«Ветеринарлық медицина» кафедрасының 3 –ші курс студенттерінің 6-ы семестрінде 6В09111-«Ветеринариялық медицина» мамандығы бойынша


Жоғарғы жақ және маңдай қуыстарын зерттеу



бет41/116
Дата24.11.2022
өлшемі1,31 Mb.
#159726
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   116
Байланысты:
терапия лекция-1

Жоғарғы жақ және маңдай қуыстарын зерттеу. Жоғары айтылған қуыстарды зерттеу, қарау, нұқу және сипау тәсілдерін қолдану арқылы жүргізіледі. Керек болған жағдайда арнайы тәсілдер қолданылады, оларға эндоскопия, рентгеноскопия, рентгенография, қуысты нысаналы тесу, бұрғылау. Қарау кезінде назарды бірінші жоғары жақ және мандай қуыстары шеңберіне аударады. Кейде қуыс аймақтарында ісіктер көлемінің үлкейгендігі ұстап көргенде сүйегінің жұмсарғандығы байқалады. Мұндай құбылыстар кілегей қабық, аумақ терілері қабынғанда, рахитте және остеомаляцияда кездеседі. Сипау кезінде қуыс аймағындағы ұлпалардың сезгіштігін және қызуын анықтайды. Тері қимылының төмендеуі ұлпалардың қызу сезгіштіктерінің жоғарылауы, ісінуі қуыстардың қабынуы салдарынан болады. Сонымен бірге қуыстардың сүйек қабырғасының бүтіндігін, консистенциясын және басқа да өзгерістерін анықтайды. Қуыстардың сүйек қабырғасының саусақ астында майысу эмфиземада, ісіктерде, рахитте болады. Қуыстарды перкуссиялау бүтілген сұқ саусақпен немесе перкуссия балғашығымен жүргізіледі. Асау малды тексеру кезінде зерттеу жүргізіліп жатқан жақтағы көзін жауып тұрады, жақындатпаған жағдайда ерніне бұрау салады. Дені сау малдан сыбырлы тықылдаған ерекше бәсендеу тимпаниялық дыбыс естіледі.



Маңдай қуысын перкуссиялау:А-жылқыны саусақпен;
Б- ірі қара малды балғашықтың шүйдесімен


Жоғарғы жақ (экссудаттың деңгейі шықшыт доғасынан жоғары болса) және маңдай қуыстары эмфиземасында, қуыстардың қабырға сүйектері қалыңдап кеткенде сыбырлы дыбыс естіледі. Жоғарғы жақ қуысына эндоскопияны қараңғы бөлмеде риноскоп немесе ларингоскоп аспабының көмегімен жүргізеді.
Дені сау жылқыларда бұл кезде қуыстардың сыртқы қабырғасының тым қызарғаны байқалады. Эмпиемада қара көлеңке болып тұрады, ал ісіктерде қара көлеңке оның пішініне сәйкес болыптұрады.
Ауалы қапшықтарды зерттеу. Жылқыда және басқа тақ тұяқты малда ауалы қапшықгы зерттеу үшін қарау, сипау, перкуссиялау және арнайы эндоскопия, рентгеноскопия, рентгенография, сыналы тесу тәсілдерін қолданады.
А уалы қапшықты қарағанда оның аумағына назар аударамыз, ол құлақтың түбіне орналасқан, ал оның сыртқы пішіні үшбұрышты болып келеді, яғни жоғарғы жағы төменгі жақ доғасымен, ал артқы жағы (атлант) ауыз омыртқасының қанатымен шектелген.
Ауалы қапшық көлемінің үлкеюі, ауалы қапшық қабынғанда (аэроцистит) немесе ауа мен сұйық шектен тыс толғанда байқалады. Ауалы қапшықтың ішінде экссудат жиналған жағдайда, малдың басын еңкейткенде немесе ауалы қапшықты уқалап басқанда танаудан су аққаны және ауалы қапшықтың көлемі кішірейгені байқалады. Сипау арқылы көлемінің өзгеруін, қалыпты жұмсақтығын, ішіндегі судың деңгейін, ауырсынуын, қызуын анықтайды. Перкуссия тәсілін жүргізу үшін, перкуссия балғашығы көмегімен ауалы қап сыртынан тығыз орналастырған темір төсенішті (плессиметр) соғу арқылы анықтайды, дені сау малдарда перкуссиялау кезінде сыбдырлы, тыңқылдаған дыбыс естіледі. Ал егер де қапшыққа экссудат су жиналған жағдайда-сыбырлы дыбыс, ауа толғанда шыңқылдаған ащы дыбыс естіледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   116




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет