«Ветеринарлық медицина» кафедрасының 3 –ші курс студенттерінің 6-ы семестрінде 6В09111-«Ветеринариялық медицина» мамандығы бойынша



бет50/116
Дата24.11.2022
өлшемі1,31 Mb.
#159726
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   116
Байланысты:
терапия лекция-1

Бронхиальді тыныс - көмей қысылғандағы дыбыстың өзгеруіндей болып келеді, дыбыс бронхтарға дейін жеткен және көкірек клеткасында естіледі, ол "X" әрпінің айтқан кездінегі дыбысқа ұқсайды, күшті, терең тыныс алған және терең тыңыс шығарған кезде байқалады. Қалыпты жағдайда бронхиалды дыбыс (үрмелі шуылмен араласқан) көкірек куысында жауырын мен иық тұсында жылқы, есек, қашыр және түйеден басқа барлық малда естіледі.
Бронхиальды тыныс дем шығару және дем алу фазасында естіледі. Қосалқы тыныс шуылы өкпеде немесе плевра қуысында кез-келген бір патологиялық құбылыстың өрбіп келе жатқанын білдіретін көрсеткіш болып табылады. Қосалқы тыныс шуылына мыналар жатады: бронхиады патологиялық, амфорлы және аралас тыныс, құрғақ ылғалды және шытырлаған, сырылдар менқырылдар, крепитация және плевра үйкелісінің шуылы, шалпыл және басқа шуылдар.
Бронхиальды патологиялық тыныс көкірек қуысында өкпенің нығыздалған бөліктері бар жерде тыңдалады, бірақ бронхылар өткізу қабілетін өзгертпеген. Әдетте бұл жерде нұқу кезінде үнсіз бәсең дыбыс естіледі. Бронхиальды тыныс екі тыныс алу фазасында естіледі. Ол ала өкпеде, бронхопневмонияда, экссудативті плевритте және гидротораксте горизонтальді сызданған сыбдырлы сызықтың үстінде кездеседі. Амфорлы дыбыс өкпеде қуыс бар екендігін білдіреді және бұл қуыс тегіс, жұмсақ, қабырғалы болып бронхы түтікшелері арқылы сыртқы ортамен байланыста болады. Мұндай тыныс өкпеде қуыс болғанда, өкпеде туберкулез және гангренаның болу салдарынан қуыс пайда болғанда, аса үлкен бронхоэктазда, ашық пневмоторкста кездеседі.
Аралас немесе бронховезикулярлы тыныс кезінде үрмелі және бронхиальды тыныстың белгілері бар болуымен сипатталады. Мұндай тыныс өкпенің қалыпты жағдайдағы ұлпасының қасында, үрмелі тыныс өкпе ұлпасы тығыздалған бөлігінде, бронхиалды тыныс қабаттасқанда естілетін құбылыс. Бұл тыныс шектелген пневмонияда, инфилтрациялы туберкулезде байқалады. Құрғақ сырылдар бронхы түтікшелері тарылғанда, кілегей қабықтың қабыну салдарынан, бронхоспазмда, бронхтың жақын жатқан ұлпалар мен лимфа түйінімен сығылған жағдайда болады. Бұл жағдай бронхы түтікшесінде қою, созылмалы, жәй қозғалатын сырқат экссудаттың жиналуынан болуы да мүмкін. Құрғақ сырылдар үлкен бронхыларда төмен дыбыспен естіледі, гуілге немесе шуылдаған дыбысқа ұқсас, ал ұсақ бронхыларда ысқырғанға,шытырлағанға сәйкес жоғары дыбыс естіледі, Көбінесе құрғақ сырылдар бүкіл тыныс алу, тыныс шығару фазасы естіледі. Құрғақ сырыл айқынырақ болып дем алудың ең жоғарғы сатысында байқалады. Бұл сырыл бронхитте, туберкулезде, өкпенің альвеолярлы эмфиземасында, диктиокаулезде кездеседі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   116




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет