«Ветеринарлық медицина» кафедрасының 3 –ші курс студенттерінің 6-ы семестрінде 6В09111-«Ветеринариялық медицина» мамандығы бойынша



бет44/116
Дата24.11.2022
өлшемі1,31 Mb.
#159726
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   116
Байланысты:
терапия лекция-1

Ылғалды жетел - тыныстану жолдарында сұйық экссудат жиналған кезде пайда болады.
Құрғақ жөтел - қою, созылмалы, созылыңқы экссудат жиналғанда пайда болады. Дауыс сіңірінің және көмейдің кілегейлі қабығы ісінгенде жөтел қырылды, ит үруі тәрізді болып келеді. Жөтел кезіндегі ауырсынуды малдың мінез-құлқына қарап анықтайды.
Мал ауырсынып жөтелгенде мойнын созып, басын шайқап, бос жұтынып, алдыңғы аяғымен жер тарпып, ыңырсынып, мазасызданады.
Плевраның, көмейдің, кеңірдектің, бронхтың кілегейлі қабығы қабынғанда, көмей ісінгенде малдарда ауырсынып жөтелу байқалады.
Көмей мен бронхтың кілегейлі қабығының қабынуы ұзақ, созылмалы болғанда малда жөтел кезінде ауырсыну байқалмайды.
Қақырықты зерттеу. Қақырық троакардың көмегімен кеңірдекті тесу арқылы алынады, сымға оралған мақтаны (тампонды) гильзаға салып немесе Габриолавичус аспабының көмегімен малдың ауызы арқылы алуға болады. Кейде малдың аузын ашып, ауыз кергішті салып, қолмен жасанды жөтел тудырады, жөтелден кейін көмейдегі кілегейді тампонмен жинап алады. Кемей мен кеңірдектің кілегейлі қабығынан жинап алған қақырықгы микроскопиялық, ал қажет болса бактериологиялық зерттеуден өткізеді.


Көкірек қуысын зерттеу
Сабақтың мақсаты: көкірек қуысын зерттеудің жалпы тәсілдерің, өкпенің шекарасын және ондағы нұқу кезіндегі пайда болатын дыбыстардың сипатын анықтауды үйрену, көкірек қуысын тыңдаудың тәсілдерін іс жүзінде үйреніп алу.
Қажетті құрал-жабдықтар: секундомер, перкуссия балғашығы, плессиметр,тындауға арналған, стетоскоп және фонендоскоптар.
Жануарлар: сиыр, жылқы, ит, қоян (сау және тыныстану ағзалары ауруларына шалдыққан малдар).
Көкірек қуысын қарау. Қарау арқылы көкіректің сырт пішінін, түрін, тыныс алу санын, тыныс алу тереңдігін, күшін, тепе-тендігін және ырғағын анықтайды. Көкірек қуысының сырт пішінін, көлемін және көкірек қимылын анықтаудың ауруды анықтауда үлесі өте зор. Оларды көкірек торшасының қаптал жақтарын және артқы жағынан қарау арқылы анықтайды. Бұл кезде малдың түрін, тұқымын, жасын, қондылығын, дене пішінін ескеру керек. Көкіректің кең және терең болуы өкпе сиымдылығының қызметінің жақсы екендігін білдіреді, ал оның қысылыңқы, басылыңқы болып келуі малдың өкпе ауруларына шалдыққанына күдіктендіреді және оның өрбуіне өте қолайсыз әсерін тигізеді. Көкіректің сырт пішінінің өзгеруі кейбір аурулар себебінен болуы мүмкін, мысалы рахит, остеодистрофия, өкпе эмфиземасы, омыртқаның қисаюы және т.б.
Екі жақты симметриялық кеңеюі (дөңгелек тәріздес) өкпенің альвеолярлық эмфиземасында байқалады, ал оның бір жақты кеңеюі, қақпақты пневмотораксте, бір-жақты плевритте кездеседі.
Көкірек көлемінің кішіреюі жұқа көкірек өкпенің екі жақты ателектазында, өкпе туберкулезінде, рахитте байқалады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   116




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет