Өкпе фистуласының шуылы (қырылдаған және бұрқылдаған) шуыл өкпеде ашық каверна пайда болғанда байқалады, яғни каверна фистула арқылы сұйық экссудаты бар плевра қуысымен байланысады.
Өкпе фистуласының шуылы дем алған кезде естіледі. Оның пайда болуы былай түсіндіріледі: ауа бронхы, каверна, фистула арқылы плевра қуысына енеді, жол бойы оңдағы сұйықтар арқылы өтіп қырылдаған шуыл естіледі, әдетте малда плевра қуысында ауа жиналуы салдарына байланысты пневматоракске әкеп соқтырады.
Плегафония, көкірек қуысын сынаматесу, графикалық және
функционалдық тексеру әдістері
Сабақтың мақсаты: кеңірдекті перкуссиялау тәсілін үйрену-плегафония. Көкірек қуысын тесу тәсілінің техникасымен танысу, пневмо және ринография тәсілдерін игеру.
Қажетті құрал-жабдықтар: плессиметр, перкуссия балғашығы, фонендоскоп, тыңдауға арналған ақ жапқыш, секундомер, қайнатылған ине, шприц, көкірек қуысын тесуге арналған Купер қайшысы, спирт-эфир, 5 % - йодтың спирттік ерітіндісі, пневмографтар, резина түтінінде, шыны воронкалар, кимографтар.
Жануарлар: сиыр, жылқы, ит.
Кеңірдекті перкуссиялау - плегафония. Плегафонияны экссудативті плеврит пен ала өкпені дифференциалдық ажырату мақсатында қолданады. Зерттеу техникасы мынадай: көмекші малдың кеңірдегіне плессиметрді (темір төсеніш) төсеп перкуссия балғашығымен ырғақты бірдей күшпен соғады. Бұл уақытта зертеуші көкірек қуысының бөліктерінде перкуссия кезіндегі сызданған сыбырлы дыбыс шыққан аймағын тындайды.
Көмекші мал кеңірдегінен балғашықпен жоғарыдай ырғақпен соққан кезде шыққан дыбыстың күшін анықтайды. Экссудативті плевритте кеңірдекті перкуссиялау кезіндегі дыбыс көкірек қуысында өте әлсіз және сау малға қарағанда ұзақтан естілген сияқты болып жетеді немесе мүлдем естілмейді.
Ал фибринозды пневмонияда дыбыс көкірек қуысында перкуссия кезінде үнсіз сыбдырлы дыбыс естілген аумақта жақсы естіледі.
Көкірек қуысын тексеру мақсатымен сынама тесу.Бұл зерттеу тәсілі көкірек қуысына сұйық жиналғанына күмән туған кезде қолданады. Оны жиналған сұйықтың сипатын анықтау (транссудат, экссудат, қан, эхинокок шарының ішіндегі сұйық) және оны қуыстан аластау мақсатымен қолданады.
Тесуді сыртқы көкірек венасынан неғұрлым жоғары сыбдырлы перкуторлы дыбыс аумағында жүргізеді. Жылқыда сол жағында жетінші қабырға аралығында оң жағында алтыншы, күйіс қайтаратын малда және шошқада сол жағында алтыншы, оң жағында бесінші қабырға аралығында теседі, бұл кезде ірі малды тұрған күйінде байлайды, ал ұсақ малды отырғызады. Тесетін жердің жүнін қырқып, қырып, терісін спиртті эфирмен сүртіп, 5 %-дық йодтың спиртті ерітіндісін жағады. Тесу үшін жуан (стерильді) қайнатылған шприцке қосылған ине қолданылады. Оны жоғарыда айтылған қабырғаның алдыңғы жағынан, алдын-ала терісін артқа немесе алға жылжытып енгізеді.
Инені үлкен малға тереңдігі 2-4 см-ге дейін, ал ұсақ малға 1-2 см-ге дейін енгізеді. Иненің оңай жылжуы қуысқа енгендігін білдіреді. Сонан соң шприцпен жайлап плевра қуысындағы сұйықты қажетінше сорып алады. Шприцті ағытпай инені суырып алады. Ал терісін бұрынғы қалпында қалдырады. Керек болған жағдайда алынған сұйыққа физика-химиялық, микроскопиялық зерттеулер жүргізеді. Тесу кезінде асептика, антисептика ережелерін сақтау қажет.
Достарыңызбен бөлісу: |