңірдекті зерттеу үшін жалпы қолданылатын тәсілдермен танысу, қалқанша безді, жөтелді, қақырықты зерттейтін тәсілдерді үйрену.
Қажетті құрал-жабдықтар: танау айнасы, көз айнасы, рефлектор, риноскоп, ларингоскоп, нұқу балғашықтары, плессиметр, бұғау, танау қысқышы, фонендоскоп, ақ жапқыш. Жылы су вазелин майы.
Жануарлар: сиыр, жылқы, ит.
Танаудан бөлінген сұйықты зерттеуді алдымен танау тесігін зерттеуден бастайды (танау тесігінің үлкеюі немесе кішіреюі мүмкін), сонан соң танаудан бөлінген сұйықты қарау, иіскеу және қажет болса микроскоптың көмегімен зерттеуге кіріседі, сау малдарда танаудан сұйық ағу байқалмайды немесе өте аз мөлшерде бөлінеді, бейнебір сулы немесе сулы кілегейлі болып келеді, ол малдың танауын тілімен жалауы және түшкіруімен жойылып отырады.
Танаудан сұйық ағу байқалса, онда оның мөлшерін, бір жақты немесе екі жақты екенін және оның қасиеттерін (консистенциясын, қоюлығын, түсін, иісін, мөлшерін) анықтайды.
Сұйық ағудың аз мөлшерде болуы (бронхы, өкпе, танау, кілегейлі қабығы қабынғанда) немесе мүлдем көп болуы мүмкін (жұтқыншақ қабынғанда, салданғанда, танау жіті қабынғанда, бронхылардың диффузиялық қабынуында, өкпе ісігінде). Танаудан бөлінген сұйықтың толастамауы (танау қуыстары қабынған кезде, бөлініп-іркіліп ағуы қосалқы қуыстар мен ауалы қапшық қабынғанда) кездесуі мүмкін.
Ауру малдарда кейде өкпеден, кеңірдектен, көмейден, жөтелген кезде қан, қанды қақырық, сұйық бөлінеді, ал қосалқы қуыстардан мал басын еңкейткен кезде байқалады.
Қабыну сипатына қарай танаудан бөлінген сұйық-сулы, сулы-кілегейлі іріңді-кілегейлі, іріңді-қан араласқан сасық иісті болады.
Консистенциясына қарай сулы, сұйық, қою, қаймақ тәріздес, созылғыш, жабысқақ болады.
Танаудан бөлінген сұйық түссіз немесе ақшыл-сұр, сұрлы-сары, жасыл, сары-қызғыштау (қан араласқанда), лайлы болып крупозды пневмонияда, жылқы плевропневмониясында байқалады.
Танаудан бөлінген сұйықтың иісі қабыну түріне байланысты. Демек сулы және кілегейлі танау сұйығында иіс болмайды, ал іріңді танау сұйығының иісі тәтті тартып тұрады. Өкпе гангренасында (шірігенде) сасық шіріген иісті, құсқан кезде қышқылдау болады.
Танау сұйығында кепіршіктің болуы өкпе ісігінде, өкпеден қан аққанда, кілегейлі және түкірік жұтқыншақ қабынғанда, өңеш бітеліп немесе жабысып қалғанда (тамақ қалдықтары), жұтқыншақ қабынғанда, құрттар, оқалақ личинкалары, фибринді пленкалар, көмей және кеңірдек фибринозды қабынуында кездеседі.
Микроскоппен көру арқылы танау сұйығында эпителиалді торшалар, лейкоциттер (қанның ақ түйіршіктері), эритроциттер (қанның қызыл түйіршіктері) және фибрин пленкасын өкпе, бронх, кеңірдек, көмей қабынғанда эластикалық жіпшелер (өкпе гангренасында туберкулездің ашық түрінде), құрттардың жұмыртқаларын, әр түрлі микроорганизмдер мен басқа заттарды көріп анықтауға болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   116




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет